2. Ғылыми басқару мектебінің қалыптасуы және дамуы (1865-1920ж)
Ф.У.Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары:
қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
еңбекке мамандандыру;
еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
20 жылдардағы Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері Л.Гильберт, Г.Эммерсон, Г.Форд т.б.
Ф.Тейлор (1856-1915 ж.ж.) – ғылыми менеджменттің негізін қалаушы. Ол өз көзқарастарын «Кәсіпорынды басқару» (1903ж.) және «Ғылыми басқару принциптері» (1911ж.) баяндады. Онда ғылыми басқару төрт негізгі облыста дамыды:
- еңбекті нормалау;
- менеджерлердің ролі;
- қызметкерлерді іріктеу және оқыту;
- марапаттау және ынталандыру.
Ч.Бэббидж бірінші болып дене және ақыл ой еңбегінің бөлінісі туралы концепцияны қалыптастырды:
жұмысшыға талапты жеңілдету арқылы мамандықты игеру мерзімін қысқарту;
бір мақсатқа бағытталған оқу үрдісіне жұмсалатын шығынды азайту;
қызмет түрі ауысымының болмауына орай уақыт үнемдеу;
жоғары деңгейлі біліктілік пен жұмыс өнімділігіне қол жеткізу;
шығармашылыққа ынталандыру;
сыйақы төлеу жүйесін қолдану.
Г.Гантт (1861-1919ж.ж.) жұмысшылардың жекелеен операцияларымен емес, жалпы еңбек үрдісімен айналысты. Ол өндірістің жоғары өнімділігіне қол жеткізу үшін менеджер оның әрбір элементін, мәселесін ғылыми талдау керек деді.
Адами факторды Гантт өндірістің негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырып, алдымен уақыт шығынын үнемдеу мақсатында жұмысшыларды жаңа дағдыларға үйрету қажет екендігін дәлелдеді.
Л. Гилберт АҚШ-та психология докторы атағын алған алғашқы әйел адам. Ол персонал менеджментінің негізін қалады, кадрларды таңдау, даярлау, орналастыру мәселелерімен шұғылданды.