Тегі: Айтжанова Аты: Әйгерім Әкесінің аты



бет2/3
Дата07.05.2017
өлшемі488,09 Kb.
#15968
1   2   3


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерден айырмашылығын

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйренді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Топпен жұмыс жасай білді. Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланды.

Картаны толтырған тәрбиеші: Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы

Ата-анамен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: “Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс”

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балалардың білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Формасы: ата-аналар арасында тренинг

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жүрек суреті, жұмсақ ойыншық, қалам, түрлі - түсі конверт
І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

А.С.Макаренко «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен.
«Танысу» жаттығуы

Қолымдағы допты бір- бірімізге беру арқылы  есімдерін ататқыза отырып өз  бойындағы үш қасиетін кезекпен айту.


«Менің отбасым»

Өзіміздің отбасымызды гүл бейнесімен суреттеп салып, талдап өтейік.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет