Кәсіби құзыреттілік - тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлығының бірлігі. Маманның жұмыс мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуы, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігі, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығы.
Мәдениет – қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі үдерісінде қалыптасатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті, бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.