«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Диссертация. Диссертация авторефераты



бет96/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148
Диссертация. Диссертация авторефераты.

Егер депонирленген қолжазба басылым құқығында ғана болса, диссертация авторефераты қолжазба құғында.

Диссертация – ғылымының белгілі бір саласы бойынша мамандандырылған, алдын ала сараптаудан өткен және ғылыми атақ алуға ізденуді маманданған ғылыми кеңесте қорғауға ұсынылған ғылыми жұмыс.

Ол біртұтас, автордың көпшілік алдында қорғайтын ғылыми нәтижелердің жиынтығы, ғылыми қағидалар жинағы және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын, оның ғалым ретіндегі сипатын айқындайтын ғылыми жұмыс. Бұл – жаңа білімнен тұратын, ғылыми тұжырымдарға негізделген аяқталған жұмыс.

Диссертацияның екі түрі бар: ғылым докторы атағы ізденуге және ғылым кандидаты атағын ізденуге арналған диссертациялар.

Диссертация қолжазбасының мынадай көлемі белгіленген: докторлық – 250-300 бет (гуманитарлық ғылымдарға – 350-400 бет), кандидаттық – 100-150 бет.

Диссертация баспа машинкасында немесе компьютерде 5 дана етіп басылады және мәтін, суреттер, кестелер, циталанатын әдебиет тізімдерінен тұрады.

Диссертацияның негізгі реквизиттеріне министрлік атауы, УДК индексі, автор туралы мәлімет, диссертация атауы, оның түрі (қолжазба, ғылыми баяндама, монография) және ғылыми атақ, мамандық, ғылыми жетекші туралы ақпарат (кандидаттық диссертация үшін) немесе ғылыми кеңесші (докторлық диссертация үшін), қала мен жұмысты аяқтау мерзімі енеді.

Кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғаудан соң міндетті түрде тіркеу үшін Укр ИНТЭИ-ге жіберіледі. Қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар елдің бас кітапханасында – Украинаның Ұлттық кітапханасында сақталады. Екінші данасы қорғау өткен мекемеде сақталады. Диссертация авторефераты ғылыми атақ ізденуші автордың өз зерттеу ісі бойынша жазған рефераты брошюра түрінде қолжазба құқығындағы ғылыми басылым. Авторефератта диссертацияның негізгі идеялары мен қорытындылары беріліп, мәселені шешуге автордың қосқан жеке үлесі, жаңалық деңгейі, ғылыми-зерттеудің теориялық-практикалық маңыздылығы ашылады. Авторефератты ғылыми зерттеудің сынамалары, басылымдары туралы, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы мәліметтер келтірілген. Авторефераттың «түп атасы» - «докторлық диссертацияның латын тіліндегі ілеспесі орта ғасырлық тездар». Автореферат көлемі кандидаттық я докторлық диссертация үшін сәйкесінше 1 немесе 2 шартты баспа бетінен аспауы керек.

Мәтіннен өзге автореферат тақырып бойынша автордың басылымдар тізімі, орыс-ағылшын тіліндегі аннотациясынан тұрады. 100-150 дана болып шығатын авторефераттар мүдделі мекемелерге диссертациялық зерттеу жқмысына пікір алу мақсатында жіберіледі. Бұл жарияланбаған құжат түрін ғалымдар, аспиранттар, докторлар, мамандар белсенді түрде пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет