Синтаксис-сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады.
75.Жазудың даму кезеңдері шығуы жайлы
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар. Қазір де біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша тіл де әріптердің тіркесімен белгіленуі деп. түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып кеді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) Пиктографиялық жазу, 2) Идеографиялық жазу, 3) Буын жазуы (слоговое письмо), 4) Әріптік немесе дыбыстық жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |