Дәріс 20
Тақырып: Картографиялық басылым
Дәрістің мақсаты: Картографиялық басылым анықтамасы
Дәрістің мазмұны: Картографиялық басылымның жалпы мінездемесі.
Картографиялық белгілер.
Картографиялық басылымның негізгі түрлері: карта, атлас ,глобус.
Картография(карта және графия) географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым.
Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылыми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама туғызды. Картография – табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т.б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым. Бұл анықтама Картография шұғылданатын ұғымдарға аспан денелері мен жұлдыздық аспанның карталарын, сондай ақ глобустар мен рельефтік карталарды және картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдерін де жатқызады. Картография пәні және тақырыптық карталардың дамуы картографияны жаратылыс ғылымдарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. «Картография» термині ғылыми және өндірістік картографиялық іске де, әрі оның нәтижелеріне де қолданылады, мысалы, мемлекеттік картография. Бұл мағынада «Картография» терминінің мәні СССР-дің картография-геодезия қызыметінің атына кіреді.
Қазіргі картографияны зерттейтін басты проблемалар:
ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің теориялары жатады.
Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы.
Картографиялық деректер тану.
Карталарды жобалау және оны пайдалану теориясы мен технологиясы.
Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.
Картографияның бұл проблемалары әр тарихи кезеңде қалыптасқандықтан дамудың әр сатысында тұр. Осының нәтижесінде карта төмендегідей салаларға бөлінеді:картатану, математикалық картография, карта жасау процесі , карталарды өңдеу, картометр. Картатану ғылымының теориялық негіздерін, тарихы мен деректерін, карталарды пайдалану әдістерін біріктіреді. Картография салаларының ішінде бәрінен бұрын ерекше пән ретінде математикалық картография не картографиялық проекция теориясы қалыптасты. Картаметрияның (карта бойынша координаталарды, қашықтықты, ұзындықты, биіктікті, ауданды т.б. өлшеу мен санау туралы ілім) ұзақ тарихы бар.
Ол карталарды пайдалану әдістерінің бірі болып саналғанымен практикалық маңызына, зерттеулерінің ертеден қалыптасуына және жан-жақтылығына байланысты көбінесе жеке қолданылады. «Карталарды жасау және редакциялау» деген атпен СССР-де карталарды жобалау теориясы мен технологиясы және олардың түп нұсқаларын дайындау қалыптасуда. Карталарды өндеудің негізгі міндеті – картографияның кескіндеужолдарын зерттеу мен шешу. Мұнда семиотиканың, бояу танудың, инженерлік психологияның деректері қолданылады, сондай-ақ графика өнерінің әдістері пайдаланылады,полиграфиялық талаптар еске алынады. Картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді. Бұл жапсарлас пәндер орындалу әдісі жағынан геологияға, экономикаға жатады.
Қазіргі сақталған көне картографиялық кескіндер Вавилония мен Египетте б.з.д.ІІІ-І ғасырда жасалды. Картографияның тұңғыш ғылыми негізі Ежелгі Грециядан тараған. Орта ғасырда картографияға Г. Меркатардың еңбектері үлкен үлес қосты.
Картографияның идеялары мен ғылыми негіздерін дамытуға тұңғыш советтік географиялық атластар т.б. дайындау туралы 1920-21жылы В.И. Лениннің жазған хаттарының және картография туралы оның басқа документтерінің маңызы өте зор болды. Бұлар құбылыстарды, олардың әр жақтылығын, өзара байланыстылығын, тарихи дамуын, қайшылығын еске ала отырып, көрнекті, толық және дәл бейнелеудің маңызы үлкен екендігін көрсетті.
Картография геодезия, география ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картография жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталарды дайындап береді. Географиялық ғылымдар картографтарды картографияланатын құбылыстардың сандық, сапалық сипаттарын түсіне отырып талдауға және олардың аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс бейнелеуге қажетті біліммен қаруландырады. Өз тарапынан география картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың, кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Картографияның практикалық маңызы-географиялық карталардың құндылығында.
Карталар далалық түсірулердің және олардың материалдарын өндеудің негізінде немесе түрлі картографиялық, географиялық, экономика-статистикалық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өндеу әдістерімен топография және аэрофототопография шұғылданады. Тақырыптық түсірулер-геология, топырақ картографияларының т.б. міндеті. Карталарды жобалау әрі камералдық дайындаумен картографияның өзі шұғылданады. Камералдық жұмыс кезінде, жобаланған картаның мақсатына қарай, алдын ала оның программасы белгіленеді. Бұдан кейін картографиялық тор жасау, оған қажетті деректердің мазмұнын көшіру, генерализациялау мен программада белгіленген картографиялық белгілер арқылы картаның түп нұсқасы графика жолымен сызылады. Тақырыптық карталарды жасағанда деректердің мазмұны күні бұрын дайындалған географиялық негізге көшіріледі.
Қазіргі картография өндірісінде карталарды жасауға әр түрлі квалификациясы бар мамандар коллективі қатысады. Сондықтан карта дайындаудың барлық кезеңдерінде біріңғай гылыми-технологиялық басшылық керек және ол картаны редакциялау деп аталады. Картография саласындағы халықаралық ғылыми байланыс алғашқы кезде халықаралық географиялық конгреестерде пайда болып дамыды. Олардың бастамасы бойынша бір бастапқы меридианды таңдап алу туралы Вашингтон конференциясы шақырылды, халықаралық миллиондық карта, мұхиттардың халықаралық батиметрлік картасы т.б. туралы бас қосулар өткізілді. 1992жылы географиялық конгрестермен қатар, ғылымның маңызды проблемаларын шешетін халықаралық комиссияларды ұйымдастырып отыратын. Халықаралық география одағының құрылуы картографиялық зерттеулерді де дамытты. 1961жылы халықаралық картография ассоциациясының ұйымдастырылуы әрбір екі жылда ғылыми-технологиялық конференциялардың шақырылуы, арнаулы комиссиялардың үзбей жұмыс істеуі т.б. картография проблемаларын үздіксіз зерттеуге мүмкіндік берді. Дамып келе жатқан елдерде картографияның қалыптасуы үшін БҰҰ-ның картографиялық конференцияның маңызы зор. Олар Азия мен Қиыр Шығыс және Африка елдері үшін 3жылда бір рет шақырылып тұрады. Халықаралық бастамалардың ішінде континенттер мен Дүние жүзілік мұхиттың салыстырмалы кескінің беретін рельевтің испсометрмен бейнеленген 1;2 500 000 масштабты халықаралық дүние жүзі картасының маңызы бар. Картографиялық деректер-географиялық карта құрастыруға қолданылатын графиктік, фотография сандық және жазба деректер. Картографиялық деректерге астрономия – геодезиялфқ деректер, қағаз бетіне түсірілген және картографиялық деректер, жазба және таблициялық деректер жатады. Құрастыратын картаның сипатына қарай картографиялық деректер – негізгі, қосымша және көмекші болып бөлінеді. Картографиялық құжаттардың ішінде басылым басты орын алады. Картографиялық басылымның ішінде үлкен орын алатын картографиялық шығармалар. Картографиялық шығармалардың басты бөлігінің түсінігі бейнесі, картографиялық проекцияда құралған, -кішірейтілген, жер бетінін бейнесі, басқа аспан денесінің беті және жер шары аралығының бірлік жүйеде шартты белгісі болып табылады. Спецификаны картографиялық басылымның келесі басқа жақтары анықтайды: математикалық анықтау қатары; жүйенің басты белгілерін қолдану – картографиялық белгінің символы; іріктеу және бейненің пайда болу қатынасы. Картографиялық басылымда объектінің бейнесі және геометриялық нақтылықты қабылдаудың пайда болуы, яғни сол жерде кішірейтілген түрде көрсетілген, пропорционалдың өлшемінің сақталуы және басқа объектлармен қарым-қатынас тұрақтылығы болып табылады. Ол үшін сол немесе басқа математикалық амалдар қолданды, картографиялық проекция деп, функционалдық қатан түрде географиялық координаттық нүктемен картографиямен ара қатынасының пайда болуы және тік бұрышты координаттың сол нүктемен жазықтықта орналасуын айтамыз.
Жүйелік бейнелеу шындығында картографиялық басылымға енгізілген негізгі жүйеге келуі, картографиялық құбылыс геожүйе ретінде қарастырылады, яғни территориялық табиғат және әлеуметтік-экономикалық жинақтың түрлі рангі және кеңістіктің өлшемі немесе олардың элементтері.
Картографиялық басылымды үйрену мен өңдеумен, олардың әртүрлілігімен, жүйесі, формасы бөлек элементтер, символдар, оларды көркемдеудің маңызы және дамуы, құрылысымен және қолданылуымен картография айналысады – білім орталығы, техникалар және құрылыс, үйренумен, дамумен және картографиялық шығармаларды қолданумен айналысады.
Картографиялық басылым идеографиялық құжаттың түріне жатады, бұнда шартты түсінік картографиялық белгілер шындыққа ұқсамайтын объектілер және шығармалар қолданылады.
Алғашқы картографиялық басылым үшін жергілікті жердің суретінің көрінісі, таудың, өсімдіктің, аймақтық пунктілер және басқа объектілердің суретінің көмегімен мінезделеді. Картиналық сурет қосымша түсініктемесіз айқындалып тұрады. Кейінірек арнайы картографиялық белгінің көмегімен жоспарланған бағдарламаның нақты түрлеріне сұраныс туындады, кез-келген категорияның дамуымен және объектілерін анықтау үшін пайдаланылады; сурет, түсі, өлшем.
Картографиялық белгі барлық түріне қарай геометриялық, әріптік және көрнекті болуы мүмкін.
Геометриялық белгілер – бұл қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, төртбұрыш және т.б.)
Әріптік белгілер – бұл бір немесе екі басты әріптердің аталуымен өрнектелген шығармалар.
Көрнекті белгілер – бейнеленген нәрсенің пішінің көрсетеді. Құрамына және материалдық құрылысына қарай картографиялық басылым үш түрге бөлінеді: карта, атлас, глобус.
Карта (грек-бет) –картографиялық басылым, картографиялық жобада құралған, жер бетінің кішірейтілген көрінісі, ол жердегі объектілерді анықтайтын жүйеде картографиялардың шарттарының белгілерінің орналасуын көрсетеді. Карталар мынадай басты белгілерге бөлінеді: мазмұны және материалды қамту кеңдігі, территорияны қамту, материалдардың функционалдық бағыты.
Мазмұны және материалды қамту кеңдігене қарай карта жалпыгеографиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
Жалпыгеографиялық карта жергіліктіжердің басты элементтерінің жиынтығын қорыту. Тақырыптық карта – нақты тақырыпқа арналған. Өзінің қатарына қарай олар екі түрге бөлінеді – салалық және жеке.
Жеке карта салалық картадан бөлек элементтерге арналған. Мысалы, халық –салалық карта, халықтың орналасу картасы және оның құрамы – жеке.
Салалық картаның басты мазмұны бұл объектінің көрінісі, кез-келген ғылым салаларын немесе халық шаруашылығын түгелдей қолдану.
Тақырыптық карта объектілік зерттеу бойынша мынадайға бөлінеді: географиялық, асторномиялық, тарихылық т.б.
Атлас-картографиялық басылым, көптеген карталардан құралған, жалпы бағдарламалармен біріккен. Ол өзін альбои түрінде немесе жеке шығарманың жиынтығы түрінде, әртүрлі объектілердің бейнесінің мазмұны түрінде көрсетеді (карталар, сызбалар, суреттер). Атластың негіз салушысы ерте гректің ғалымы Клавдий Потломей болып табылады, алғаш географиялық картақорын жинаған. Бұл басылым атлас мификалық король Ливидің атымен аталған, ертеде бірінші рет жер бетінің глобусын дайындаған. Атлас заологиялық, ботаникалық, анатомиялық және т.б. болып ажыратылады. Атлас – бұл кодексті құжат, ереже бойынша кітаптық басылымға қатысты.
Атластар суретпен, фотографиямен, космос суреттерімен және т.б. суреттеліп көрсетіледі. Олар ереже бойынша көп түсті және картографиялық басылымға қатысты болып келеді. Басылымнан басқа, картографиялық құжатқа глобус жатады (лат. Globus- шар) – шар түріндегі көлемді құжат-жер бетінің көрінісінің картографиялық үлгісі. Онда салыстырмалы нақты, бірақ кішірейтілген түрде жердің және оның бетінің көрінісі бейнеленген. Глобустарда жалпыгеографиялық және тақырыптық болып картаға ұқсас келеді: континентік ландшафт, әлемді саяси бөлу. Олардың масштабы айтарлықтай ұсақ: 1-30 000 000-1: 80 000 000, бірақ бөлек жағдайда лоар 1:10 000 000 және одан да көп болып өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |