«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет46/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148
Дәріс 2

Тақырыбы: Құжат: түсінігінің анықтамасы.

Дәрістің мақсаты: Құжат түсінігінің анықтамасын анықтау

Дәрістің мазмұны:

«Құжат» түсінігінің мәні.

«Құжат» түсінігінің генезисі.

«Құжат» түсінігінің дамуы.

Құжаттар ерекшелігінің құндылығы. «Құжат» терминінің дамуы мен тарихын оқып қою жеткіліксіз.

Мамандар арасында бұл сұраққа ізденіс жүргізгендер: Арнтеза Х, Г. Воробьева, И.А. Комарова С.Г. Кулешова, Ю.Н. Станкова, А. Суски, Г.Н. Швецову-Водку және т.б. атап өтуге болады.

«Құжат» сөзі (латын documentum - үлгі, дәлел, түсінік) docum – оқыту, үйрету сөзінен шыққан.

Сөздің тең түп тамыры үндіеуропа тілінен шыққан. Ол қолды созу арқылы бір заттың жіберілуі, қабылдануы, немесе алынуы деген мағынаны білдіреді.

Басқа жағдайда «dek» сөзі «он» санынан шыққан және алақанды ашып қолды созған кезде он саусақ саналғанымен байланысты. Ақырындап «dek» түбірі «doc» сөзімен ауыстырылды; «doceо» - оқимын, үйренемін, «doctor» - оқымысты, «doctrinа» - оқу. Жазба жұмысында құжат сөзі орта ғасырдан ХІХ ғасырға дейін қолданылып келеді.

Орыс тіліне «құжат» сөзі І Петр тұсында енді. ХХ ғасырдың басында ол 2 мағынаны білдірді:



    1. Заңды жолмен жасалған, құқықтық дәлелдеулер мен қандай да болмасын міндеттерден құрылған кез-келген қағаз.

    2. Кез-келген жазбаша куәліктер. XVII ғасырдың екінші жартысында Францияда заңды құжаттардың санының өсуіне байланысты «дипломатика» ғылымы пайда болды. Бұл ғылымның түрі гректің «diploma» - бет, құжат деген сөзінен шыққан. Дипломатика барлық қоғамдық құжаттарды зерттеді. Оның негізін салушы ретінде 1681 жылы Париж қаласында «Книгу об искусстве дипломатики» атты еңбегінің авторы Жан Мабильон саналады.

Дипломатикада құжат сөзінің барлық түсінігі кез-келген жазбаша куәліктер құқықтың пайда болуы, дәлелденуі және орындалуы болып табылады.

Құжат үш қызмет атқарады:



  1. жаңа құжаттық жағдайды бекіту

  2. сот алдындағы айғақ болатын заттар

  3. Өкілдердің бірінен екіншісіне ауысуы.

ХІХ ғасырдың соңғы кезінде «құжат» түсінігі: бірінші кез келген пән ретінде қаралып, кейін жазбаша куәлік, құқықтық анықтамалардың қатынасы ретінде қаралды.

ХХ ғасырдың басынан бастап, терминосистемаға құжат саласындағы кең ұғымды енгізген құжат зерттеушісі және тәжірибелік іс аймағындағы атақты бельгиялық ғалым Поль Отле болатын.

Поль Отле (1868-1944) және оның бұл саладағы қолданушысы, көмекшісі Анри Лафонтенмен(1854-1943) бірге 1895 және 1931 жылдары Брюссельде негізін салған халықаралық библиографикалық институтта документация аймағындағы теорияларға негіз салды. 1938 жылы институт базасында құжат саласындағы Халықаралық конгрестің шешімі бойынша 1937 жылы Париж қаласында документация жөніндегі халықаралық федерация құрылды. Бұл ұйым 1975 жылдан бері «Международный форум по информации и документации» атты журнал шығара бастады.

П. Отле ғылым жүйесінде «құжат» түсінігін «кітап» түсінігімен байланыстырды. Бұл туралы ол өзінің 1934 жылғы ең алғашқы «Трактат о документации» атты еңбегінде айтып кеткен.



Барлық біріккен жиынтықтар жөніндегі құжаттарды ғалым 3 класқа бөлді:

  1. Библиографикалық құжаттар: жазбаша және баспа түріндегі мәтіндік. Олардың арасында - монографикалар, энциклопедиялар, аудармалар, күнделікті басылымдағы журналдар, газеттер, күнтізбелер т.б. түрлері енгізілген. Айтылмаған басқа библиографикалық құжат саласына жеке шығарылымдағы мәтіндер, хаттар, арнаулы хабарландырулар, тіркелмеген кітаптар және журналдар, сонымен қатар билеттер және жол жүру құжаттары енеді. Бір уақытта бірнеше бағыттағы жіктелулер құжат түрлерімен типтерінің араласуына негіз болғаны белгілі жәйт.

  2. Басқа да графикалық құжаттар. Бұл бөлімге мәтіндік емес құжаттар, картографиялық суреттемелер, ноталық түрлері енеді. Олардың арасына, яғни аталған суреттемелерге – иконографикалық түрлері баспадан шығарылған суреттемелердің бір түрлері, мысалға почталық хаттар, фотографиялық проекцияланған құрылғылар арқылы қабылданатын құжаттар жатады. Сонымен қатар ескерткіш суреттемелер, жазбалар, тиындар, медальдар, баспалар маңызды түрлері ретінде енгізген. Қолжазбаларды бұрынғы және қазіргі уақыттағы мұрағаттық құжаттарды П.Отле графикалық құжаттар қатарына жіктеген.

  3. Құжаттар – кітап алмастырушылар дискілер, фонограммалар, кинофильмдер сонымен қатар телефотографиялар, радиотелефотографиялар және телефондар енеді. Қатарланған жіктелуде 3 түрдегі құжаттар (минералдар, өсімдіктер, жануарлар) және жасанды түрлері, адам қолынан жасалынған техникалық бұйымдар, материлдар, азық-түліктер сонымен қатар медальдар, макеттер ерекше орын алады. Осы құжат жөніндегі кең ұғым кітапхана, мұрағат, мұражай және де ақпараттың қызмет орындарында қолданылады.

Қорытындылай келе ғылым саласына П.Отле енгізген бірнеше құжаттарды ескеру керек.

  1. Адам ойын, білемін, яғни жазбаша түрдегі кез келген ақпарат көзін құжат деп есептеуге болады. Бұл түсінік ақпарат тасымалдаушысы, яғни радио, телебағдарламаларда, театрлық көрсетілімдерде материалдық нысана ретінде қарастырылады.

  2. Ақпараттандырылған материалдық нысандар құжаттар адам қолымен жарық көрген қандай да бір жинақ болып табылады. Бұл қатарға адам қолымен жасалынған жасанды және табиғи заттар, мұражайдан орын алған ескерткіштер т.б. бұйымдар кіреді.

  3. Адам қолымен арнайы жасалынған материалдық нысаналар құжаттар қатарына кіреді «Трактат» авторы «құжат» пен «кітап» аймағындағы ұғымды ерекше белгіленген. Осыған қарай отырып, ол бәрін кең ұғым, түсінік ретінде қарастырған осындай жолмен П.Отле әлемнің құжат атты тарихына-құжат ғылымының, тәжірибелік негізін салушы ретінде атақ алды. Ол ғылымға құжат ұғымын енгізіп қана қоймай, оның негізгі түп мағынасын ашты. Теориялық ұғымдардың нәтижесінде отандық және шетелдік ғалымдар П.Отле бастаған жолмен бағыт алды. П.Отле құжатқа социалды ақпараттасушы ретінде қарады. Бірақ бұл сөзге сол уақыттарда қалыптасқан өзіндік түсінік болатын: заңды құжаттардан басқа тарихи құжаттардың ұғымы болды.

1950 жылдың басынан бастап құжат ұғымы әр түрде қолданыла бастады. Шектелген ұғымды құжат көбіне қағаз бетінде қолданылды.

Кең ұғымды түрі құжат бетінде болып, 1960-70 ж тарала бастады. «Большой советской энциклопедии»(БСО) тіркелінді. Мысалы, БСО уақытына, материалдық нысанасына, құрамына, құрылысына қарай бөлінген құжаттар сақталады. 1980 жылдың соңы мен 90 жылдың басында құжат саласына өте кең ұғымды түсінік енді. Оның бір ерекшелігі құрамына кез келген материалдық нысаналар, грампластиндер, кинофильмдер, ескерткіштер, қолжазбалардан бастап, минералдар үлгісіне дейін техникалық бұйымдар (сағат, көлік, қару-жарақ) жөніндегі ұғым енді.

Кейін түсінік шекарасы бұзылып, пайдалануға нұқсан келтірді. Құжаттың аяқ асты болғаны сонша, тіпті хайуанаттар паркіндегі пілге дейін құжат берілген, - деп, А.В. Соколов өз уәжін айтты. Құжат ұғымына маңызды түсініктерді енгізіп, әрі қарай әр салада дамуына үлес қосқан Воробьев Г.Г., Р.С. Гимяревский, О.П. Коршунов, А.И. Михайлов, А.В. Соколов, Ю.Н. Сталяров, А.И. Черный, Г.Н. Швецова-Водна және т.б. ғалымдар болатын. Құжаттандырушылар мен ақпараттандырушылар ең бірінші болып кең ұғымды құжат түрінен бас тартты. 1960 жылы А.И. Михайлов, А.И. Черный және Р.С. Гиляревский сынды ғалымдар құжат саласына физикалық белгілерді енгізді. Олардың пайымдауынша құжат – бұл өз уақыты мен кеңістігінде жарық көретін құрамында тіркелген ақпараты бар нысаналы материал. Бұл құжат мәселесіне байланысты қағаз жүзіндегі шешімдер ГОСТ-та 16487-83 мұрағат ісінде сақталған. Бұл шешімді ақпараттандырылған құжат уақыт пен кеңістіктегі белгілі бір тіркелінген ақпараттарды немесе оқиғаны жеткізу құралы делінген.Ресейде 1990 жылдары құжат ұғымын негіздей отырып О.П. Коршунов, А.В. Соколов, Ю.Н. Сталяров материалдық нысананы социалды ақпарат тасушы ретінде қабылдауды ұсынды. Бұл уақытта Украинада С.Г. Кулешов және Г.Н. Швицова-Водна құжаттардың көлемі мен мазмұнын зерттей отырып, барлық адам баласы қолданатын арнайы сақтау және тарату мақсатында қолданылатын социалды ақпарат. Ғалымдардың арқасында құжатты ең маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыра бастады.

Кітаптанушылар М.Н. Куораев, Е.Л. Немировский атты ғалымдар «құжат» терминінің қажеттілігі шамалы деп, қалыптасқан ұғымның орнына «кітап» терминін қолдануды ұсынды. Алайда, әртүрлі ақпарат тасушы құжаттар қолдану үстінде болғандықтан «кітап» және «әдебиет» ұғымдары қоғамға ақпарат көзі ретінде қолданыста бола алмайтыны айқын еді. Бәрінен бұрын «құжат» термині жақсы келетін еді. «Кітап» және «құжат» ұғымдарының арасындағы шиеленіс әлі күнге дейін орын алуда.

Осылайша, тарихи кезеңдерде «құжат» ұғымы әрдайым өзгерісте болды. Теориялық және тәжірибелік істерді шешу үшін «құжат» ұғымының маңызын, мағынасын ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет