«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет85/166
Дата12.10.2020
өлшемі0,76 Mb.
#64716
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   166
Дәріс№21

Тақырып: Көпшілік, ғылыми және өндірістік кітапханалардың қорын қалыптастыру.

Дәрістің мақсаты: Көпшілік, ғылыми және өндірістік кітапханалардың қорын қалыптастыру маңызын ашу.

Дәрістің мазмұны: Көпшілік кітапханалар қоры. Ғылыми және өндірістік кітапханалар қоры. Ұлттық кітапханалар қоры.

Ұлттық кітапхана қорында адамзат баласының тарихына байланысты қаншама кітап бар десеңізші . Заманның әрқилы кезеңінде осы кітаптардың тағдыры қарапайым ғана кітапханашылардың қолында болды. Қазақ интелли

генциясының бетке шығар өкілдеріне «халық жауы»- деп айып тағылып , жазаланып жатқанда , олардың қаламынан шыққан шығармаларға да жойылу қаупі төнді. Міне, осы кезде кітапхана қызметкерлері бастарын қауіпке тіге отырып, алаш азаматтарының кітаптарын аман алып қалды. Заман өзгеріп, ниет түзнлген кезде қайта оралған арыстарымыздың кітапхана қорында сақталған мұралары , халық игілігіне , рухани нәр көзіне айналды.

Белгілі ғалым, Қазақстанның халық жазушысы М. Мағауин өзінің «Мен» атты ғұмырбаянын хамсасына , ұлттық кітапхананың сирек кітаптар бөлімінде Шәкәрім, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жыраулардың асыл мұраларымен қауышқан сәтіндегі әр кітаптың бетін ашу , әр парақты оқу, саусағыңмен сипап көру өзгеше бір ахуал, бірақ неше мың қадым кітап тұрған көне қойманың жөні бөлек. Уақыт табалдырығынан, сиқырлы қақпадан өткен сиятясың. Әсерлі , сырлы ғана емес, ғажайып, бірақ «шерлі мұңды әлем» деген толғанысын талай оқырман басынан кешті десек артық емес.

Ұлттық кітапханада, тек қазақ халқының рухани мұрасы ғана жинақталып қоймай, Қазақстан, әлем халықтарының рухани мұралары да қордаланған. Бүгінгі таңда 5.6 млннан астам қоры бар Ұлттық кітапханада қырықтан астам тілдегі әдебиеттер бар. Cолардың ішінде 12- 19 ғасырдағы Шығыс және Европа елдерінің тіліндегі әдебиеттерден тұратын 25 мыңнан аса сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын ерекше атап өтуге болады. Мұсылман қауымының қасиетті кітабы саналатын 12 ғасырдан бүгінге жеткен құран кітабы, Низамидің «Бес тағаны», Жәмидің «Алтын шынжыры», Ахмет Иассауидің «Хикметтері», «Рисаласы», «Насапнамасы», шәкірті Бақырғанидың қолжазба еңбектері, 19 ғасырда жазылған хандар шежіресі, 18 – 19 ғасырдағы Европа, орыс классик жазушыларының көзі тірі кездерінде жарық көрген шығармалары бүгінде әлемнің көптеген кітапханалары үшін қол жеткізбес асыл қазына.

Ахмет Иассауи мен шәкірті Бақырғанидың бес еңбегі ЮНЕСКО – ның «Әлем жады» бағдарламасының бүкіләлемдік реестріне енгізілді. Кітапхана –

ның бұл қоры көптеген еңбектің бастау бұлағына айналып , тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.

1991 жылы Ұлттық кітапханан атына ие болған ұжым, кітапхананың атына сай жұмыс жасауды мақсат етіп, «халық жады», «кітапхана мұрағаттарын сақтау» және «кітапхана процестерін автоматтандыру» атты кешенді бағдарламаларын белгіледі. Содан бері осы үш бағдарлама кітапхана жұмысының негізгі өзегіне айналды.

«Халық жады» бағдарламасының алдына қойған мақсаты кітапхана қорында Қазақстан туралы әлімізде шыққан әдебиеттерді қазақ тіліндегі әдебиеттерді барынша толық жинақтау, насихаттау, сақтау осы бағытта кітапханан ұжымы жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет