2.3.Автобустардың қозғалыс жылдамдығын арттыруды қамтамасыз ететін іс шаралар.
Қала ішілік және қала маңындағы маршруттарда жұмыс жасайтын автобустардың қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жолаушыларды тасымалдау ұйымдары, көлік департаменті, көліктік бақылау және май бөлімдері, жергілікті сәулет басқармалары арасында үйлесімді және өзара келісілген әрекеттерді орындау арқылы шешу кажет.
Жолаушыларды тасымалдау мен көліктік кызмет мекемелері келесі іс шараларды орындауды кажет етеді:
маршруттарда тең динамикалық қасиеттері автобустарды пайдалануға;
жүрдек, экспресті және қысқартылған маршруттарды (рейстерді) енгізуге;
маршруттарда аялдама аралықтарының тиімді ұзындықтарын орнатуға;
тәуліктің түрлі мезгілінде, апта күндері мен жыл мерзімінде учаскелер бойынша козғалыс жылдамдыктарын ғылыми дәйектемелік нормалауды жүргізуге;
қозғалыс бағыттары бойынша сұранысы аз автобус аялдамаларды таратуға жәнс қысқартуға;
жүргізушілер біліктілігін жоғарлатуға;
аялдамалы пунктілердің орналасуын жақсарту, автобустар аялдамаларына арнайы орындар белгілеу, бір аялдама жолаушылардың отыруы мен түсуіне жеке орындарды ұйымдастыру нәтижесінде жолаушылардын отыруы мен түсу уақыттарын қысқартуға;
маршруттарда қозғалыс жылдамдықтарын арттыруға белсенді араласатын жүргізушілер мен инженерлік- техникалық жұмыскерлерді моральдық және материалдық ынталандыруды қамтамасыз етуге;
орталықтандырылған диспетчерлік станция жұмысын байланыс пен автоматиканың жаңа үлгідегі құралдарын
пайдалану арқылы ұйымдастыруға;
қалалық жолаушылар көлігінің қозғалысын координирлеуге.
Көліктің бақылау мен Жол полиция бөлімдері көшелер мен жолдардың жүргін бөлігін кенейтуге, түрлі деңгейдегі қиылыстарды салуға, көліктің магистральдар мен тораптардың өткізу қабілеттілігін жоғарлатуға бағытталған іс шараларды орындау үшін:
көліктің біржақты қозғалысын енгізу;
қоғамдық жолаушылар көлігінің қозғалысына арнайы жолақтарды барлық магистраль немесе оның жекелеген учаскелері бойында бөлу (автобустардың қатынау жылдамдығын 20-25% өсіреді);
бір бағытта үш және одан көп жолақтары бар қалалық магистральдарды жергілікті, транзиттік, маршруттық және автомобильдік қозғалыс етіп бөлу;
көлік қозғалысының жоғары қарқындылығы бар көшелерде, сонымен бірге автобустық аялдамаларға 50 м жетпей автомобильдер тұрағын салу;
маршруттық автобустарды тиым салатын оң және сол бұрылыстардан босату.
Автомобиль өнеркәсібі шығарыларын автобустардың динамикалық қасиеттерін жақсарту, кең есіктерді пайдалану және оларды тиімді орналастыру, салон жоспарлығын жақсарту, барлық тораптар мен агрегат-тардың конструкция қауіпсіздігін жоғарлату іс шараларын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен бірге, бұл өнеркәсіп қала маңындағы автобустар өндірісін жолға қою қажет.
Жасалатын іс шараларды ескере отырып көліктің бақылау мен көліктің қызмет жұмыскерлері автобустардың қозғалысын ұйымдастырғанда келесі ерекшеліктерді есепке алу қажет:
жергілікті жағдайларға байланысты жаңа жасалып жатқан кестелерде автобустардың пайдалану жылдамдығы қала ішілік маршруттарда 20,0 км/сағ, ал қала маңындағы маршруттарда 25 км/сағ аспауы тиіс;
қолайсыз ауа райы мен жол жағдайлары автобустардың техникалық жылдамдығын қала ішілік маршруттарда 2-15 %, қала маңындағы - 37 % дейін төмендетеді;
қатынау жылдамдығы 1 км/сағ жоғары өзгергенде (5% аса) маршрут немесе оның жекелеген учаскілері бойынша автобустың жүрісі уақытының жаңа нормасын орнату қажет;
маршруттарда аялдама аралықтарының ұзындығы қаланың орталық аудандары үшін 500-600 м, шет аудандарда 800-900 м болуы қажет;
аялдама аралығының ұзындығы әрбір 100 м-ге ұзарған сайын маршруттағы қатынау жылдамдығы 1-1,1 км/сағ еседі (ол үшін қала маршруттарында аялдама аралық 400-800 м, қала маңындағы - 700-2000 м болуы шарт);
қала ішілік маршруттарда 10-15 км және қала маңындағы -15-30 км аралықта маршрут ұзындығын 1 км ұзарту арқылы пайдалану жылдамдығы қала ішілік маршруттарда 1,7-2,5 % , қала маңындағы -7-10 % көбейтеді;
қалалық автобустардың сыйымдылығын әрбір 10 жолаушыға көбейту (артық алу) қатынау жылдамжығын 0,5-07 км/сағ төмендетеді;
8 км-ден ұзын маршрутта қатынау жылдамдығын 1 км/саг өсіру (қатынау жылдамдығын 20-25 км/сағ болуы шарт) әрбір 25 автобус ішінен 1 автобусты босата алады;
пайдалану жылдамдығын 1 км/сағ өсіру автобустардың өнімділігін 5 % жоғарлатып жолаушыларды тасымалдаудың өзіндік құнын орташа 1,4% төмендетеді;
соңғы пунктілерде қала ішілік автобустардың тұру уақыты рейс уақытынан қарбалас сағаттарда
6-7%, калған уақыттарда 8-10% құрау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |