Ескерту:
Базалық құзыреттер 1кесте
Құзыреттер коды
|
Базалық құзыреттер (БҚ)
|
БҚ 1
|
Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну. Қазіргі әлем туралы ұғымға ие болу, қоғамда өзін және өз орнын жете түсіну.
|
БҚ 2
|
ҚР Конституциясыныңнегіздерін білу, экологиялық, құқықтық, ақпараттықжәнекоммуникациялықмәдениетке ие болу, мемлекеттік, орысжәнешеттілдерінде қарапайым ептілікпен тілдесу.
|
БҚ 3
|
Тұрақты түрде жаңабілімдерді қалыптастыруға, кәсібиөсугежәнежеке басыныңәлеуетінжүзеге асыруда қажеттілікке деген даярлығын білдіру.
|
БҚ 4
|
Қажетті ақпаратты іздестіруді жүзеге асыру және өзінің кәсіби іс-әрекетін іске асыру үшін оны пайдалана білу.
|
БҚ 5
|
Схемаларды және сызбаларды орындаудың тәжірибелік ептіліктері мен дағдыларына ие болу, техникалық құжаттаманы оқу, өлшеуіш құрал-саймандарды және аспаптарды пайдалану.
|
БҚ 6
|
Нәтиже сапасына жұмыс істеу, өз жұмысына, жабдықтарға, материалдар мен қорлардың шығынына жауапты болу.
|
БҚ 7
|
Технологиялық процестің бірізділігін ұстану, қойылған оқу және өндіріс міндеттерін орындау үшін барынша тиімді тәсілдер мен құралдарды таңдау.
|
БҚ 8
|
Өз денсаулығына жауапты болу, тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстану.
|
Кәсіптік құзыреттер 2 кесте
ТжКБ деңгейі
|
Біліктілік
|
Кәсіптік құзыреттер (КҚ)
|
Белгіленген деңгей
маманы
|
070618 1 - Үйінді
көпір машинисі
|
КҚ 1.18.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.18.2 Аршу экскаваторларымен бірлесу жұмысы барысында үйінді көпір мен кен массасын тасымалдау, үйінділеу және забой жанында көпірді жылжыту механизмдерін басқару.
КҚ 1.18.3 Экскаваторлардың және көпірді басқарушы пульттардың өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету.
КҚ 1.18.4 Үйіндіге топырақтың төселуін, трассаның және үйіндінің, жұмыс алаңының, көпір механизмдерінің жағдайын бақылау.
КҚ 1.18.5 Тексеруші-өлшеуші аспаптардың көрсеткіштері арқылы үйінді көпірі жұмысын сынамалау және реттеу.
КҚ 1.18.6 Берілген сұлба бойынша үйінді көпірін қозғау.
КҚ 1.18.7 Ішек сымды аршуға, қанаттарды, таспаны, шөміштің тістерін ауыстыруға қатысу.
КҚ 1.18.8 Машинаны жерге қосуын және иілгіш ішек сымның жағдайын қадағалау.
КҚ 1.18.9 Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және жою.
КҚ 1.18.10 Ағымдағы жөндеу жұмысын орындау және жөндеу жұмыстарының басқа түрлеріне қатысу.
КҚ 1.18.11 Жөндеу жұмысынан кейін және ауысымды қабылдау мен тапсырудан кейін үйінді көпірді қабылдау және тексеру.
КҚ 1.18.12 Желдің тым жоғары жүктемесі кезінде үйінді көпірді жерге бекіту.
КҚ 1.18.13 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070623 1 - Қопарғыш
|
КҚ 1.23.1 Өз жұмыс орнын дайындау.
КҚ 1.23.2 Жарылғыш материалдарын жазғызу, қабылдап алу, тиеу, түсіру, базис және тарату қоймалардан жұмыс орындарына жеткізу, қалғандарын қоймаларға тапсыру.
КҚ 1.23.3 Жарылғыш материалдарының қолданысқа жарамдылығын анықтау, жарамсыздарды жою.
КҚ 1.23.4 Оталдырғыш оқшандарды дайындау.
КҚ 1.23.5 Қауіпті аймаққа күзет қою.
КҚ 1.23.6 Теспелерді, ұңғымалар мен камераларды оқтау.
КҚ 1.23.7 Жарылыс желісін монтаждау, оның жарамдылығын тексеру.
КҚ 1.23.8 Ашық, жерасты кен және геофизикалық жұмыстары кезінде жарылыс жұмыстарын орындау.
КҚ 1.23.9 Жарылыс жұмыстарын жүргізу үрдісінде тағайындалған белгілерді беру.
КҚ 1.23.10 Жарылыс жұмыстары орындарын қарап шығу, жарылмаған оқтамдарды жою.
КҚ 1.23.11 Жарылыс жұмыстары журналын жүргізу.
КҚ 1.23.12 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
Ескерту:
- сәйкес бағдарлама бойынша оқып білім алған, емтихандарды тапсырған және жарушының (жарушы-шебердің) Біріңғай кітапшасын алғандар, жарылыс жұмыстарын атқаруға жарушы (жарушы-шебер) ретінде жіберіледі;
- орта білімді, 22 жастан асқан, жерастында кем дегенде 2 жыл еңбек еткен уақыты (стажы) бар адам газ немесе шаң-тозаңның жарылысы бойынша қауіпті көмір шахтасына жарушы (жарушы-шебер) мамандығы бойынша арнаулы оқуға жіберіледі; 20 жастан асқан, өз кәсіпорны жұмыстарының профилі бойынша кем дегенде 1 жыл еңбек еткен уақыты (стажы) бар адам басқа жарылыс жұмыстары бойынша арнаулы оқуға жіберіледі.
|
|
070624 1 - Жарылғыш материалдарды үлестіруші
|
КҚ 1.24.1 Өз жұмыс орнын дайындау.
КҚ 1.24.2 Жарылғыш материалдарын және жару құралдарын қабылдап алу, тапсыру, тиеу және түсіру, сонымен қатар оларды белгіленген жерге дейін апару.
КҚ 1.24.3 Жарылғыш материалдарының және жару құралдарының жарамдылығын анықтау.
КҚ 1.24.4 Оқшандар мен тұтатқы түтіктерді таңбалау, отпілтені дайындау және кесу.
КҚ 1.24.5 Жарылғыш материалдарының кірісі мен шығысын есепке ала отырып жарылғыш материалдарын және жару құралдарын жарушыға беру, қалдықтарын қабылдап алу.
КҚ 1.24.6 Жарамсыз жарылғыш материалдарын сынауда және жоюда қатысу.
КҚ 1.24.7 Электрдүмпіткіштерді іріктеу.
КҚ 1.24.8 Арғаналарға (гильзаларға) және түйдектерге гидрооқшаулаушы құрамдарын сіңдіру.
КҚ 1.24.9 Жарылғыш материалдарының және жару құралдарының кезекті шығынын тексеру.
КҚ 1.24.10 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070625 1 - Габаритті емес тау массаларын қопару қондырғысының машинисі
|
КҚ 1.25.1 Тапсырмаларды орындау үшін жұмыс орнын, кен машиналары мен жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.25.2 5 - разрядты машинист жетекшілігімен кен массасы шойтастарын бұзу қондырғысын басқару.
КҚ 1.25.3 Руданың шойтас кесектерінің және кен массасының бұзу процесін өнеркәсіптің жиілігі тоқтарымен немесе құлама жүктерімен жүргізу.
КҚ 1.25.4 Жерге қосылуды, электр ішек сымдарын қосып ажыратуды, электр желісіне жалғауды тексеру.
КҚ 1.25.5 Шойтастарды бұзу орындарын күзетпен қамтамасыз ету, белгілерді беру.
КҚ 1.25.6 Қызмет көрсетілетін жабдықтарды тексеру, тазалау, майлау.
КҚ 1.25.7 Кен массасы шойтастарын бұзу қондырғысын жөндеуге және жылжытуға қатысу.
КҚ 1.25.8 Техникалық құжаттаманы жүргізу.
КҚ 1.25.9 Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құрал-саймандарды жинау бойынша жұмыстарды орындау, оларды тиісті күйге келтіру.
КҚ 1.25.10 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070626 1 - Экскаваторлардағы, үйінді көпірлердегі және үйіндідегі кен жұмысшысы
|
КҚ 1.26.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.26.2 Экскаваторлардың, үйінді көпірлердің және үйінділеуіштердің жүріп тұруына жолдарды дайындау.
КҚ 1.26.3 Отынды, суды, майлау, жанармай, сүрту материалдарын жеткізу.
КҚ 1.26.4 Теміржол және автокөлік жолдарының габариттерін тазалау.
КҚ 1.26.5 Экскаватордың астын алдын - ала тазарту және табандықты төсеу.
КҚ 1.26.6 Ішек сымды барабанға орауға және оны жылжытуға қатысу.
КҚ 1.26.7 Кертпештердегі жоғарғы ернеулер қиябеттерін тазалау.
КҚ 1.26.8 Экскавациялау мен жарылыс жұмыстарынан кейін забой сызығын шабақтау.
КҚ 1.26.9 Экскаватордың, үйінді көпірлердің және үйінділеуіштердің буындарын майлауға қатысу.
КҚ 1.26.10 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
Жоғары деңгей маманы
|
070603 2 - Бұрғылау қондырғысының машинисі
|
КҚ 2.3.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.3.2 Бұрғыларды, қашауларды және бұрғытәждерді таңдау, бұрғылау үрдісінде оларды ауыстыру, ұңғымаларды тазалау, сумен шаю, науашықтау.
КҚ 2.3.3 Бұрғылау жабдықтарын монтаждау, бөлшектеу, жылжыту, орнату және реттеу.
КҚ 2.3.4 Ұңғымаларды көміртектендіру, тығындау, шегенді құбырлармен бекіту, басқа да жұмыстарды орындау.
КҚ 2.3.5 Әртүрлі бұрғылау станоктарын және қондырғыларын басқару, геологиялық жағдайларға, кез келген қиындықтарға, бұрғылау жабдықтары мен құрал-саймандар күй-жәйіне сәйкес бұрғылау процесін басқару.
КҚ 2.3.6 Бұрғылау жабдықтарында орналасқан компрессорлерге қызмет көрсету, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және жою.
КҚ 2.3.7 Бұрғылау машиналары мен жабдықтарын ажырату, жабдықтарды келесі ауысымға тапсыру.
КҚ 2.3.8 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070605 2 - Сығымдағыш қондырғының машинисі
|
КҚ 2.5.1 Өндірістік нарядты орындау үшін өз жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.5.2 Әртүрлі қозғалтқыштар жетегімен қауіпсіз газдарда жұмыс істеу барысында және қысымы 1 МПа дейінгі қауіпті газдарда жұмыс істеу барысында қысымы 1 МПа немесе 1 МПа жоғары тұрақты сығымдағыштар мен турбосығымдағыштарға қызмет көрсету.
КҚ 2.5.3 Айналымды сумен қамтамасыз ететін сорғы станцияларына, құрғатым (дренаж) сорғыларына, жоғары қысымды сорғыларға және сыйымдылығы 20 текше м дейінгі, қысыммен жұмыс істейтін, сауыттарға қызмет көрсету.
КҚ 2.5.4 Сығымдағыштардың оңтайлы жұмыс режимін тағайындау және ұстану.
КҚ 2.5.5 Қозғалтқыштардың, сығымдағыштардың, аспаптардың, көмекші жабдықтар мен механизмдердің жұмысын бақылау.
КҚ 2.5.6 Сығымдағыш қондырғыларының жабдықтарын қарап шығуда, күрделі және ағымды жөндеуде және оларды пайдалануға қабылдау барысында жаттықтандырудан өткізуде қатысу.
КҚ 2.5.7 Дымқылдан және майлардан ауаны тазарту,
өңделген майларды жинау.
КҚ 2.5.8 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
|
070606 2 - Вибротиеу қондырғысы машинисі
|
КҚ 2.6.1 Өндірістік нарядты орындау үшін өз жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.6.2 Кен массасын шығару мен жеткізуде, оны кенқұдыққа, кенқұдықтан вагонға және басқа да көлік құралдарына тиегенде вибротиеу қондырғысын басқару.
КҚ 2.6.3 Кен масасын сулау.
КҚ 2.6.4 Кептелімдерді жою.
КҚ 2.6.5 Кен массасын тиеу барысында белгі беру.
КҚ 2.6.6 Вибротиеу қондырғысын монтаждағанда, бөлшектегенде және оны жөндегенде қатысу.
КҚ 2.6.7 Вибротиеу қондырғысы механизмдерінің жұмысын сынамалау және реттеу.
КҚ 2.6.8 Вибротиеу қондырғысының механикалы және электрлі бөлімдерінің ақауларын жою.
КҚ 2.6.9 Қашықтықтан басқаратын құралдардың көмегімен көлік сауыттарын жылжыту арқылы маневрлік жұмыстарды өндіру.
КҚ 2.6.10 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070608 2 - Ұсатқыш қондырғылары машинисі
|
КҚ 2.8.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.8.2 Ұсатқыштардың толтырылуын, сапасын және ұсату (ұнтақтау) дәрежесін бақылау.
КҚ 2.8.3 Кен массасын ұсату (ұнтақтау) технологиялық процесін жүргізу.
КҚ 2.8.4 Ұсату процесінің аяқталуын анықтау және сұрыптарына байланысты ұсатылған материалдарды жіктеу.
КҚ 2.8.5 Ұсатылған өнімді түсіру және тасымалдау.
КҚ 2.8.6 Жабдықтардың техникалық күй-жәйін бақылау.
КҚ 2.8.7 Ұсатқыштарды, ұсатқыш агрегаттарды, ұсатқышты-іріктеуіш қондырғылардың барлық жүйесін жөндеуге қатысу және қызмет көрсету.
КҚ 2.8.8 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070610 2 - Қатар қалыптастырғыш машинаның машинисі
|
КҚ 2.10.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.10.2 Биіктігі бағдарламалау құрылғысымен берілген қаттамаларға (штабельдерге) шикізаттарды жылжыту мен қалау барысында қатар қалыптастырғыш машинасын басқару.
КҚ 2.10.3 Керекті жұмыс режиміне машинаны баптау.
КҚ 2.10.4 Бағдарламалау құрылғысының көмегімен машинаны автоматты жұмысқа ауыстыру.
КҚ 2.10.5 Шикізаттың машинаға уақытылы берілуін және көмекші механизмдер мен агрегаттардың өзара жұмыс істеуін қадағалау.
КҚ 2.10.6 Тексеруші-өлшеуші аппаратураның жұмысын бақылау.
КҚ 2.10.7 Қатар қалыптастырғыш машинасын майлау.
КҚ 2.10.8 Қатар қалыптастырғыш машинасының жұмысындағы ақауларды табу және ағымды жөндеу жұмысын орындау.
КҚ 2.10.9 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану
|
070617 2 - Электрослесарь-байланыстырушы
|
КҚ 2.17.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.17.2 Электролиз астаулары шиналарын монтаждау және бөлшектеу.
КҚ 2.17.3 Жұмыс істейтін электролиз астауларында шиналардың анодты және катодты түйісу беттерін тазалау.
КҚ 2.17.4 Шиналар тізбегіндегі бөлек буындардың бөлшектерін ауыстыру.
КҚ 2.17.5 Жаңа шиналарды жасау.
КҚ 2.17.6 Шиналарды және шина түйдектерін жөндеу.
КҚ 2.17.7 Оқшауларды ауыстыру.
КҚ 2.17.8 Ванналарды қосу, қосалқы қосу, шунтталау.
КҚ 2.17.9 Түйісу беттерінде кернеудің айырмашылығын тексеру.
КҚ 2.17.10 Еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
Ескерту:
бұл мамандық түрлі – түсті металлургия мамандықтарына жататын жұмыс түрлерінен құрастырылып, кен орындарын ашық өңдеуінде ерекше түрде болмайды. (БТЖА, 8 - Шығарылым).
|
Орта буын маманы
|
070620 3 - Техник-технолог
|
КҚ 3.20.1 Тау-кен кәсіпорнының өндірістік бөлікшесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
КҚ 3.20.2 Белгіленген нарядтың орындалуын қамтамасыз ету.
КҚ 3.20.3 Тау-кен жабдықтарын таңдау және дұрыс пайдалану.
КҚ 3.20.4 Аршу және өндіру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы жасау.
КҚ 3.20.5 Бұрғыжарылыс жұмыстарының төлқұжатын жасау және рәсімдеу.
КҚ 3.20.6 Тау-кен және жару жұмыстарының дұрыс және қауіпсіз жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру.
КҚ 3.20.7 Ақпараттық технологиялар көмегімен технологиялық есептерді шешу үшін бастапқы ақпаратты дайындау.
КҚ 3.20.8 Іс-әрекетке жанасатын қолданыстағы нормативтік құжаттарды қолдану.
КҚ 3.20.9 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныш нормаларын ұстану. Еңбектің қауіпсіз жағдайларына жауапты болу.
|
жалғасы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |