«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет79/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148
Өндірістік басылым.

Өндірістік басылым өндіріс саласы мен басқа да салалар сферасына қолдануға бағытталған.

Өндірістік басылымның мақсатты қызметі – барлық практикалық қызмет сферасын ақпаратпен қамту.

Өндірістік басылым нақты оқырманға арналған. Олардың әрқайсысы мамандардың нақты категориясына арналған. Оқырмандар кәсіби дайындық деңгейі бойынша бөлінеді: а) орташа деңгей мамандары (технологтар, медбикелер) б) жоғары білімді мамандар, в) көпшілік мамандық иелері.

Өндірістік басылымда табиғат пен қоғамды қайта жаңғыртуға қажетті ақпараттар болады. Бұл басылым түрі тақырыбы сұрақтармен шектеледі. Қарастырылып отырған басылым түрі ұсыныс сипатында болады.

Материалды қамту деңгейі бойынша өндірістік басылымдаркелесі басылымдарға бөлінеді.

1) мамандығы бойынша;

2) бөлек бағыт немесе кәсіби қызмет тақырыбы бойынша

Ғылыми – өндірістік басылым теоретикалық немесе эксперименттік зерттеулер нәтижелерінен тұрады, сонымен қатар оларды практикаға ендіру бойынша нақты ұсыныстар беріледі.

Ғылыми – өндірістік басылымның түрлері; монография, мақала жинақтары, практикалық конференция материалдары.

Өндірістік монография – ғылыми мәні бар материалдардан тұратын басылым. Өндіріс монографиясы құрылымы бойынша ғылыми басылымдарға ұқсас: көлемділігі, сыртқы қабы, иллюстрациялары; сызулар, кестелер, техникалық суреттері, фото суреттер.

Ғылыми-өндірістік басылымдарға, сонымен қатар мақала, баяндамалар жинақтары, практикалық конференция материалдары жатады.

Өндірістік – практикалық басылымға технология, техника және өндірісті ұйымдастыру бойынша мәліметтер кіреді. Ол кәсіби дәрежесін көтеруге, кәсіби еңбекті жетілдіруге арналған. Бұл міндеттер негізінде үш түрлі жолмен шешіледі: 1) тәжірибені тарату; 2)ғылыми жетістіктер туралы хабарлама жасау; 3) еңбектің оңтайлы тұстарын сипаттау. Мұндай материалдағы басылымдар көп тиражбен шығарылады.

Материалды қамту теңдігі бойынша өндірістік – практикалық басылым келесі басылым топтарына бөлінеді.



  1. Өндіріс технологиясы

  2. Өндіріс экономикасы;

  3. Құрал-жабдық;

  4. Еңбекті қорғау және қауыпсіздік техникасы;

  5. Тәжірибемен алмасу.

Өндірістік-практикалық басылымдарға : төлқұжат, практиаклық құрал, практикалық жетекшілік кіреді.

Төлқұжат – құрал–жабдық туралы мәліметтен тұратын өндірістік практикалық басылым.

Практикалық құрал- қызметкерлердің білімді игеруі, қандай да болмасын бір жұмысты орындауға бағытталған басылым.Ол оқу құралдары мен оқулықтарға ұқсас келеді, нақты, қысқа да нұсқа тараулардан тұрады. Бұл мамандарға арналған құралдың негізгі түрі.

Практикалық жетекшілік – қандай да болмасын бір жұмыс немесе мамандықтың тәсілдері мен дағдыларын өз бетімен үйренуге қолайлы басылым.Ол мамандардың біліктілігін арттыруға қвзмет етеді.Мүндай теоретикалық кіріспе болмайды, мәтін қысқа параграфтардан тұрады.

Жетекшіліктің анықтамалық аппараты міндетті элементтерден басқа алғысөз, мазмұн, көмекші көрсеткіштерден тұрады. Бұл басылымдарды кестелермен, суреттермен, сызбалармен безендіреді.

Нормативтік өндірістік - практикалық басылымдарға әр түрлі өндірістік қызмет сферасының нормалары, ережелері мен талаптары кіреді. Нормативтік өндірістік - практикалық басылымның нормативтік-жетекшілік түріне нұсқаулар, естеліктер, нормативтер, ережелерді жатқызуға болады. Осы басылымның екінші тобына техникалық тапсырма, конструкторлық құжат, техникалық төлқұжат жатады. Бұл құжаттардың заңдық күші жоқ.

Техникалық басылымдарға маршрут карталары жатады. Конструкторлық құжат – бұйымның құрамы мен қондырғыш сипатташы басылым. Сонымен қатар бұл басылым оны бақылау тәртібін, жөндеу жұмыстарын да сипаттайды. Лауазымды тұлғаның бекітуі арқылы бұл құжат түрі жетекшілік әрекетке ие. Техникалық төлқұжатта машина құралдары тізімі, әрекет принциптері болады. Төлқұжат бұйым сипатымен оның басты параметрлерін куәландыратын құжат.

Прейскурант- неғұрлым көп тараған басылым. Ол тауар түрлері мен қызмет түрлерін көрсетеді. Нормативтік – әдістемелік басылымда қызметтің түсініктемелері мен шешімдері беріледі. Олар заңдық акт немесе бұйрық арқылы ендіріледі. Олардың басым бөлігі ұсыныстық сипатта болады.

Неғұрлым көп тараған нормативтік – әдістемелік басылымдарға әдістемелік шешімдер, әдістемелік құралдар және естеліктер жатады. Әдістемелік шешімдерге әлеуметтік ұйымдастыру, шараны ұйымдастыру туралы ұсыныстар кіреді. Бұл басылымдарға заңдық акттер көмегі арқылы ендіріледі.

Әдістемелік құрал шараның жүзеге асырылуы туралы мәліметтерден тұрады. Естеліктерде қысқаша мәліметтер, қандай да бір операцияны функцияны орындауға арналған талаптар кіреді. Бұл басылым түрі мекеме, кәсіпорын, ұйым арқылы бекітіледі. Ғылыми жетістіктер немесе тәжірибені тарату туралы кітаптар орташа форматта естеліктер – кіші форматта болады. Өндірістік практикалық басылымдарды иллюстрациялар болады. Көбінесе-бұл сызбалар , кестелер, техникалық суреттер.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет