Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет128/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141

      "Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 89-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны (белгіленген деңгей)

Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Қазақ (орыс)тілінің синтаксисі.Мамандық бойынша терминология.Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен).Кәсіптік қарым-қатынас.Тілді дамыту.



Білімдер:

- іскерлік қазақ (орыс) тілі негіздерін;

- кәсіптік лексиканы;

- мамандық бойынша грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен);

- оқылатын мәтінді талдау;

- монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу.



БҚ 1-БҚ 4

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі.

Кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал.Тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде).Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен).



БҚ 1-БҚ 4

ЖГП 03

Қазақстан тарихы.





ЖГП 04

Дене тәрбиесі.

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің ролі.Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері.Дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері.



Білімдер:

-дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;

- дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын;

- дұрыс тамақтану принциптерін;



Іскерліктер:

- әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру.



БҚ 1,

БҚ8


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу.

Сызбаларды рәсімдеу ережелері.Сызбалардағы геометриялық құрылулар.Сызбалар-дағы проекциялық көріністер.Сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы.Геометриялық фигуралардың жаймалары.Сызбалардағы көріністердің орналасуы. Қималар мен тіліктер.Тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлердің, қималар мен тіліктердің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау.Машинажасау сызуы.Қарапайым машинажасау сызбаларын оқу. Алмалы-салмалы қосылымдар.Алынбайтын-салынбайтын қосылымдар. Құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшектер эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу.



Білімдер:

- сызбаларды рәсімдеу ережелерін;

- көріністердің сызбаларда орналасуын;

- сызбалардағы проекциялық көріністерді;

- қималарды және тіліктерді;

- алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды.



Іскерліктер:

- электр механикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу;

-машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау.


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 1.12.4,

КҚ 1.13.5,

КҚ 1.14.3,

КҚ 1.14.4,

КҚ 1.15.2,

КҚ 1.15.6,

КҚ 1.16.2



ЖКП 02

Техникалық механика негіздері.

Механизмдер мен машиналар жіктеуі.Механизмдер бөліктері.Механизмдер кинематикасы (механизм және машина, киҒнематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері).Бөлшектер мен жиналмалы бірліктер.Жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар.Бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын).Айналу қозғалысының беріліс механизмдері.Айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы). Арналуы, сипаты, құрылымы,белгіленуі және кинематикалық схемасы. беріліс саны.Абсолюттік қатты дене.Деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу.Сыртқы күштер және олардың түрлері.Серпімділік пен кернеудің ішкі күштері.Істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер.



Білімдер:

- машиналар мен механизмдер жіктеуін;

- бөлшектерді байланыстыру түрлерін;

- айналу қозғалысының беріліс түрлерін;

- деформацияның негізгі түрлерін;

- шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін.



Іскерліктер:

- бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу;

- беріліс сандарын анықтау;

-серпімділік пен кернеудің ішкі және сыртқы күштерін айыра білу.



БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 1.13.1,

КҚ 1.13.2,

КҚ 1.13.5,

КҚ 1.14.2,

КҚ 1.14.4,

КҚ 1.15.6,

КҚ 1.16.2,

КҚ 1.16.4


ЖКП 03

Электртехника электроника негіздерімен.

Электрлік және магнитті тізбектер.Ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері.Электрлік құрылғылар. Электрөлшеуіш аспаптар.Электронды аспаптар мен құрылғылар.Трансформаторлар.Электрлік машиналар мен аппараттар.Электрқуатын өндіру, тарату және қолдану.Электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету. Электржетек негіздері.



Білімдер:

- электрлік және магниттік тізбектерін;

- ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін;

- электрлік құрылғыларын;

- электр қуатының өндірілуін, таралуын және қолданылуын;

- электржетекті және электравтоматиканы.



Іскерліктер:

- электржабдықтары мен автоматика құралдарын жөндеуге арналған электрсхемаларын оқу;

- электржабдықтары және автоматика құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу барысында электрөлшеуіш аспаптарын қолдану. 


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ1.12.4,

КҚ 1.12.7,

КҚ 1.13.1,

КҚ 1.13.5,

КҚ 1.14.1,

КҚ 1.15.2,

КҚ 1.16.4



ЖКП 04

Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері.

Ақпаратты кодтау. Сандық жүйелер. Бір жүйеден екінші жүйеге ауысу. Екілік арифметика. Формалды, математикалық логика.Модель түсінігі.Модельдер типтері.Алгоритм түсінігі.Алгоритмдер типтері.Бағдарламалау тілі.Бағдарлама, оны құрылымдау.Автоматты реттеу.Реттелетін параметр.Реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар.Автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары.Басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары.

Процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі.


Білімдер:

- ОС WINDOWS түрлерін;

- WORD мәтіндік редакторын;

- EXCEL электронды кестелерін;

- Corel DRAW векторлық редакторын;

- вирустардан қорғануын;

- WinZip архиваторын;

- ОС DOS;

- Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын;

- бағдарламалық тілдерін;

- автоматты реттеу негіздерін;

- автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын.



Іскерліктер:

- жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану;

-автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру.


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ1.12.4,

КҚ 1.13.2,

КҚ 1.14.2,

КҚ 1.15.3,

КҚ1.16.3


ЖКП 05

Геология негіздері.

Жер және ғарыш. Экзогенді және эндогенді геологиялық процестер.Минералогия, петрография және кристаллография.Минералдардың негізгі қасиеттері.Пайдалы қазбалар кенорындары.Кен орындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері.Геологиялық барлау жұмыстары,гидрогеология.



Білімдер:

- Жер мен Күн жүйесі құрылымдарын;

- минералдар мен тау-кен жыныстарының пайда болу процестерін және олардың қасиеттерін;

- геологиялық барлау жұмыстарының тәсілдерін.



Іскерліктер:

- бос тау-кен жыныстарынан пайдалы қазбаларды айыра білу.



БҚ 1- БҚ 8,

КҚ1.12.1,

КҚ 1.13.1,

КҚ 1.14.2,

КҚ 1.14.3,

КҚ 1.15.4,

КҚ 1.15.5,

КҚ 1.16.5



ЖКП 06

Геодезия және маркшейдер ісі негіздері.

Геодезия.Координаттар жүйесі.Бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу, геодезиялық аспаптар.Геодезиялық тармақтар. Топографиялық түсірілімдер.Маркшейдерлік іс.

Жерастылық теодолитті түсірілім. Қималы және тазартымқазбаларындағы түсірілім жұмыстары.Тік түсірілімдер.Маркшейдерлікқұжаттама.Тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді маркшейдерлік бақылау.


Білімдер:

- координаттар жүйесін;

- бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу тәртібін;

- геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарды;

- маркшейдерлік түсірілімдер түрлерін.

Іскерліктер:

- маркшейдерлік схемалар мен тау-кен жұмыстарының пландарын оқу;

- жұмыстарды дұрыс және қауіпсіз жүргізуді бақылаудың маркшейдерлік құралдарын қолдану.


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ1.12.1,

КҚ 1.13.2,

КҚ 1.14.3,

КҚ 1.15.3,

КҚ 1.16.5



ЖКП 07

Еңбекті қорғау.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары.Өнеркәсіп санитариясы.Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар.Өрт профилактикасы және тау-кен құтқару ісінің негіздері.



Білімдер:

- жерасты тау-кен қазбаларында өзін-өзі ұстау ережелерін;

-адам шығатын қосалқы жерлерін;

-кен қазбаларындағы газ режимін.



Іскерліктер:

- еңбекті қорғау ережелерін ұстану;

-өзін құтқару және өрт сөндіру құралдарын қолдану; - қауіпті және зиянды факторларды айыра білу. 


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 1.12.8,

КҚ 1.13.6,

КҚ 1.14.6,

КҚ 1.15.7,

КҚ 1.16.7



АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Кен ісі.

Кен өндірісінің негізгі технологиялық процестері. Тік, еңіс және жазық кен қазбалары.Тазартым және даярлық забойлары.Тазартымжәне даярлық жұмыстарын жүргізу технологиясы.Тазартым забойының төбесін бекіту және басқару құжаты.Даярлық қазбасын жүргізу және бекіту құжаты.Шахтаны, тазартым және даярлық забойларын желдету.Шахтаның, тазартым және даярлық забойларының шаң-газ режимі.Шахтаның және оның объектілерінің апатты жоюға даярлығы.



Білімдер:

- негізгіжәне қосалқы жұмыстардың технологияларын;

-кен қазбаларының, тазартымжәне даярлық забойларының, қосалқы жұмыстардың түрлерін;

- өрт сөндіру және өзін құтқару құралдарының орналасуын.



Іскерліктер:

- өз бетімен қосалқы жұмыстарды орындау;

-даярлау қазбаларын өткізу мен бекітуде көмектесу.


БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 1.12.7,

КҚ 1.13.1,

КҚ 1.14.1,

КҚ 1.14.3,

КҚ 1.14.5,

КҚ 1.15.1,

КҚ 1.16.1,

КҚ 1.16.5,

КҚ 1.16.6



АП 02

Кен машиналары мен кешендері.

Гидро-және пневмажетектер негіздері.Уатқыш балғалар мен бұрғылау машиналары.Дайындау және тазарту жұмыстарына арналған жабдықтар мен кешендер, құрылымы мен техникалық сипаттамалары.Бұрғылау станоктары.Жұмыс істеу принципі мен қолданылу аумағы.Қазу, тиеу және көлік машиналары, кешендері.Тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар, құрылымы, арналуы және қолданылу аумағы.Тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын машиналар мен механизмдердіңконструкциялық ерекшеліктері.



Білімдер:

- уатқыш балғалардың, бұрғылау құрал-саймандары мен бұрғылау машиналарыныңқұрылымын, арналуын;

-тазарту және дайындау комбайндарының, механикаландырылған кешендердіңжұмыс істеу принципін, қолдану аумағын;- тау-кен машиналары мен механизмдерін қауіпсіз қолдану ережелерін;

- тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтардың арналуы мен құрылымын.



Іскерліктер:

- кен техникасын дұрыс және қауіпсіз қолдану;

- кен машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу. 


БҚ 5-БҚ8,

КҚ1.13.1-КҚ1.13.5,

КҚ1.14.1,

КҚ1.14.5,

КҚ1.14.6,

КҚ1.15.4,

КҚ1.15.5,

КҚ1.16.2-КҚ1.16.5



АП 03

Кен кәсіпорындарындағы электр жабдықтары мен электр қуатын жеткізу.

Кен электр жабдықтарын пайдалану және конструкциялық орындалу ерекшеліктері.

1140В дейін және одан жоғары кернеудің басқару және қорғаныш электр аппаратурасы.Кен кәсіпорын-дарының электр қуатымен жабдықталуы.Кен кәсіпорын-дарының электр жүйелері.Электр қондырғыларының қорғанышы.Кен қазбаларын жарықтандыру.Кеніштегі белгі беру мен байланыс.Электр тоғына түсуден қорғану.


Білімдер:

- электр механикалық жабдықтардың конструкцияларын және әрекет ету принципін;

-түйістіргі және тоқ реттегіш (реле) көмегіменэлектр қозғалтқыштар жетектерін басқару тәсілдерін;

-электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін;

- қорғанышжерге қосу құрылғыларын, арналуын.

Іскерліктер:

- магнитті және тиристорлы қосқыштардың көмегімен электр қозғалтқыштарды іске қосуды жүргізу;

-жерге қосу желісінің құрылғысына қойылатын талаптарды анықтау;

- электр жабдықтарын пайдалану. 



БҚ 5-БҚ8,

КҚ1.12.1-КҚ1.12.7,

КҚ1.13.5,

КҚ1.14.5,

КҚ1.15.2,

КҚ1.15.6,

КҚ1.16.2,

КҚ1.16.4


АП 04

Кеніштік көлік.

Көлік машиналары теориясының негіздері.Кеніштік көлік түрлері.Шахталық рельсті жол.Дірілді, тақташа, ысырма, таспалы және арнайы конвейерлер.Шахталық вагонеткалар, локомотивті тасылым.Монорельсті аспалы және жермен жеткізу құралдары.Жер бетіндегі технологиялық кешен.Шахта көлігінің жұмысын ұйымдастыру.Ысырма көлігі.



Білімдер:

- кеніштік көлік түрлерін;

-шахталық рельс жолының құрылысын;

- шеткі рельстік тасылымның және конвейерлік көліктің, жер беті технологиялық кешенінің құрылғысын;

- кеніштік көлікті қауіпсіз пайдалану ережелерін.

Іскерліктер:

- конвейерлік көлікке қызмет көрсету мен пайдалану бойынша жұмыстарды орындау;

-шеткі тасылым плиталарындағы, төңкерушілердегі рельс жолын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау.


БҚ 5-БҚ8,

КҚ1.13.3,

КҚ1.14.2,

КҚ1.14.4,

КҚ1.14.6,

КҚ1.15.1-КҚ1.15.4,

КҚ1.15.6


АП 05

Өндіріс процестерін автоматтандыру.

Автоматика және телемеха-никаның негізгі түсініктері.Сандық техника элементтері.Автоматтандырудың техника-лық құралдары.Тау-кен машиналарын, шахта көліктерін және жылжымайтын қондырғыларды автоматтан-дыру.Технологиялық про-цестерді автоматтандыру.Тау-кен жабдықтары мен технологиялық процестерді автоматтандырудағы даму бағытының болашағы.



Білімдер:

- кен өндірісінің автоматика және телемеханика негіздерін.



Іскерліктер:

- автоматтандыру аппаратурасын қолдану білу.



БҚ 5-БҚ8,

КҚ1.12.4,

КҚ 1.13.2,

КҚ 1.14.2,

КҚ 1.15.3,

КҚ 1.16.3



АП 06

Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.

Зақымдану және кәсіби аурулар.Ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі.Өндірісте салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құру.Кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың басқару жүйесі.Өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі.Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар. Зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.



Білімдер:

- еңбек заңнамасы, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасы мен кен құтқару ісі негіздерін;

- тау-кен жұмыстарынжүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын;

- өндіріс қауіптіліктері мен зияндылықтарын;

-зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстану;

-зиянды және улы газдарды өлшеу;

- жазатайым оқиға болған жерді тергеу мақсатында ешкімнің бас сұқпауын қамтамасыз ету;

- жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету.


БҚ 5-БҚ 8,

КҚ1.12.8,

КҚ1.13.6,

КҚ1.14.6,

КҚ1.15.7,

КҚ1.16.7


АП 07

Кенөндіру саласындағы нарықтық экономика негіздері.

Нарықтық экономикаға ену. Нарықтық экономиканың негізгі принциптері, мониторинг, сұраныс және ұсыныс. Нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік. Кәсіпкерлік пен нарықтық қатынастар субъектілерін дамыту. Кәсіпорын іс-әрекетінің экономикалық шығындары мен нәтижелері. Маркетинг және жарнама. Баға және баға қалыптасу. Шаруашылық іс-әрекеті өндірісінің тиімділігі. Салық және салық салу.



Білімдер:

- тауар өнімінің атаулары мен сипаттамаларын;

- бәсекелестік, оның мәні мен міндеттері туралы ұғымдарды;

- банктер міндеттерін анықтауды;

- шығындар, нарық субъектілері бойынша негізгі ұғымдарды;

- маркетинг туралы ұғым мен мәнін, оның мақсаттарын және міндеттерін;

- жарнамаларды, жарнамалар түрлерін;

- бағаны анықтауды;

- салықтар түрлерін.

Іскерліктер:

- кірістерді, шығындарды есептеу;

- тауардың өзiндiк құны бағасын, өндiрiс бағасын, көтерме бағаны, бөлшек сауда бағасын (үлгi әдiсімен) анықтау.


БҚ 1-БҚ 6,

КҚ1.12.7,

КҚ 1.13.4,

КҚ 1.14.5,

КҚ 1.15.1,

КҚ 1.16.1



БҰАП 00

Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер

ӨО 00

Өндірістік оқыту

ӨО 01

Оқу-өндірістік шеберханалардағы практика.

Металдарды слесарлық және механикалық өңдеудің негізгі процестерімен және қолданылатын жабдықтармен, құрал-саймандармен, керек-жарақтармен танысу. Слесарьмен станокшының жұмыс орнын ұйымдастыру,еңбектi нормалау негiздерi. Металдарды өңдеу бойынша практикалық іс-әрекеттің қажетті ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.



Іскерліктер:

- машинажасау сызбаларын оқу;

- нормативті-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу.

Дағдылар:

- металдар мен материалдарды танып білу;

- өлшеуіш құрал-саймандарын пайдалану;

- бөлшектерді өңдеу бойынша технологиялық процесс картасын құрастыру.



БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 1.12.1,

КҚ 1.13.1,

КҚ 1.14.1,

КҚ 1.15.1,

КҚ 1.16.1



ӨО 02

Кәсіптік дағдыларды қалыптастыру бойынша практика.

Оқу кен полигоны немесе тау-кен кәсіпорны жағдайларында теориялық білімдерді бекіту.

Пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен кәсіпорнымен жалпы танысу. Тазартым жұмыстарын жүргізу барысында кен қазбаларын өткізу технологиясымен, технологиялық процестер кешенімен танысу. Кен-шахталық тұрақты жабдықтардың жұмысымен танысу. Жөндеу бригадаларының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу. Жоғары деңгейдің тиісті дәрежелі жұмысшы мамандығы үшін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген жұмыстар кешенін білім алушылардың меңгеріп алуы.


Іскерліктер:

- кен жабдықтарының әрекет етуін тексеру;

- нормативтік құжаттар талаптарына кен жабдықтарының техникалық күйінің сәйкестігін анықтау;

- монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау;

- қосалқы шығатын есігі бар жұмыс орнына қарай апаттарды жою жоспарына жетекшілік ету;

- қорғаныш және іске қосу аппаратурасын пайдалану ережелерін, жабдықтарды жарылыс және ұшқын қауіпсіздігіне тексеру ережелерін қолдану;

- кәсіпорында электр қуатын тарату және тарату бекеттері жабдықтарының схемаларын оқу.

Дағдылар:

- кен машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету;

- қондырғыларды жерге қосу;

- бекітпені орнату, рельс жолын төсеу, теспелерді бұрғылау бойынша операцияларды қауіпсіз орындау;

- монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау;

- қорғаныш және іске қосу аппаратурасын пайдалану;

- тау-кен кәсіпорындарының тұрақты жабдықтарында, кеніш көлігінде, аздаған механикаландыруда жұмыс істеу.


БҚ 5-БҚ 8,

КҚ1.12.3,

КҚ 1.12.7,

КҚ1.13.2-

КҚ 1.13.4,

КҚ 1.14.2,

КҚ1.14.6,

КҚ1.15.3,

КҚ 1.15.4,

КҚ 1.15.6,

КҚ1.16.3,

КҚ 1.16.5,

КҚ 1.16.6


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет