«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет80/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148
Бақылау сұрақтары.

1.Өндірістік басылым деген не?

2.Өндірістік-проктикалық басылымдардын спецификациясы неден тұрады?

3.Нормативтик – конструкторлық өндірістік басылымдардын ерекшеліктері қандай?

4. Нормативтік-әдістемелік басылым деген не?

5. Өндірістік басылымның конструтивтік элементтері қандай?



Оқу басылымы.

Оқу басылымында ғылыми мәліметтер жүйеленген түрде беріледі. Әр түрлі жастағы оқырмандарға арналған. Оқу басылымдарын мақсаттық қызметі-оқу процесін қамтамасыз ету, нақты білім жүйесі жағдайында білімді игеруге әрекет ету. Олар сонымен қатар тәрбиелік функцияны да орындайды. Оқырмандық қызметі бойынша олар үш басты топқа бөлінеді:

Жалпы білім беретін мектептерге арналған, жоғарғы мектептерге арналған, одан басқа, оқу басылымдары оқушыларға және басқа балабақша тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне, лицей мұғалімдеріне, балабақша оқытушыларына, училище, техникум жоғарғы оқу орындарына, ата-аналарға арналған. Оқу басылымының ақпараттық сипатының ерекшелігі-барлық оқу орнындарында оқытылуы. Оқу басылымының пәндері-бұл ғылыми және қолданбалы мәліметтер. Материял көлемі оқу бағдарламасымен анықталады. Оқу басылымдары курсты толығымен қамтиды. Ролі бойынша оқу процесінде оқу басылымының келесі түрлері белгілі: 1.оқулықтар; 2.оқу құралдары:; 3. практикумдар; 4.бағдарламалық-әдістемелік басылым.

Оқулықта оқу бағдарламасына сәйкес мәліметтер болады. Оған нақты құрылымсабақтастық, тақырыптық және әдістемелік бірлестік тән. Оқулықтар оқыту, тәрбиелік, дамытушылық сипатқа ие.

Оқу құралы-оқулықты толықтырушы басылвм. Оқулық пен оқу құралының айырмашылығы-оқулықта курстық теоретикалық негізі бағдарламамен қатаң сәйкестікте, ал оқу құралында- бұл есепке алынбайды.

Христоматия әдеби-көркем, тарихи мағынадағы шығармалардан тұратын оқу құралы.

Оқу көрнекілік құралы-проктикалық тапсырма мен жаттығулардан тұратын оқу басылымы.

Оқу көренкілік құралдары – оқу, тәрбиеге байланысты материалдарды бейне басылым.

Бағдарламалық-әдістемелік басылмдарға: оқу бағдарламалары, оқу – әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсыныстар жатады.

Оқулықтар мен оқу құралдары жоғары сапалы безендіріледі. Оларды мықты қағазда басады. Бағдарламаларда иллюстрациялар болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет