Педагогикалық парадигма-нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі.
Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Рефлексия - адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін бағалауы.
Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.