Техника-экономикалық негіздеу
Курсовая жол журу
Маршрутта немістік Mercedes-Benz Sprinter маркалық автобустары қызмет көрсетеді Автобустардың негізгі техникалық көрсеткіштері 1.2-кестеде берілген. 1.2-кесте. Автобустардың қысқаша техникалық сипаттамасы
Ауылшаруашылық жағдайларына бейімделген автобустың доңғалақты формуласы 4х2, жолаушыларға өте ыңғайлы етіп құрастырылған. Багажды тасымалдау мүмкіндігі. Маршрут бойынша тәуліктік жолаушылар ағыны 1,3 және 1,4 суреттерде көрсетілген. Суреттерге сәйкес жолаушылар ағыны қарбалас сағаттарда өсіп отырады. Сонымен бірге басқа да уақыттарда да жолаушылар осы маршрутты жиі пайдаланады. Себебі маршрут негізінен қала орталығы мен қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардан өтеді. Қыс және жаз айларында да жолаушылардың ағыны біркелкі байқалады. Оқушылар тарапынан автобус маршруты үлкен сұранысқа ие болып отыр. 2. Курстық жобанын орындауға қажетті теориялық және әдістемелік негіздері. 2.1. Жолаушыларды тасымалдау сапасының нормативті көрсеткіштері. Автомобиль көлігінің қызметкерлері автобустармен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырғанда бір катар маңызды, күрделі және көп еңбек сыйымдылықты мәселелерді шешуге тура келеді, мысалы, маршруттардың схемаларын анықтайды, әрбір маршрут үшін автобустар саны мен типін, автокөліктік мекемелер бойынша тәулік сағаттары, апта күндері, жыл мезгілдерінде таратады, маршруттар бойынша автобустар козғалысына жүйелі түрде бақылауды ұйымдастырады, жолаушылар тасымалы бойынша нақты мәселелерді шешу үшін жолаушылар ағыны тұрақты зерттейді, еңбек режимін анықтап жүргізушілердің жұмыс кестесін жасайды. Демек, автобустармен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін жасалатын барлық іс шаралар кешені екі негізгі бөліктен тұрады: автобустар қозғалысын ұйымдастыру және диспетчерлік басқару. Бірінші бөлікте негізінен жолаушылар тасымалының тиімді жоспарын жасау болып табылса, ал екінші бекітілген жоспардың тиімді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жолаушылар тасымалының сапасы көліктік қызмет көрсетудегі жолаушылар қажеттіліктерінің қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын жиынтықты көрсеткіштермен анықталады. Жолаушылардың тасымалдау сапасының негізгі көрсеткіштеріне: сапар шегудің ыңғайлылығы; жолаушылармен жүруге кеткен уақыты мен тасымалдау қауіпсіздігі жатады. Осы көрсеткішті анықтайтын шарттар: автобустық топтардың тығыздығы, маршруттарда автобустардың кестеге сәйкес дәл жүруі және жиілігі, қатынау жылдамдығы, сонымен бірге көлік мекемесі ұжымында жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың деңгейі, жолаушы көлігінің жұмысы туралы ақпарат пен жарнамалардың күйі. Жолаушылар тасымалының сапалы көрсеткіштерінің тиімді нормативтері: автобус ұзындығы мен қатынау маршруттарының түріне қарай автобустардың толуы; қала ішілік қатынастағы автобустың номинальды сыйымдылығы отыруға арналған орындар саны мен өлшемдегі автобус еденінде тұрып тұрған бір жолаушыға келетін салон еденінің бос аудыны нормативін ескере отырып белгіленеді; 2.1-кесте. Қатынау түрлері мен жылжыма құрамының типажы бойынша автобустардың толу нормативтері
зауыт-жасаушының шарттарымен белгіленетін автобустардың шекті сыйымдылығына есептелген толу коэффициенті: қалалық автобустарға - 0,28 көп смес (тәулік ішінде орташа), оның ішінде автобустын маркасына қарай қарбалас сағаттағы көп жүктелген маршруттарда - 0,73-0,78; қала манындағы маршруттарға - 0,56 көп смес; қала ішілік маршруттарда автобустардың жүру графигіне бақылау жасау пунктінің саны - кем дегенде екеу; әртүрлі топтағы қалалар үшін маршруттық топтың тығыздығы: 100 мың тұрғынға дейін - 1,4-1,6 км/ ; 250 мын дейін - 1,8-2,0; 500 мың дейін - 2,0-2,3; 1 млн дейін - 2,4; 1 млн аса - 2,5 км/ ; автобустармен маршруттарды толықтыру нормативі; қарбалас сағаттар кезінде 1 км торапта маршруттардың жылжыма кұрамымен толықтырылуы бір бағыттағы сағаттық жолаушылар ағынына қарай 2,2-кестеде келтірілген өлшемдерге сәйкес келуі қажет. 2.2-кесте. Қарбалас сағаттар кезінде 1 км торапта маршруттардың жылжыма құрамымен толықтырылуы
жүктеу/скачать 79,19 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |