«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет83/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148
Дәріс 19

Тақырып : Ноталық басылым

Дәрістің мақсаты: Ноталық басылым мінездемесіне анықтама

Дәріс мазмұны: Барлық құжаттар жиынтығынан нота басылымдарын белгі құралдары сипаты және ақпарат беру ретінде белгілейді. Осы белгі бойынша нота басылымдары идеографиялық құжаттарға жатады, мұнда белгі ретінде шартты белгілер қызмет етеді. Одан басқа, нота басылымдарының көлемінің басым бөлігін музыкалық шығарманың ноталық жазбалары алады. Ол музыка шығармасын орындау немесе үйрену үшін қызмет етеді. Мәтіндік басылымдарға қарағанда, ноталық басылымда ақпаратты арнайы белгілер-ноталар көмегі арқылы береді. Нота басылымдарының басым бөлігін мәтіндік және мәтіндік емес музыкалық шығарма жазбалары құрайды.

Музыка – дыбысты көркем образының шындығын бейнелейтін өнер түрі. Оның мазмұны көркем-интонациялық образдан тұрады. Музыка адам қабілетіне негізделеді. әр халықтың музыкалық мәдениеті арнайы белгілермен айқындалады, ол ең алдымен халық музыкасында айқындалады, мұнда адамның ойы интонацияға ұласады. Музыканың негізгі элементтері мәнерлі құралдары – лад, ритм, метр, темп, динамика, тембр, мелодия, гармония, полифония, инструментовка.

Музыка нота басылымдарында белгіленген орындалу процесінде жүзеге асады. Орындаушылық бойынша музыка вокалдық, аспаптық және вокалдық-аспаптық болып бөлінеді. Музыка көбінесе хореографиямен, театр өнерімен, киномен астасып жатады.

Музыканы бір дауысты (монодия) және көп дауысты (гонофония, полифония) деп бөледі. Музыка түрлеріне (опера, симфониялық, камерлік және т.б.), жанрларға (батырлық опера, күлдіргі опера, ән, би, марш, симфония, сюита, соната және т.б.).

Музыка сөйлеген сөзден сапасы арқылы ажыратылады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет