Таусоғарова А



бет8/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Тақырыптары: Когнитивтік лингвистикадағы ғылыми қағидалардың бастамалары.

  • Тілдің когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастырылу сипаты.

  • Категоризация когнитивтік лингвистиканың негізі ретінде.

  • Семантика және когнитивтік лингвистика. Когнитивтік лингвистика табиғи тілді зерттеуге бағытталады, бұл орайда тіл ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде, сондай-ақ адамның танымдық қабілетінің бір түрі ретінде түсініледі. Тілдің формалды құрылымы категоризациялау заңдары мен жалпы ұғымдық ұйымдасулардың көрінісі ретінде қарастырылады. Когнитивтік лингвистика көбінесе Э. Роштың жүргізуімен өткен тілдегі категоризацияны психолингвистикалық зерттеулер негізінде қалыптасты. Когнитивтік лингвистика өзара айтарлықтай айырмашылықтарға ие конепциялар мен тіл теориясын біріктіреді. Когнитивтік лингвистиканың басты өкілдері: Р. Джакендофф, Дж.Лакофф, Р. Лангакер, Л.Талми. Когнитивтік лингвистикада семантика басты орын алады, ал мағына негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Когнитивтік лингвистикадағы басты теориялық мәселелердің бірі – семантиканың шындықпен сәйкестігі мәселесі. Лингвистикалық мағына шындықпен тікелей байланысты, бірақ шындық ерекше бейнеде ой елегінен өткізілген, тармақталған және бұл жай адамның танымдық қабілетімен бірге түрлі мәдениет ерекшелігіне негізделген. Когнитивтік лингвистика тұрғысынан келесі мәселелерді атап көрсетуге болады: лексиканы зерттеуді категоризациядағы табиғи тәсіл ретінде қарастыру. Когнитивист ғалымдарды прототиптілік, жүйелі полисемия, когнитивтік моделдер мен әмбебап когнитивтік тәсіл ретіндегі метафора сияқты құбылыстар қызықтырады. Лексика мен грамматиканы осы тұрғыдан зерттеуге өту Р. Лангакердің когнитивтік грамматикасында және Ч.Филлмордың конструкциялар грамматикасында жүзеге асырылды.

Э. Рош енгізген прототип түсінігі семантикалық категориялармен және соған сәйкес тілдік мағыналарды сипаттау тетігі болып табылады. Категорияда прототип пен периферия бөлініп шығады. Прототип қалайда берілген категорияға сәйкес келеді, бұл оның тез танылатындығынан хабардар етеді, мейлінше тез идентификаиця жасалады, жоғары жиілік т.б. тән. Мағыналардың прототиптік ұйымдасуы, бірінші кезекте адам жадысы ресурстарының шектеулілігіне негізделген, және мұнда объектілер мен ситуацияларды танымдық категоризациялаудың көптігінің ұшы-қиыры жоқ. Прототиптік тұрғыдан келу полисемия мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Когнитивтік лингвистикада Дж. Лакоффтың метафора теориясы басты орын алады. Дж. Лакофф метафораны когнитивті моделдің негізгі типі деп есептеді, яғни ойлау механизмі мен концептуалды жүйенің пайда болуы. Метафоралар түрлі сала концептілерін, концептуалды жүйені бірінен екіншісіне тасымалдау, ауыстыру арқылы концептуалдандырады. Бұл жағдайда түпкі-нысан (дереккөз, яғни источник) саласынан мақсат-нысан саласына өту туралы айтылады. Түпкі-нысан саласы мейлінше таныс, ыңғайлы, дағдылы, түсінікті және тікелей тәжірибе арқылы сипатталады.
Әдебиеттер:
1. Когнитивные аспекты языка. НЗЛ. Вып. ХХІІІ. М.,1988.
2. Баранов А.Н., Добровольский Д.О. Постулаты когнитивной лингвистики // Известия РАН. Сер. лит. и языка, 1997. Т. 56. №1.
3. Лакофф Дж. Лингвистические гештальты // НЗЛ, Вып. Х; Лингвистическая семантика. Вып. ХХІІІ. М.,1981. 350 – 368 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет