3.4. №6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» бағытындағы автобус маршрутында қысқартылған маршрут қозғалысын ұйымдастыру.
Қысқартылған маршруттарды (рейстерді) енгізу арқылы қозғалыс интервалдары қысқарып, жолаушылар ағындары көп кездесетін жекелеген учаскелерде жолаушылардың көздеген орындарына жеткізу жылдамдығы өседі.
Қысқартылған маршруттар енгізу іс-шаралары белгілі мақсатта жүргізіледі. Егер маршрут бөлігінде жолаушылар ағыны белгілі уақытта төмендейтін болса, аталған маршрут түрін қолдануға болады. Бірақ та маршрут ұзындығы бойынша жолаушылардың тарату эпюрасының біркелкі еместік коэффициенті 1,3 көп болуы қажет. Маршруттың бастау алатын пунктіден қысқартылған маршруттарды белгілі маршруттың бастау алатын пунктісіне енгізген қолайлы. Қысқартылған маршруттарды ұйымдастырғанда сол маршруттың соңғы аялдамасын іздеу, сонымен бірге негізгі маршруттағы пайдаланбаған жолаушылар-километрлердің санын анықтау жұмыстары қиынға түседі.
Автобус маршруттарында ұсынылған жолаушы-орындарының шамасы туралы деректер болмаған жағдайда қысқартылған маршруттың соңғы аялдамасы мен босатылатын жолаушылар-километрлер санын анықтау үшін маршрут ұзындығы бойынша жолаушыларды таратудың тұрғызылған эпюрасы арқылы графика түрінде пайдалануға болады.
Маршруттың жекелеген аялдама аралықтары бойынша жолаушылардың тарату эпюрасын салу үшін әрбір аялдама аралықтағы тасымалданатын жолаушылар санының максимальді мәндерін пайдаланады екі жақты бағыт бойынша берілген аялдама аралықтағы жолаушылар санынан максимальды
мәнді таңдап алып графике түсіреді. Горизонталь осіне маршрут ұзындығы мен километрмен берілген аялдама аралықтарының ұзындықтары, ал вертикаль осіне - әрбір аялдама аралықтағы тасымалданған жолаушылар саны салынады. Эпюрадағы кез-келген тікбұрыштың пайда болатын ауданы орындалған жолаушылар-километрлер санын бейнелейді.
Қысқартылған маршруттың соңғы аялдамасы мен босатылған жолаушы-километрлер санын анықтау әдістемесі төмендегіші анықталады: маршруттың аялдама аралықтарының бірінде жолаушылар санының максимальды мәніне сәйкес келетін горизонталь сызығын жүргізеді. Эпюраның сонғы нүктесінде (соңғы аялдамасында) жоғарыла аталған горизонталь сызығының қиылысына дейін вертикаль сызығын жүргізеді. Эпюра үстіндегі пайда болған фигураның ауданы маршруттағы пайдаланбаған жолаушы-километр санын көрсетеді. Содан кейін осы фигураға максимальды ауданы бар төрт бұрышты (координат осьтеріне параллель жақтарымен) жазады. Оны графика түрінде жолашылар ағынының төмен түсу учаскісін жуық шамамен екі бөлікке бөлу арқылы жүргізеді. Тік бұрыштың қапталдағы бір жағын жүргізілген вертикаль сызығына ұштастырады, ал екіншісін - жолаушылардың төмен түскен учаскенің табылған ортасымен қатар жақын тұрған аялдамаға ұштастырады, ол өз кезегінде қысқартылған маршруттағы автобустардың соңғы аялдамасын көрсетеді. Салынған тік бұрыш маршрут ұзындығы бойынша жолаушылардың тарату эпюрасын қиып өтпеу қажет. Максималды ауданының салынған тік бұрышы жолаушы-километр санын бейнелейді.
Қысқартылған рейстерді үйымдастырғанда қарбалас сағаттардағы рейстер таңертеңгілік, түскі және кешкі уақыттарда жеке жүргізілуі қажет. Осы уақыттардағы қысқартылған маршруттардын ұзындығы міндетті түрде бірдей болуы керек. Қысқартылған маршруттарға автобустарды енгізгендіктен олардың интервалдары мен қозғалыс жылдамдықтарын, сонымен бірге қажетті жылжымалықұрамын анықтау мәселелері туындайды.
Қысқартылған маршрутты I` енгізгеннен кейін негізгі маршруттағы автобустардың қозғалыс интервалы мына формуламен анықталады:
,мин (3.6)
мұндағы: I - қысқартылған рейстерді енгізуге дейінгі қозғалыс интервалы, мин;
Р - қысқартылған рейстерді енгізуге дейінгі негізгі маршруттағы ұсынылған жолаушы-орындар саны;
Р' - қысқартылған рейстерді енгізуден кейінгі негізгі
маршруттағы ұсынылған жолаушы-орындар саны.
мин
Қысқартылған маршруттағы автобустардың қозғалыс интервалы мына формулалармен анықталады:
,мин (3.7)
мұндағы: Р – ұсынылған жолаушы-орындарының тапшылығын қамтитын дәреже;
(3.8)
мұндағы: - негізгі маршруттың ұзындығы, км;
- қысқартылған маршруттың ұзындығы, км.
Жолаушы-орындар тапшылығы болмаған жағдайда:
Осы өрнек негізінде қысқартылған маршруттарды (рейстерді) енгізудің басқа да шарты туындайды, атап айтқанда: 1"< , яғни негізгі маршруттағы қозғалыс интервалы максималды рұқсат етілген шектен аспауы қажет.
Автобустардың қажетті саны келесі формуламен анықталады: негізгі маршрутта
(3.9)
қысқартылған маршрутта
(3.10)
Мұндағы: - негізгі маршруттағы автобустардың айналма рейісінің уақыты, мин;
- қыстартылған маршруттағы автобустардың айналма рейісінің уақыты, мин.
Қысқартылған маршруттағы айналым уақыты келесі формуламен анықталады:
(3.11)
Қысқартылған маршруттағы қатынау жылдамдығы негізгі маршруттағы қатынау
жылдамдығымен сәйкес болуы қажет және мына формуламен анықталады:
(3.12)
Достарыңызбен бөлісу: |