Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет7/51
Дата25.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#105304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
annotation16475

1 моммэ

10 фун

3,75 г

1 кин

160 моммэ

600 г

1 кан

1000 моммэ

3,75 кг






    1. Қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктері

Басқа да халықтардағы сияқты қазақ халқында да өлшем бірліктері өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, шаруашылық ерекшелігіне байланысты қалыптасқан. Ол өлшемдер сонау көне замандардан бастау ала отырып ғасырлар бойы пайдаланыла келе біздің кезімізге дейін жетіп отыр. Олардың кейбіреулері, әсіресе ауылдық жерлердегі, күнделікті тұрмыста әлі де болса орын алады. Дегенмен қосалқы тарихи пәндердің көптеген саласы сияқты қазақ метрологиясы да толық зерттеле қойған жоқ. Сол себепті де қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің мәні, көлемі бойынша қазіргі метрлік жүйе негізінде айқындауды, нақтылауды қажет ететін мәселелер баршылық. Оларды ескерте отырып, қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктері жөніндегі мәліметтерді білуіміз қажеттігінің де үлкен орын алатынын баса көрсетеміз. Бұл бүгінгі таңда, әсіресе тарихи зерттеулер барысында ерекше маңызға ие болып отыр.

Дәстүрлі қазақ өлшем бірліктерінің ұзындықты айқындаудың көне түрлері саусақпен, қолмен және аяқпен өлшеу негізінде пайда болса керек. Саусақпен өлшенетін ұзындық немесе қалыңдық өлшемдері бойынша бір елі — саусақтың көлденең қалыңдығын, енін білдіреді. Ал сүйемге байланысты бірнеше өлшем атауы бар. Бір сүйемнің өзі бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем болса,
сынық сүйем — сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Ол бір сүйемнің 3/4 бөлігіне тән. Ал қарыс сүйем — бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасы. Қарыс — бас бармақ пен шынашақтың арасындағы ұзындық. Кере қарыс деп бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы арасын айтады. Қолға байланысты өлшенетін білем, шынтақ, қолтық, құлаш, табан және тағы басқа да ұзындық өлшем бірліктері бар. Ол бойынша бір білем — саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы болып есептеледі.

Ал шынтақ өлшемі қолдың басы мен шынтақ аралығындағы ұзындық.
Қолтық — қолдың басы мен қолтықтың аралығындағы көлем.
Құлаш деп иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасындағы ұзындық айтылады.

Аяқпен өлшенетін бірліктерден табан, адым, аттам кеңірек таралған. Бір табан деп аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет