ЖКП 10
|
Дене тәрбиесі мен спорттың менеджмент негіздері
Дене тәрбиесі менеджментінің негіздері пәні және ұғымы. Дене шынықтыру қимылының басқару жүйесіндегі негізгі ұғымдар және қызметтер.
Дене шынықтыру қимылының басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы. Басқарудың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдары. Менеджменттің қағидалары, қызметтері, әдістері. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы менеджменттің және кәсіпкерліктің құқықтық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық негіздері. Әуесқой және кәсіби спорт, спортшының, бапкердің, дене тәрбиесі және спорт ұйымдастырушысының (жетекшісінің) әлеуметтік-құқықтық мәртебесі.
|
Білімдер:
- дене шынықтыру және спорт ұйымдарын басқарудың мақсаттары және міндеттері;
- менеджменттің мазмұны, түрлері және қызметтері;
- басқару шешімдерін қабылдау теориясының негіздері
Іскерліктер:
- іскерлік қарым-қатынас саласында әдеп білімдерін қолдану;
- қауіп-қатер және жанжалдарды басқару;
- басқару саласында ақпараттық технологияларды қолдану
|
БҚ 1,4,7,8,9,10
КҚ 3.1.1,
3.1.5,
3.1.9,
3.1.12
|
ЖКП 11
|
Интерактивті технологияларды қолдану
"Интерактивті технологиялар" ұғымы. Ақпараттық сауаттылық және мәдениет. Интерактивті оқытуды ұйымдастыру. Мұғалім жұмысына арналған электрондық қорлар. Қашықтықтан оқыту. On-line және off-line тәртіптерінде оқыту. "Электрондық портфолио". Мультимедиялық технологиялар. Интерактивті арнайы құралдар және жабдықтар.
|
Білімдер:
- ақпараттық технологиялар негіздері;
- мультимедиа- технология туралы;
- қашықтықтан, оn-line тәртібінде оқыту туралы;
- "электрондық портфолио" туралы
Іскерліктер:
- компьютермен жұмыс істеу;
- компьютерді қолданып, мәтіндік және сызбалық, аудио-бейне ақпараттарды өңдеу;
- сандық аудио және бейне технологияларды қолдану мүмкіндіктері;
- интерактивті тақта, интерактивті планшет, сызбалық планшет, электрондық қарындашты қолдану;
- ғаламтормен жұмыс істеу
|
БҚ 1,3,4,7,9
КҚ 3.1.1,
3.1.2,
3.1.7,
3.1.9,
3.1.12
|
ЖКП 12
|
Тәрбие жұмысының әдістемесі
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары. Тәрбиелеудің түрлері, әдістері. Сынып жетекшісінің қызметі. Тәрбие, сыныптан тыс жұмысын жоспарлау. Сынып сағаттарын жоспарлау және өткізу. Тұлғаны қалыптастыру үлгісі.
|
Білімдер:
- тәрбие жұмысы бағыттарының мақсаттары, міндеттері;
- тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары және түрлері;
- тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері;
- сынып жетекшісінің қызметі және міндеттері;
- оқушыларды тәрбиелеудегі халықтық педагогика;
- тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі
Іскерліктер:
- тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу;
- тәрбиенің әр түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдану;
- сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- сынып жетекші жұмысын жүзеге асыру;
- ата-аналармен жұмыс жүргізу
|
БҚ 1,2,3,4,5,6,7,8,9
КҚ 3.1.1, 3.1.2,
3.1.4,
3.1.5,
3.1.6,
3.1.8,
3.1.10-3.1.12
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
АП 01
|
Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі
Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің тарихы. Қазақстандағы дене тәрбиесінің жүйесі.
Қозғалыс іскерліктері және дағдыларын оқыту үдерісін ұйымдастыру. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы білімдерді игеру үдерісін басқару. Дене жаттығулары сабақтарында тұлғаның эмоциялық аясында дамуы. Дене тәрбиесінің құралдары және әдістері. Дене шынықтыру қасиеттерінің даму негіздері. Дене тәрбиесіндегі сабақ түрлері. Дене тәрбиесін жоспарлау және бақылау. Әр түрлі жастағы балалардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері. Спорттық жаттықтыру. Спортшыларды дайындаудағы жүйе туралы түсінік. Педагогикалық және дәрігерлік бақылау. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс. Қолданбалы дене әзірлігі.
|
Білімдер:
- дене тәрбиесінің құралдары, қағидалары, әдістері және түрлері туралы негізгі түсініктер;
- дене шынықтыру қасиеттерінің даму негіздері;
- спортшыларды даярлау жүйесі;
- әр түрлі жастағы балалардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері
Іскерліктер:
- білім алушылардың әр түрлі контингентімен оқу дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыстарының негізгі түрлерін жоспарлау және өткізу;
- дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу үдерісінде педагогикалық және дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру;
- жоспар-кесте, сабақ жоспарын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құру;
- халықтың әр түрлі санатымен сауықтыру сабақтарын өткізу
Дағдылар:
- жоспарлар құру, бақылауды жүзеге асыру және білім алушылардың әр түрлі контингентімен дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру
|
БҚ 2,7,10,11
КҚ 3.1.2 – 3.1.9
|
АП 02
|
Арнайы (түзету) педагогика негіздері
Түзету педагогика пәні және міндеттері. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеудегі және оқытудағы мәселелер. Сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия негіздері. Оқу-жаттықтыру сабақтары үдерісінде тәрбиелеудің ерекшеліктері. Дене бітімінің және психикалық дамуында кемшіліктері бар адамдармен білім беру жүйесі. Педагогикалық қарым-қатынас және оқытушы тұлғасы. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері: жеке тәсіл үдерісі; педагогикалық әдеп; қарым-қатынас және өзара әрекет нақышы. Ұжым және денсаулығында ауытқулары бар балалар. Топтағы тұлғараалық қарым-қатынастар. Отбасының психологиялық саулығы. Психологиялық-педагогикалық ағарту ісі. Психологиялық диагностика және түзету әдістері мен әдістемелері.
|
Білімдер:
- түзету педагогикасының мазмұны;
- оқу-жаттықтыру сабақтары үдерісінде дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері;
- дене бітімінің және психикалық дамуында кемшіліктері бар адамдармен білім беру жүйесі;
- дене тәрбиесінің жүйелері;
- сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия негіздері;
- психологиялық диагностика және түзету әдістері мен әдістемелері
Іскерліктер:
- балалардың ауытқу себептерін анықтау;
- бала тұлғасының жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
- дамуында ауытқулары бар балалармен жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру;
- жұмыс тәжірибесінде дамуында ауытқулары бар балалармен қарым-қатынастың педагогикалық үдерістерін қолдану
Дағдылар:
- оқу-тәрбие үдерісін басқару
|
БҚ 2, 9,10
КҚ 3.1.2, 3.1.4,
3.1.9
|
АП 03
|
Арнайы (түзету) психология және психопатология негіздері
Түзету психологиясы пәні және міндеттері. Сурдо-, тифло-, олигофрено- психология, қимыл-қозғалыстарында бұзушылығы бар адамдар психологиясы, сөйлеудің бұзылуының ашық көрінісі бар адамдардың психологиясы негіздері. Дамудың спецификалық мәселелері: ақыл-ойдың кемістігі, психикалық даму бөгелісі, кем ақылдылық (деменция). Психиатрия пәні және міндеттері. Психикалық бұзылулардың белгілері мен синдромдары. Бұзылымдар: қабылдау, ойлау, көңіл-күй, ес, зейін, ақыл-ой, сана-сезім; психикалық аурулардың топтастырылуы және олардың қысқаша сипаттамасы. Психотерапия және психокеңес түсінігі. Аурудың және мүгедектіктің психологиясы. Психологиялық қорғанудың механизмдері. Психологиялық жарақат және ауру тарихындағы және ауру ағымындағы диссоциация. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің мәселелері. Мәселелі тұлғамен жұмыс істеу дағдылары.
|
Білімдер:
- балалардың дамуының спецификалық мәселелері;
- арнайы психология негіздері;
- психиатрия пәні және міндеттері;
- психотерапия және психокеңес;
- аурудың және мүгедектіктің психологиясы
Іскерліктер:
- баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік және психологиялық ықпалдарды анықтау;
- психикалық бұзылулардың белгілері мен синдромдарын анықтау;
- психологиялық қорғанудың механизмдерін қолдану
Дағдылар:
- мәселелі тұлғамен жұмыс істеу
|
БҚ 2, 9,10
КҚ 3.1.2,
3.1.3,
3.1.4,
3.1.9
|
АП 04
|
Түзету дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі
Түзету дене тәрбиесі ұғымы. Түзету дене тәрбиесі пәні және міндеттері, оның негізгі түрлері: түзету дене тәрбиесі, түзету спорты, түзету қимыл рекреациясы және түзету дене шынықтыру оңалту. Қимыл амалдарын оқыту және түзету дене тәрбиесінде дене қасиеттерінің дамуы. Сабақты ұйымдастыру түрлері, жүктемені мөлшерлеу, спорттық және қызметтік жаттықтырулардағы жоспарлау және мерзімділік. Мүгедектердің дене шынықтыру қимылдарын ұйымдастыру және басқару сұрақтары.
|
Білімдер:
- түзету дене тәрбиесінің мазмұны;
- түзету дене тәрбиесінің негізгі түрлері;
- сабақтарды ұйымдастыру түрлері;
- мүгедектердің дене шынықтыру қимылдарын ұйымдастыру және басқару теориясы
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесінде қимыл амалдарына үйрету және балалардың дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;
- мүгедектердің дене белсенділігін дамыту
Дағдылар:
- жоспарлар құру, бақылауды жүзеге асыру және денсаулығында ауытқулары бар адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 05
|
Түзету дене тәрбиесі жүйесінде спорттық ойындардың дәстүрлі түрлерін өткізу әдістемесі
Әлемдегі спорттық ойындардың даму тарихы. Қазақстандағы спорттық ойындардың дамуы. Спорттық ойындар түрлері. Спорттық ойындардың техникасы және тактикасы. Спорттық ойындар арқылы дене шынықтыру қасиеттерін тәрбиелеудің әдістері және құралдары. Түзету дене тәрбиесі жүйесінде спорттық ойындарды өткізу әдістемесі. Ойын қызметінің ерекшеліктері. Түзету дене тәрбиесі жүйесінде спорттық жарыстарды өткізу әдістемесі. Тірек-қозғалу аппаратына зақым келген, есту, көру мүшелеріне, ақыл-ой бұзушылығы бар, соматикалық аурулары мен аралас зақымдары бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жас ерекшеліктеріне және жыныстарына байланысты мүгедектермен сабақ өткізу әдістемесі. Білім алушылардың дене шынықтыруының дамуына, спорттық ойындарды ұйымдастыру аясында спорттық даярлық деңгейін көтеруін жоспарлау және бақылау. Спорттық ойындарды өткізу техникасы және оқыту әдістемесі.
|
Білімдер:
- спорттық ойындардың даму тарихы;
- спорттық ойындар түрлері;
- спорттық ойындардың техника және тактика негіздері;
- спорттық ойындарды өткізу техникасы және оқыту әдістемесі;
- спорттық ойындар арқылы дене шынықтыру қасиеттерін тәрбиелеу әдістері және құралдары;
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде спорттық жарыстарды өткізу әдістемесі
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде спорттық ойындарды өткізу;
- білім алушылардың дене шынықтыруының дамуын жоспарлау және бақылауды жүзеге асыру
Дағдылар:
- денсаулығында ауытқулары бар адмдармен спорттық ойындарды ұйымдастыру бойынша қажетті дағдылар және құзыреттерді игеру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 06
|
Түзету дене тәрбиесі жүйесінде қозғалу ойындарын өткізу әдістемесі
Қозғалу ойындардың пайда болуы және дамуы. Қозғалу ойындарын топтастыру. Оқу және сыныптан тыс жұмысындағы қозғалу ойындары. Денсаулығында ауытқулары бар адамдармен қозғалу ойындарын ұйымдастыру және жүргізу спецификасы. Түзету дене тәрбиесі аясында қозғалу ойындарын өткізу әдістемесі. Тірек-қозғалу аппаратына зақым келген, есту, көру мүшелеріне, ақыл-ой бұзушылығы бар, соматикалық аурулары мен аралас зақымдары бар адамдармен сабақтар өткізу әдістемесі. Түрлі жас ерекшеліктеріне және жыныстарына байланысты мүгедектермен сабақтар өткізу әдістемесі.
|
Білімдер:
- түзету дене тәрбиесі аясында қозғалу ойындарын өткізу әдістемесі және ұйымдастыру түрлері;
- қозғалу ойындарының топтастырылуын
Іскерліктер:
- жұмыс тәжірибесінде теориялық білімдерді қолдану;
- сыныпта және сыныптан тыс жұмыста қозғалу ойындарын әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыру
Дағдылар:
- денсаулықтарында ауытқулары бар адамдармен қозғалу ойындарын ұйымдастыру бойынша қажетті дағдылар мен құзыреттерді игеру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 07
|
Тератологияға кіріспе
Тератология ұғымы және пәні. Туа біткен жарымжандықтың дамуының топтастырылуы, олардың сипаттамасы. Хромосомдық аурулар және гендік синдромдар, эмбрион және тұқымның даму кемістігі, сенсорлық жүйелердің даму аномалиясы және туа біткен кемістіктер, тірек-қимыл аппаратының, бұлшық еттер және бұлшық ет сіңірлерінің, орталық жүйке жүйелерінің, дамудың көптеген туа біткен кемістіктері.
|
Білімдер:
- тератология ұғымы және пәні;
- туа біткен жарымжандықтың дамуының топтастырылуы;
- дамудың туа біткен кемістіктерінің белгілері
Іскерліктер:
- жұмыс тәжірибесінде алған білімдерді қолдану
Дағдылар:
- аномальді (жалпы заңдылықтан ауытқыған) дамуы бар тұлғалармен жұмыс
|
БҚ 3
КҚ 3.1.1, 3.1.3
|
АП 08
|
Түзету дене шынықтыруды әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және еңбек қорғау
Түрлі типті білім беру ұйымдарында дене шынықтыру бойынша сабақтар және сыныптан тыс сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету. Түзету дене тәрбиесі оқытушысының әдістемелік құжаттамасы. Педагогикалық технология өлшемдері: оқыту мақсаттарының бір мәнді және қатаң анықтамасы; мазмұнының құрылысы және іріктеуіне сәйкес болуы; оқу үдерісінің үйлесімді ұйымдастырылуы;
Оқытудың тиімді құралдары, әдістері, амалдары; мұғалім біліктілігінің деңгейін есепке алу; оқыту нәтижелерін бағалаудың шынайы әдістері.
Түзету дене тәрбиесі педагогикалық технологиясының ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері: ұйымдастыру және іске асыру, басқару және болжау. Балалардың денсаулық жағдайының мониторингі. Спорттық ғимараттардың теория және практикасының жалпы ережелері. Спорттық ғимараттар, олардың топтастырылуы және сипаттамасы. Түзету дене тәрбиесіне арналған спорттық ғимараттар. Дене тәрбиесі және спорт, қозғалыстарды қалпына келтіруге арнайы пайдаланатын протездік-ортопедиялық техниканың конструктивтік ерекшеліктері. Спорттық тренажерлар және тренажерлық жабдықтар, олардың түрлері және әрекет бағыты. Түзету дене тәрбиесінде қолдану ерекшеліктері. Құрал-саймандар, жабдықтар, киім-кешектер.
|
Білімдер:
- түзету дене тәрбиесі оқытушысының әдістемелік құжаттамасының мазмұны;
- түзету дене тәрбиесі педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері мен өлшемдері;
- спорттық ғимараттардың теория және практикасының жалпы ережелері;
- спорттық ғимараттардың топтастырылуы және олардың сипаттамасы;
- түзету дене тәрбиесіне арналған спорттық ғимараттар мен арнайы техниканың ерекшеліктері
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі оқытушысының әдістемелік құжаттамасын әзірлеу және кәсіптік қызметте қолдану;
- кәсіптік қызметте түзету дене тәрбиесі оқытушысының педагогикалық технологияны қолдануы;
- спорттық тренажерлар және тренажерлық жабдықтарды қолдану;
- түзету дене тәрбиесінде спорттық ғимараттарды, тренажерларды қолдану
Дағдылар:
-түзету дене тәрбиесі жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін басқару;
- снарядтарда, тренажерларда және басқа да жабдықтарда жұмыстар;
- техника қауіпсіздігін сақтау
|
БҚ 9, 12
КҚ 3.1.2, 3.1.8, 3.1.9
|
АП 09
|
Дене шынықтырумен оңалту, ЕДТ және уқалау негіздері
Оңалу ұғымы. Оңалу түрлері: медициналық, кәсіптік, әлеуметтік-тұрмыстық. Дененің оңалуы және оның ерекшеліктері. Тірек-қозғалу аппараты зақымдану кезіндегі оңалу кезеңдері және мерзімдері. Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, ас қорыту, зат алмасу үдерістері, жыныстық ауру түрлері кезіндегі дененің оңалуы. Жүйке жүйелерінің, ми қан айналымының бұзылуында, жұлын, остеохондроз және перифериялық жүйке невриттерінің зақымдануы және аурулары кезіндегі дененің оңалуы. Ортопедия аурулары кезіндегі дененің оңалуы: келбет бұзылуында, сколиоз және жалпақ табан. Көкірек қуысы ағзасына және құрсақ қуысына ота жасаған кезде дененің оңалуы.
Туа біткен және өсе келе аурулық үдеріс салдарынан ағзаның физиологиялық қалыптан тыс ауытқуы кезіндегі балалардың дене оңалуының әдістеме ерекшеліктері.
Адам ағзасын оның жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып қайта қалпына келтірудің құралдары және әдістері. Емдік дене шынықтырудың сынықтар және науқастануды емдеудегі мән-мағынасы. Дене шынықтырудың мөлшерлік жүктемелерінің және дене шынықтыру жаттығуларының емдік әсері. Тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдану кезіндегі емдік дене шынықтырудың құралдары, түрлері және әдістері. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектерге арналған емдік дене шынықтыру. Жұмыс істеу қабілетін арттыруда және қайта қалпына келтірудегі медициналық құралдар. Уқалаудың даму тарихы және оның физиологиялық негіздері. Уқалау, өзін-өзі уқалаудың негізгі түрлері және тәсілдері, олардың сипаттамасы.
|
Білімдер:
- оңалудың әлеуметтік мағынасы;
- оңалудың түрлері;
- дене оңалуының ерешеліктері;
- түрлі мертігу кезіндегі оңалу кезеңдері және мерзімдері;
- адам ағзасын қайта қалпына келтіру құралдары және әдістері;
- емдік дене шынықтырудың сынықтар және науқастану кезіндегі мән-мағынасы;
- емдік дене шынықтыру сабақтарының құралдары, түрлері және әдістері;
- жұмысқа қабілетін арттыруда және қайта қалпына келтірудің медициналық құралдары;
- уқалаудың даму тарихы және оның физиологиялық негіздері
Іскерліктер:
- адам ағзасын оның жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып қайта қалпына келтірудің құралдары және әдістерін қолдану;
- емдік дене шынықтыру сабақтарының құралдары, түрлері және әдістерін қолдану;
- уқалау және өзін-өзі уқалау түрлерін қолдану
Дағдылар:
- білім алушылар денсаулығын сақтау және нығайту;
- ағзаның шынығуы, қозғалу дағдылары және біліктерінің дамуы, қозғалу белсенділігінің арттыруы;
- емдік дене шынықтыру сабақтарын түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектер денсаулығының жағдайын және дене дамуындағы бұзушылықтарды түзету ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру;
- уқалаудың және өзін-өзі уқалаудың барлық түрлерін жасау
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КК 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 10
|
Түзету дене тәрбиесі жүйесінде ойындардың дәстүрлі емес түрлері
Түзету дене тәрбиесі жүйесінде негізгі дәстүрлі емес ойын түрлері. Бочча – даярлық және өткізу техникасы. Голбол. Арбалардағы керлинг. Следж-хоккей және т.б.
Тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдануы бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі. Техника және тактикаға оқыту жүйелілігі. Техниканы меңгеру кезінде қателерді табу және олардың алдын алу. Жаттықтырудың құралдары және әдістері. Дайындықтың түрлі кезеңдеріндегі жаттықтыру үдерісінің ерекшеліктері. Бақылау әдістері.
|
Білімдер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде дәстүрлі емес ойын түрлері;
- түрлі ауытқулары бар адамдармен сабақ жүргізу әдістемесі;
- жаттықтырудың құралдары және әдістері;
- дайындықтың түрлі кезеңдеріндегі жаттықтыру үдерісінің ерекшеліктері
Іскерліктер:
- түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен сабақты ұйымдастыру және өткізу;
- техниканы меңгеру кезінде қателерді табу, олардың алдын алу;
- бақылау әдістерін кәсіби түрде қолдану
Дағдылар:
- жаттықтыруларды ұйымдастыру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 11
|
Жеңіл атлетика және оқыту әдістемесі
Дүниежүзінде және Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму тарихы. Жеңіл атлетика түрлері, техникасы және сипаттамасы. Түзету дене тәрбиесі жағдайларында іске асыруға арналған жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. Денсаулығында ауытқулары бар адамдармен оқу сабақтарын және жарыстарды өткізу спецификасы. Тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдануы бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі. Жеңіл атлетикадан спорттық даярлық деңгейін арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары.
|
Білімдер:
- жеңіл атлетиканың даму тарихы;
- жеңіл атлетика түрлері;
- жеңіл атлетика техникасы және тактика негіздері;
- жеңіл атлетикаға техникасын және оқыту әдістемесі;
- жеңіл атлетика арқылы дене шынықтыру қасиеттерін тәрбиелеудің әдістері және құралдары
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканы қолдану;
- білім алушылардың дене дамуын жоспарлау және бақылауды іске асыру
Дағдылар:
- жоспарлар құрастыру және білім алушылардың дене дамуына және білім беру үдерісіне бақылау ұйымдастыру
|
БҚ1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 12
|
Жүзу және оқыту әдістемесі
Жүзу тарихы, даму кезеңдері. Тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдануы бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу ережелері. Білім беру үдерісін ұйымдастырудағы бақылау.
|
Білімдер:
- жүзудің даму тарихы;
- жүзу түрлері (үлгісі);
- жүзу техникасының негіздері;
- жүзу техникасы және жүзу техникасының оқыту әдістемесі;
- жүзу арқылы дене шынықтыру қасиеттерін тәрбиелеудің әдістері және құралдары
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде жүзуді ұйымдастыру;
- білім алушылардың дене дамуын жоспарлау және бақылауды іске асыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |