"Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары
Ескерту. 11-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны
Циклдің
(пәннің) индексі
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптастырылатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптастырылатын құзырет коды
|
ЖБП 00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
|
ЖГП 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
|
ЖГП 01
|
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі
Сөздің функционалдық стилі мен көркем сөз стилі; ауыз екі стилінің түрлері; ресми-іскери, ғылыми стилі, тілдің фонетикалық құралдарын стилистикада қолдану; грамматикалық лексика-фразеологиялық, синтаксистік құралдарды пайдалану; жай сөйлем түрлерін стилистикада пайдалану.
|
Білімдер:
- түрлі айтылатын стиль ерекшіліктерін;
- оқитын тілдер (қазақ, орыс) синтаксисін, тіл дамуын;
- жиі қолданылатын айналымдар;
- бір мүшелі сөйлемдердің стилистикалық қызметтері;
Іскерліктер:
- сөздің әр түрлі мағыналарында бір тілдік құралдың функционалдау ерекшеліктерін белгілеу;
- синонимдік қатарларды, түрлі грамматикалық формалар мен құрылымдардың мағыналық сипаттарын ажыратуды.
|
БҚ 1, БҚ 2
|
ЖГП 02
|
Кәсіптік шетел тілі
Шетел тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары; ауызша және жазбаша сөздің ұлтық – мәдени, жалпы кәсіби лекскалық, семантикалық, грамматикалық, прагматикалық аспектілері; фразиологиялық айналымдар мен термендер, айтылудың негізгі формалары (сипаттау, әңгімелеу, монолог өзара әңгімелесу, пікірлесу және талдау)
|
Білімдер:
- оқитын шет тілдің жүйесін, түрлі қызмет аясында қолдану принцептерін: лингвистикалық, коммуниукативтік, кәсіби бағдарлық;
- қазіргі аударма жүргізудің негізгі қағидалары;
Іскерліктер:
- қазақша орысша және шет тілде тұрмыста, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста белгілі деңгейде оқу бағдармасына сай маман екеуара әңгімеде, монологта сөзді қалпына келтіруді және өзгертуді;
- шет тілінің барлық қызметтерін біріктіре отырып қарым-қатынас жасау:
- танымдық, реттеушілік, бағалы-бағдарлық, әдептік.
|
БҚ 1, БҚ 3
|
ЖГП 03
|
Қазақстан тарихы
|
|
|
ЖГП 04
|
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясы; дене тәрбиесі қазіргі қоғамның бір бөлігі; дене тәрбиесінің әлеуметтік - биологиялық негізі; салауатты өмір сүру; қозғалыс ережелер белсенділігі; еңбекті ғылыми ұымдастырудағы дене тәрбиесі; гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы тебу, жүзу, туризм; спорт ойындары, түрлеоі; Президенттік тестілеу.
|
Білімдер:
- қазіргі қоғамдағы дене тәрбиесінің рөлі және тұлғаның рухани тәрбиесінің рөлін;
- дене тәрбиесінің негізгі принцептерін;
- организмге табиғи және әлеуметтік – экологиялық факторлардың әсерін;
- дене тәрбиесі мен ойлау қызметінің өзара байланысын;
- дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі организмнің физиологиялық жағдайын;
- адам организмінің қоры және денсаулықты күшейту туралы;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруың;
- қазақтың ұлттық ойындарын, дене тәрбиесі жүйесіндегі спорт ойындарының түрлері;
Іскерліктер:
- күш пен ептілікті дамытуды;
- организмнің резервтерін жетілдіруді және оларды басқаруын;
- өз денсаулығыңды ескере отырып дене тәрбиесі жаттығуларын жасау кезінде өз жағдайын болжауды.
|
БҚ 1, БҚ 5,
БҚ 6
|
ӘЭП 00
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
|
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану
Мәдениеттану және оның қоғамдағы рөлі; мәдениет пен өркениет; мәдениеттің қалыптасуы; мәдениет түрлері; Батыс Еуропа мәдениеті және оның қазіргі әлемге ықпалы; Қазақстан мәдениет тарихына кіріспе; Қазақстанның көне мәдениет тарихы; ортағасыр, XVIII – XIX ғасыр мәдениеті, XX ғасырдың 50 – 90ж, Қазақстан мәдениетінің дамуы; ұлттық мәдениеттінің қазіргі мәселелері, XIX ғасыр кезіндегі қазақтардың мәдени әдет-ғұрыптары.
|
Білімдер:
- мәдениеттанудың негізгі түсініктерін;
- ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Алла, Мекке ұғымдарын;
- көшпенділер құндылығы және олардың тұрмысы туралы;
- Қазақстанның орта ғасыр мәдениетіне түрік және араб мәдениетінің ықпалын;
Іскерліктер:
- көшпенділер мәдениетінің рухани және материалдық ерекшелігін көрсету.
|
БҚ 4, БҚ 5
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері
Философия пәні және оның адам өміріндегі рөлі; антиктік философия, ортағасыр философиясы; жаңа заман философиясы; адам табиғаты және оның тіршілік ету мағынасы, жеке тұлғаның мәдениеті, бостандығы және жауапкершілігі; адам танымы және әрекеті; ғалым және оның ролі; ғаламдық мәселелердің алдындағы адамзат.
|
Білімдер:
- әлем философиялық ойлардың негізгі белесі; адам табиғаты және өмір сүру мәнін; адам мен табиғат арасындағы өзара байланысын, адам тұрмысының ерекшелігін; ғылым және оның рөлін; адамзат ғаламдық мәселелер;
- философияда сана-сезім мәселелері, сана және сана-сезімінің түсінігі.
Іскерліктер:
- философияда сана-сезім мәселелерін анықтау, "сана" және "сана-сезімінің" түсінігін анықтау.
|
БҚ 4, БҚ 5
|
ӘЭП 03
|
Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Әлеуметтану пәнінің пайда болуы, дамуы және пәні; әлеуметтану ілімінің негізгі даму кезеңдері, Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму болашағы және қалыптасуы; саясаттану пәні және әдістері; Қазақстанда саяси ойлардың пайда болуы, Қазақстандағы саяси партиялар; саяси сана және саяси мәдениет; Қазақстан мәдениетінің ерекшклігі, саяси үрдісі; саяси билік және биліктік қатынас, саяси жүйе, Қазаұстандағы әлеуметтік - экономиялық жүйе, саяси жаңғыру.
|
Білімдер:
- ғылымның щығу тарихын, әлуметтану пәнін, әлеуметтану әдістерін зерттеу ерекшелігін;
- саясаттанудың қалыптасу кезеңдері; саясаттанудың қоғамдағы рөлін; саясаттың шығу үрдісін және оның қоғамдық мәні; саяси ойлар тарихы, Қазақстан аймағында саясаттың пайда болуы; саяси үрдіс, Қазақстанның саяси жүйесін;
Іскерліктер:
- негізгі әлеуметтік концепцияларды салыстыру және талдау;
- саяси концепциялар эволюциясын, үрдістерін, билік мәнін, оқиғаларын, саясат субъектісін талдау (Қазақстанда және әлемде).
|
БҚ 4, БҚ 5
|
ӘЭП 04
|
Экономика негіздері
Пән, негізгі ұғымдар, қызметі, принциптері, мәні, әдістері; жекеменшік формалары мен түрлерін; жекеменшікті басқару, экономикалық жүйе түрлері; өндіріс және жаңа құн; еңбекақы, жеке меншіктен табыс пайдасы; макроэкономикаға кіріспе; аймақтар бойынша экономикалық өсу, дүниежүзілік экономика және дүниежүзілік нарық; нарықтық ифрақұрылым; Қазақстанның халықаралық және экономикалық байланыстары.
|
Білімдер:
- ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды; экономикалық жүйе түрлерін;
- макро және микроэкономика негіздерін, салық, ақша-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясаты туралы;
- экономикалық басқару тәсілдері;
Іскерліктер:
- экономика жүйелерінің түрлерін сипаттауды, сұраныстарды жіктеу;
- еңбекақы түрлерін, табысты, кірісті жіктеу және жаңа технологиялық жетістіктерді тиімді жіктеуді;
- экономикалық жағдайды бағалауды.
|
БҚ 4, БҚ 5
|
ӘЭП 05
|
Қисын
Пәні, негізгі түсініктер, белгілер, әдістер. Түсініктер, ойлау, анықтау, дәлелдемелер. Негізгі кисын заңдары.
|
Білімдер:
- жіктеудің ережелері мен тәсілдері
- қисындық ойлаудың алғашқы тәсілдері
Іскерліктер:
- стандартты логикалық операцияларды тез шешу және дұрыс дамытуын білу
- әр түрлі тәсілдермен логикалық есептерді шығару
|
БҚ 4, БҚ 5
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мемлекеттік іс жүргізу және іскерлік корреспонденцияны ұйымдастыру. Құжат түрлері және оларды жіктеу. Іс қағаздарының тілі мен стилі. Жеке құрам құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Құжаттарды тіркеуге және есепке алу. Мекеме қызметін құжатпен қамтамасыз етуге компьютерді пайдалану.
|
Білімдер:
- іс жүргізу және коррсепонденция туралы түсінікті біледі;
- құжат туралы түсінікті, олардың қызмет түрлеріне қарай бөле алады;
Іскерліктер:
- қызмет құжаттарының тілі мен стилінің түсінігін меңгереді.
|
БҚ 1, БҚ 2,
БҚ 5
|
ЖКП 02
|
ҚР құқық қорғау органдары
"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары" курсының жүйесі және пәні. Қазақстан Республикасының сот билігі және әділеттілік. Әділеттілік принциптері. Қазақстан Республикасының сот жүйесі. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуі. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары. Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызметі. Қазақстан Республикасының кеден органдары. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі. Қазақстан Республикасының қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдары. Нотариат. Қазақстан Республикасында қорғаушылық. Шет елдерде құқық қорғау қызметін ұйымдастыру.
|
Білімдер:
- мемлекет тетікті, құқық жүйесін, құқықтық реттеушіліктің құралдары мен тетігін, құқықты іске асыруды;
- салалық заң және арнайы ғылымдардың негізгі қағидаларын, негізгі түсініктердің мәнін және мазмұнын, институттар дәрежелерін, материалдық және іс жүргізу құқықтың әр түрлі салаларда субъектілердің құқықтық қатынастарының құқықтық мәртебесін: әкімшілік құқықты, азаматтық құқықты, азаматтық іс жүргізуін, қылмыстық құқығы, қылмыстық іс жүргізуін.
Іскерліктер:
- заң түсініктерін және дәрежелерін түсіну, заң фактілерін және осыған байланысты құқықтық қатынасты талдау;
- қылмыс жасауға себеп болатын мән-жайларды анықтау;
|
БҚ 1
БҚ 5
КҚ 3.1.3
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 03
|
Мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет түсінігі, оның бөлігі мен тәсілі. Мемлекеттің қоғам мен құқықтың қатынасы. Мемлекет және құқықтың пайда болуының негізгі теориялары. Мемлекеттің типтері және нысандары. Мемлекеттің тетігі (апараты). Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде. Құқықтың түсінігі және мәні. Құқықтың типтері және қайнар көздері, құқықтық шығармашылық және заңнаманың жүйелеуі. Қоғамнық құқықтық жүйесі, қазіргі замаңғы құқықтық отбасылар. Құқық жүйесі. Құқық нормаларының жүйесі, құқықтық нормалардың түрлері. Құқықтың іске асыру нысандары; құқықтық нормаларды түсіндіру. Құқықтық қатынас. Құқықтық сезім және құқық мәдениеті. Заңды мінез-құлық. Заңдылық және құқық тәртібі. Құқықбұзушылық және заң жауапкершілігі. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
|
Білімдер:
- мемлекет және құқықтың табиғатын және мәнін;
- мемлекет және құқықтың даму мен функционалдауын, пайда болудын негізгі заңдылығын;
- мемлекет және құқықтың нысандары мен тарихи типтерін, олардың мәнің және қызметін;
- құқық жүйесін, мемлекет тетігін;
- құқықтық ретеудін құралдары мен тетігі, құқықты іске асыруын;
- қоғамдық өмірде, қоғамның саяси жүйесінде мемлекет пен құқықтың ролі.
Іскерліктер:
- заң түсініктерін және дәрежелерін түсіну;
- құқықтың қайнар көзін олардың иерархиялары бойынша шектеу;
- құқық нормаларының элементтерін анықтау
|
БҚ 4
БҚ 5
КҚ 3.1.3
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 04
|
ҚР мемлекеті және құқығының тарихы
ҚР мемлекеті мен құқығының тарихының пәні және әдістері, мақсаты мен міндеттері. Әскери демократия және Қазақстан аумағында бірінші мемлекеттік білім. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан мемлекеті мен құқығы. ХІІІ- ХV Қазақстан мемлекеті мен құқығы. XV-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының қоғамдық және саяси қатар. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтардың кәдімгі құқығы. Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның мемлекеті мен құқығы. XIX ғасырдың екінші ортасында Қазақстанда орталық басқару мен құқық жүйесі. Кеңестік Ресей мен ҚССР одағы құрамындағы Қазақстанның мемлекеті мен құқығы. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігі.
|
Білімдер:
- ежелгі дәуірден қазіргі күндерге дейін ел аумағында мемлекет және құқықтың дамуын және қалыптасуын, пайда болу процесін;
- Қазақстанда мемлекет және құқық тарихының мәселелерін зерттеу ерекшеліктерін;
- мемлекет және құқықтың ерте түскен нысандарын;
- Қазақ Ордасының тіршілік әрекетін;
- кеңес билігінің жағдайында Қазақстанда ұлттық мемлекеттің мәселелерін
Іскерліктер:
- нақты өмірлік жағдайда мәселелерді шешу мен талдау үшін курстын пәнінің принциптерін, негізгі түсініктерін қолдануын;
- қызығушылық танытқан мәселе бойынша ол жөнінде қысқаша есепті ұсынумен нақты зерттеулерді өткізуін.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 4
КҚ 3.1.3
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 05
|
ҚР Конституциялық құқығы
Конституциялық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі мен қайнар көзі. Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезендері. ҚР Конституциясының жалпы сипаттамасы. ҚР-да адам мен азаматтын конституциялық ережелерінің негіздері. Қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР Президенті. ҚР Үкіметі. ҚР Конституциялық кеңесі. ҚР сот билігінің конституциялық негіздері. ҚР сайлау жүйесі. ҚР мемлекеттік басқарудың және жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері.
|
Білімдер:
- Қазақстанның конституциялық құқығының түсінігі және пәнін;
- Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезендерін;
- конституциялық құқығының қайнар көзінің жіктелуін заң қасиеттерін, түсінігін;
- конституциялық қатарының ерекшеліктерін, азаматтардың құқықтық қағидаларын, мемлекеттік құрылым нысандарын, мемлекет органдарының жүйесінің функционалдауын және ұйымдастыруын, Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқаруды
Іскерліктер:
- Қазақстан Республикасының күші бар конституциялық заңнамада өздігімен хабардар болуын;
- конституциялық- құқықтық қарым қатынастардың мәселелеріне жататын отандық және шет құқық қолдану тәжірибесінің бар материалдарын қорытындылау және олар бойынша өз қортындыларын жасауы;
- кәсіптік қызметте конституциялық құқықтың нормаларын іске асыруы.
|
БҚ 1
БҚ 4
КҚ 3.1.3
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 06
|
ҚР әкімшілік құқығы
Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйелері мен шығу көздері. Әкімшілік-құқықтық қатынастар. Әкімшілік құқықтың субъектілері. Мемлекеттік қызмет. Әкімшілік-құқықтық нысандар және басқару әдістері. Атқару билігінің мазмұны. Әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілігі. Қоғамдық өмірдегі экономикалық, әлеуметтік-мәдени және басқа салаларда басқарудың құқықтық негіздері.
|
Білімдер:
- атқару билігі органдарының түрлері және қызметінің ерекшіліктері;
- атқару билігі органдарының регламенттеу қызметінің заңнамасының теориялық қағидалары;
- атқару билігі органдарының құқықтық қағидалары;
- атқару билігі органдарының қызметінің әдістерін және нысандары;
- әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері;
- әкімшілік айыппұлдар түрлері және оларды салу тәртібі.
Іскерлік:
- атқару билігі органдарының қызметін регламенттейтін заңнамадан хабардар болуы;
- атқару билігі органдарының қызметіне жататын міндеттерді шешу;
- әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау
|
БҚ 1
БҚ 4
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.6
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.10
КҚ 3.3.4
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 07
|
Әкімшілік процесс
Әкімшілік процестін ұғымы және прнинциптері. Әкімшілік процестін субъектілері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары. Дәлелдер және дәлелдемелер. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сот және соттан тыс ретінде қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шешімдер мен қаулысын қайта қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша атқару өндірісі. Әкімшілік процедуралар.
|
Білімдер:
- мемлекеттік басқару принциптерінің және әкімшілік іс жүргізу негізгі нормативтік-құқықтық базасын
- мемлекетте атқару билігін жүзеге асыру ерекшеліктері, мемлекеттік қызметінің негіздері;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама саласында негізгі нормативтік-құқықтық базасы;
- әкімшілік іс жүргізу құқықтық қатынастын негіздері.
- әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндірістін жүзеге асыру тәртібі
Іскерліктер:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;
- сот және құқық қорғау құрылымдарда практикалық дағдыларды меңгерген кезде алған теориялық білімдерді қолдану;
- құжаттамаларды құрастыру
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.6
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.10
КҚ 3.3.4
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 08
|
ҚР Азаматтық және отбасы құқығы
Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі және шығу көзі. Азаматтық құқық қатынастардың түсінігі, элементтері, түрі және негізі. Азаматтық құқықтың субъектілері. Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі, олардың мазмұны, пайда болуы және тоқтатылуы. Заң тұлғаның түсінігі және бершілері, заң тұлғалардың әрекетінің пайда болуы мен тоқтатуы, заң тұлғалардың жіктелуі. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарстыру-құқықтық нысандары. Азаматтық құқықтың объектілері. Азаматтық құқықты қорғау және жүзеге асыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілік: түсінігі, түрлері, жағдайлары. Мәмлелер: түсінігі, түрлері, нысандары, жарамдылық жағдайлары, жарамдылықсыздың салдары. Өкілдік, оның түрлері, сенімхат. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. ҚР-да меншік құқығының мазмұны және түсінігі: жеке және мемлекеттік меншік. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатуы. Жалпы меншік. Меншік құқығын және басқа зат құқығын қорғау. Міндеттеме, оның түсінігі, маңызы, құрылымы, міндеттеме типтері. Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету принциптері. Міндеттемені тоқтату. Міндеттемені орындамау немесе дұрыс орындамау үшін жауапкершілік. Азаматтық-құқықтық шарт, шарт жағдайлары, шартты жасау, өзгерту және бұзу тәртібі. Шарт түрлері. Сатып алу шарты. Айырбастау шарты. Сыйға беру шарты. Мүліктік жалға беру шарты. Тұрғын үйді жалға алу шарты, тапсырма, комиссия, сақтау. Тауар жеткізу шарты. Мердігерлік шарты. Тасымалдау шарты. Сақтандырудың құқықтық реттеуі. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Мұрагерлік құқық. Отбасылық құқық. Неке, туыстық, қасиет. Қамқорлық, қорғаншылық, патронат. Суррогаттық аналық. Алименттік қатынастар.
|
Білімдер:
- мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтын нормалары;
- Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының негіздері, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктін шығу негіздері және түсініктері;
- азаматтық-құқықтық шарттардың түсінігі, мазмұны және түрлері;
- отбасы құқығының негізгі қағидалары;
- отбасы құқығында құқықтық қарым-қатынастар, субъектілердің құқықтық мәртебелері, институттары, дәрежелердің негізгі түсініктерінің мазмұны және мәні
Іскерліктер:
- азаматтық және отбасылық құқық саласында заң түсініктері мен дәрежелерін түсінуін;
– азаматтық құқықтын нормаларын кәсіптік қызметте іске асыруын;
- азаматтық-құқықтық шарттарын құрастыруын;
- отбасылық-құқықтық нормаларды талдауын, талқылауын және дұрыс қолдануын;
- азаматтық және отбасылық құқық бойынша кеңестерді және заң қорытындыларды білікті беру
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.6
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.10
КҚ 3.3.4
КҚ 3.3.7
|
ЖКП 09
|
ҚР қылмыстық құқығы
Қылмыстық құқықтын түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі және шығу көзі. Қылмыстық заң. Қылмыстық заңды талқылау. Қылмыстық құқықбұзушылықтың түсінігі және белгісі. Қылмыстың жіктелуі, дәрежелері. Қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы: құрамның элементтері және түрлері. Іс-әрекеттің қылмыстығын жоятын мән-жайлар. Қылмыс істеу сатылары. Араласу. Қылмыстық жауапкершілік: түсінгі, белгісі, негізі, жаза, жазадан және қылмыстық жауапкершіліктен босату. Жаза тағайындау. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар. Амнистия және жазадан босату. Сотталғандық. Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктін ерешеліктері. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Қылмысты жіктеу. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Отбасыға және кәмелет жасқа толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Меншікке қарсы қылмыстар. Байланыс және ақпарат саласында қылмыстық құқық бұзушылық. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық. Коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Халықтың десаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық. Көліктік қылмыстық құқықбұзушылық. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы коррупциялық және қылмыстық құқық бұзушылық. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Сот төрелігіне және жазаларды орындалу тәртібіне қылмыстық құқық бұзушылық. Әскери қылмыстық құқық бұзушылық.
|
Білімдер:
- қылмыстық құқықтың институттарын және түсінігін, мәні және мазмұны;
- Қазақстан Респуьликасының қылмыстық заңнамасы;
- Қылмыстын жеке түрлерінің жіктеу ерекшеліктері.
Іскерліктер:
- қылмысты белгілеу
- жазаны тағайындау
|
БҚ 1
БҚ 4
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.6
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.10
КҚ 3.3.3
КҚ 3.3.4
КҚ 3.3.6
КҚ 3.3.7
|
Достарыңызбен бөлісу: |