Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет9/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Категория – бұл логикалық әрі метафизикалық термин, ақыл-ойдың априорлық түсінігі, ойлау мүмкіндіктерінің алғы шарттары. К. танымның басты тірегі, «баспалдақтары», ойлаудың заттар мәнісіне терең бойлау сәттері болып табылады. К.– бұлар материалды әлемнің, оның жалпы қасиеттерінің, байланыстары мен қатынастарының тамаша аналогы.

  2. Категориялану – әлемді тану барысында санада жүретін үдерістердің бірі, әлем я шындық объектілерінің жалпы белгілеріне қарай тек, тип, түр, топ, класс, класс мүшесі түрінде топтастырылып, иерархиялық қатынастардың түзілуі. Категориялану әлем туралы білімнің жүйеленуінің ғана емес, сондай-ақ оның жадыда ұзақ сақталуының, қажет кезінде тез табылуының да механизмі. Бұл үдерістің мәнісі ассоциативтік эксперименттер барысында анық көрінеді.

4 СЕМИНАР


Тақырып: Когнитивтік лингвистикадағы концепциялар мен тіл теориясы.
1. Тіл ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде.
2. Дж. Лакоффтың метафора теориясы және оның когнитивтік лингвистикадағы орны.
3. Метафоралар адамның ойлау механзмі ретінде
4 СӨЖ. Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі түсініктері туралы көзқарастар.

5 дәріс


Тақырыптары: Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі.

  • Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары.

  • Әлемнің біртұтас тілдік бейнесінің когнитивтік лингвистикадағы жайлары.

  • Тіл – адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі. Адамның өзін қоршаған әлеммен қарым-қатынасы нәтижесінде әлем туралы танымы құрылады, әлем моделі жасалады. Әлем бейнесі – бұл адам болмысын сипаттайтын іргелі ұғымдардың бірі. Соңғы он жылдықта когнитивтік лингвистикада әлемнің тілде тіркелген біртұтас бейнесінің адам санасында бейнелену мәселесі көтерілуде. Әлем бейнесі термині шетелде ХІХ – ХХғ. физика аясында пайда болды. ХХғ. 60 ж.-нан әлем бейнесі семиотика аясында алғашқы моделдеуші жүйені (тілді) және екінші жүйені (миф, дін, фольклор, поэзия, кино, бейнелеу өнері, сәулет) зерттеуде қарастырыла бастады. Әлем бейнесі – адам санасының шындығы. “Адам әлемнің өзіне түсінікті, қарапайым бейнесін қандай-да бір тәсілдер арқылы жасауға тырысады. Ол осы әлемді оның өзі жасаған бейнесімен ауыстырғысы келеді. Осы тұрғыда суретші, ақын, философ, жаратылыстанушы өзінше әрекет етеді” (Энштейн).

Әлемнің тілдік бейнесі адамдардың әлем туралы танымы, зерттеуі негізінде құрылады. Егер әлем – бұл адам және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы болса, әлем бейнесі - қоршаған орта мен адам туралы ақпараттың өңделу нәтижесі.

  • Әлем бейнесі кеңістіктік (жоғары-төмен, оң-сол, шығыс-батыс, алыс-жақын); уақыт-мезгілдік, сандық, этникалық т.б. өлшемдер көмегімен танылады. Оның қалыптасуына тіл, дәстүр, табиғат пен ландшафт, тәрбие, оқу және басқа әлеуметтік факторлар ықпал етеді. Сондықтан түрлі адамдарда өмір сүрген дәуірі, әлеуметтік дәрежесі, жасы т.б. байланысты әлемнің концептуалдық бейнесі де әр түрлі. Әлем бейнесі тек объектілердің ғана емес, оны бейнелеуші субъектілердің бейнесін де қамтиды. Әлем бейнесі мифологиялық, діни, философиялық, физикалық тұрғыда біртұтас көрінуі мүмкін. Ол, сондай-ақ әлемнің қандай-да бір фрагменттерін ғана қамтуы мүмкін.

  • Г.А.Брутян, Р.И.Павиленис сияқты философтар мен Ю.Н.Караулов, Г.В.Колшанский, В.И. Постовалова, Г.В.Рамишвили, Б.А.Серебренников, В.И.Телия т.б. лингвистер концептуалдық және тілдік бейнесін бөледі. Әлемнің концептуалды бейнесі түрлі адамдарда бірдей, я адамдардың ойлау жүйесі бірыңғай. Әлемнің тілдік бейнесі әлемнің ұлттық бейнесін бейнелейді. Тіл -- адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі. Білімнің тілдік формада басылып қалған жиынтығы түрлі ғылыми концепцияларда біресе “тіларалық әлем”, біресе, “әлемнің тілдік репрезентациясы”, “әлемнің тілдік моделі” не “әлемнің тілдік бейнесі” аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет