Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
|
Ұйымдастыру бөлімі
Әдепті елдің баласы алдымен амандасып алады.
-Сәлеметсіздер ме?
Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер тілейікші.
-Аспанымыз ашық болсын
Ата-анамыз аман болсын
Бәріміз дос болайық
Бәріміз күндей жарқырайық
|
Балалар амандасады. Бір –біріне жылы тілектерін айтады.
|
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
|
І. Ой шақыру
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
ІІ. Қызығушылықты ояту
- Балалар, ендеше жан-жағымызға қарайықшы?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қане, қыс айларын айтайықшы?
- Жарайсыңдар, балалар
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жылда нестейсіңдер?
- Бізге шырша қайдан келеді?
- Шыршаның діңі бүдір ме, әлде жұмсақ па?
- Шыршада не көп?
- Шыршаның бұтақшаларында не бар?
- Инелер қандай?
- Шырша безендірілген бе?
- Шыршада не ілініп тұр?
- Жоғарыда қандай ойыншық ілініп тұр?
- Шыршаның түсі қандай?
- Шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Біз шыршаның жанында не істейміз?
ІІІ- Ойын «Шырша құрастыру»
Жұмбақтар шешеу арқылы шыршаны құрастыру
Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады
Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте
І. Жаңа сабақ
«Ормандағы шырша тойы»
Әңгімені макетті көрсету арқылы түсіндіріп беру.
V. Әңгімені баяндау
- Руслан нешеге толы?
- Ол кімдермен тұрады?
- Үйлері қайда орналасқан?
- Қысқы демалысқа Русланның үйіне кім келді?
- Руслан терезеден қарағанда қандай құстарды көрді?
- Руслан неге таң қалды?
- Олардың көңіл күйлері қандай болды?
VІ. Сергіту сәті
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
-Қуан, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
VІІ. Топтастыру стратегиясы
Суреттер арқылы жинақтап көрсету
Қыс
|
Хормен: Қыс
- Қыс
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
-Тәуелсіздік мерекесін тойлап кеттік.
- Жаңа жыл
- Шырша құрамыз
- Орманнан
- Бүдір
- Бұтақшалар
- Инелер
- Өткір, жасыл, тікен
- Ия
- Ойыншықтар
- Жұлдызшы
- Жасыл
- Үшбұрышқа
- Өлең айтамыз, билейміз, айналамыз.
- мұз
- шана
- шырша
- 6 –ға
- Ата-анасы, әжесімен
- Орманның қиыр шетінде
- Ағасы Тимур
-Суық торғай мен шымшық
- Қоян сәбіз жеп отырғанына
- Мәз болып қуанды.
Сергіту сәтін педагогпен бірге қайталайды.
Балалардың алдына жыл мезгілдерінің суреттерін қоямыз. Балалар өздері сол суреттердің ішінен қыс мезгілін тауып тақтаға жапсырады.
|