«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет86/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148
Нота жазбасы тарихынан

Нота жазуларының бастамасы ежелден бері пайда болғаны белгілі. Барлық ежелгі белгілі тәсілдер ішінен пиктографиялық жазулар арқылы дыбыс бойынша мелодияны тану тәсілі белгілі. Мұндай жазбалардың үлгілері ежелгі египет ескерткіштерін зерттеу кезінде табылған. Оларға музыка дыбыстарын клинопись көмегі арқылы идеографиялық жазу тәсілдері жатады. Бұл тәсіл Ежелгі Вавилонда қолданылған.

Финиишілік дыбысты жазу б.ә.д. 1100 жылы пайда болған.

Ежелгі Грецияда пайда болған бұл жүйе кең таралған. VI-X ғғ. грек алфавиті әріптері латын әріптерімен алмастырылады. Қазір де “до” дыбысын латын әріпі “с”, “ре” дыбысын – “d” және т.б. кездестіруге болады. Орта ғасырларда невмендік нотация пайда болды, ол кільт музыкасына тән.

Шартты белгілер – невмы, - сызықша, үтір ретіндегі графикалық белгілерден құралған. Олардың барлығы бөлек дыбыстарды, бір дауыстың қайта-қайта қайталануы мен оның орындалу сипатын білдіреді. Невмендік нота жазулары католиктік құдайға сыйыну әндерін орындауға арналған.

Соңынан батыс еуропа музыкасында невмылар бір немесе екі сызықта жазылады. Осылайша сызықтық нотация пайда болған.

Х1 ғасырда нотацияны италья музыканты Гвидо д,Ареццо жетілдірді. Ол нота жолында төрт тегіс сызықтан тұратын нота жазу тәсілін ойлап тапты. әріптік белгілер әр нотаның биіктігін білдіреді және невмылар жолдарда емес, олардың аралығында да жазылады. Төрт жолдың барлығы да бір жүйеге біріктірілген.

Гвидо д,Ареццо “до”, “ре, “ми”, “фа”, “соль”, “ля” аттарының да аттары. Бұл атаулар осы күнге дейін сақталып, дыбыс биіктігін білдіреді.

Кейін нота белгілерін графикалық жазуда айтарлықтай өзгерістер болды: төрт бұрыштың бастары дөңгеленіп, нота штильдері пайда болды. Нота жазбаларының папирустан невмыге өтуіне байланысты нота белгілерін “ақ” және “қара” белгілеріне бөлуге болады.

Аспаптық музыкада заманауи бес жолдық нотация дамудың ұзақ жолдарын бастан кешірді. XVII ғ. аспаптық шығармаларды жазу үшін жазудың ерекше жүйесі – табулатура пайда болды. Олар әріптер мен сандардан құралған кесте түрінде жасалған. Сыртқы келбеті бойынша бұл кестелер әр түрлі болып келеді. Бұдан нота жазуының қай елде жасалғанын, қай аспапқа арналғанын көруге болады. Табулатуралар шартты белгілерімен белгіленген: әріптермен, сандармен, ырғақтық белгілермен. Алуан түрлі табулатура нұсқаларының ішінде сызықтық емес, сызықтың та түрлері кездеседі. XVII ғ. басында табулатуралар ноталар көмегі арқылы нота жазудың қарапайым және ыңғайлы тәсілі пайда болды.

Заманауи нота жазуы музыканың “тірі” дыбысты келтіре алады. Мұнда тек шартты белгілердің дамыған жүйесі ғана емес, сонымен қатар қосымша сөздік түсіндірмелер бар.

Нота жазулары уақытына қарай өзгеріп отырады. Музыкалық өнердің дамуына байланысты оның тақырыбы да жаңарып отырады. Мұның барлығы нота жазбаларының тұрақты жетілдірілуін талап етеді. Шартты белгілер жүйесі толықтырылып, нақтыланады, жазбаның жаңа тәсілдері пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет