Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар: Салмақ өлшемі: Батпан -300-450 кг
Дағар -100-130 кг
Найза қап, қанар -70-80 кг.
1 қап шамамен -50-60 кг.
1 арқа (жүк) -45-50 кг.
Қоржын -40 кг
Пұт -16 кг
1 жамбы күміс -6 кг
1 пітір. бидай -3 кг
Келі -1 кг
1 қадақ шамамен -400 г
1 ширек шай шамамен -250 г,
1 әшмөңке шай шамамен -50 г,
1 таймөңке шай шамамен -25 г.
1 қайнатым шай шамамен -6,5 г,
1 шөкім тұз шамамен -12,5 г,
1 Мысқал -5 грамм
Қашықтық өлшемдері: Ара қоным жер -200-250 км.
Күншік жер -90-100 км.
Түстік жер -30-40 км.
Ат шаптырым жер -20-35 км.
Бір көш жер -10-15 км.
Құнан шаптырым жер -8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады).
Қозы көш жер -6-7 км
Қой өрісіндей жер -5-6 км.
Тай шаптырым жер -4-5 км
Бір бауыр жер -4-5 км.
Көз ұшындағы жер -2,5-3 км
Шақырым -1 км
Дауыс жететін жер -250-300 м
«Әй » дейтін жер -100 м
Таяқ тастам жер -10-15 м
Адым ( қадам ) -1 м
Қол созым жер.
Қарға адым жер.
Қамшы салым жер – тым жақын жер.
Таяқ тастам жер.
Иек астындағы жер – бір қыр асты, таяу жер.
Әудем жер – тиіп тұрған жер.
Ит үргені естілер жер.
Қара көрінім жер.
Қозы өрісіндей жер.
Аяқ жетер жер.
Ит өлген жер.
Жер түбі.
Алты айшылық жер – Меккеге қажылыққа барар, тым шалғай жер.