Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет144/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   182

Арифметикалық материалдар және оны оқыту әдістемесі.


Алгебралық материалдар және оны оқыту әдістемесі.


Геометриялық материалдар және оны оқыту әдістемесі. Шама ұғымы және оны оқыту әдістемесі.


Информатика материалдары және оны оқыту әдістемесі.


Білімдер:

- жиын ұғымы және жиындарға амалдар қолдану заңдары;


- математикалық ұғым және сөйлем, ұғымның негізгі мәндері;


- алгоритм ұғымы және оның түрлері;


- қатыс және сәйкестік ұғымдары мен қасиеттері;


- теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдардың алгоритмдері;


- сан ұғымының кеңеюі;


- есепті шешу процесі және оның кезеңдерін, әдістері мен тәсілдерін;


- бастауыш класта математиканы оқытудың мазмұны, басқа пәндермен байланысы;


- бастауыш сынып математикасының оқу-әдістемелік топтамасы;


- бастауыш сынып математика сабағының мақсат-міндеттері, қолданылатын әдіс-тәсілдер, педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары, сабақтың құрылымы мен типі;


- сандар номерациясы;                             


- арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері мен заңдары;


- мәтінді есептермен жұмыс әдістемесі;


- үлестерді оқыту әдістемесі;


- жай және құрама есептермен жұмыс;


- санды, әріпті өрнек және олардың мәндері;


- санды теңдік, теңсіздік және олардың қасиеттері;


- бір айнымалысы бар теңдеулермен жұмыс;


- санды, әріпті өрнектерді, санды теңдік пен теңсіздіктерді оқу, жазу, құру және салыстыру жолдары;


- арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу, теңдеудің жәрдемімен шығару;


- геометриялық фигуралардың анықтамалары, қасиеттері және белгілері;


- бастауыш сыныпта геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі;


- шама ұғымдарын және оларды өлшеуді, салыстыруды, шамалар арасындағы байланыстар;


- бастауыш сыныптағы шама ұғымдарын оқыту әдістемесі;


- бастауыш мектептегі информатика ұғымдарын оқыту әдістемесі;


- ақпарат ұғымы және оның қасиеттері, ақпараттың адам өміріндегі маңызы;


- ақпаратты өңдеу құралдары;


- кездейсоқ шамалар мен ықтималдықтар оқиғасын оқыту әдістемесі;


- шағын жинақталған мектепте оқытудың ерекшеліктері;


- математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсат-міндеттері мен түрлері;


- математиканы оқыту әдістемесінің даму тарихын, эксперименттік зерттеу жұмыстарын, жаңашыл мұғалімдердің озық шығармашылық тәжірибелері.


Іскерліктер:


- жиын элементін анықтап, жиындарға амалдар қолдану;


- сөйлем, пікір құру, теореманың құрылымы мен түрлерін анықтау, геометриялық сызбалар, қатынас пен сәйкестіктің графигын сызу;


- алгоритм түрлерін құрастыру;


- ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарға, оң рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану;


- үлесі бойынша санды, саны бойынша үлесін табу;


- ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін құрастыру;


- есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару;


- есептерді салыстыру, түрлендіру, кері есеп құрастыру, қатемен жұмыс;


- негізгі математикалық ұғымдарды оқытуда әдістер мен құралдарды пайдалану;


- есепті өрнек, теңдеу құру арқылы шығару;


- санды, әріпті өрнектің мәнін табу, теңдеу құруға келтірілген арифметикалық есептер шығару;


- сызғыш, циркуль көмегімен геометриялық фигураларды салу;


- бастауыш сыныптағы геометриялық фигуралардың периметрін, ауданын және көлемін табу;


- скаляр шамаларды түрлендіру;


- компьютер көмегімен ақпаратты іздеу, жинақтау, түрлендіру, сақтау, шығару;


- мәтіндік және графикалық ақпараттармен жұмыс жасау;


- электрондық оқулық ішінен қажетті ақпаратты іріктеу;


- тест, бақылау және өзіндік жұмыстар, математикалық диктант, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құрастыру;


- шағын жинақталған мектептегі математика сабағынан сабақ жоспарын құрастыру;


- кластан тыс сабақ жоспарын құрастырып, өткізу;


- кездейсоқ шамалармен жұмыс;


- білім стандарты мен оқу бағдарламасын талдау;


- оқу ақпаратын логикалық құрастыру мен оқу ақпаратын алгоритмдеу;


- арифметикалық, алгебралық, геометриялық материалдар мен шама ұғымдарын оқыту, есепті шешу әдістемелері;


- компьютер мүмкіндіктерін пайдаланып белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын жоспарлап, талдау;


- мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық ақпаратты өңдеу;


- сабақты, сыныптан тыс жұмысты жоспарлау, өткізу.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 03

Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі:

Жер–Күн жүйесінің планетасы. Литосфера. Гидросфера. Атмосфера. Биосфера. Қазақстан табиғатына жалпы шолу.


Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттері. Бастауыш сыныптағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны. Білім алушыларға табиғатты тану түсініктерін қалыптастыру. Оқу үрдісін ұйымдастыру формалары. Дүиетанудың оқу құралдары, әдіс-тәсілдері. Сыныптан тыс жұмыстар. Сынып бойынша дүниетануды оқыту әдістемесі. Дүниетануды шағын комплектілі мектепте оқыту әдістемесі.


Білімдер:

- тірі және өлі табиғат, Қазақстан территориясының жер көлемі, шекарасы, өз өлкесінің табиғаты;


- Қазақстандағы табиғат қорғау заңдарының негізгі баптары, Қазақстанның Қызыл кітабы, қорықтар мен қорықшалар;


- бастауыш сыныпта «Дүниетануды» оқыту мақсаты, міндеті, формалары мен құралдары;


- 1-4 сыныпта жұмыс әдістемесі, білім алушылардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар;


Іскерліктер:


- тәжірибе өткізу, схема құрастыру, сұлба мен картаны сызу, көкжиек тұстарын анықтау, контурлық картамен жұмыс жасау, минералдар мен тау тастары қасиеттерін, жануарлар мен өсімдіктерден гербарийлер мен коллекциялар жасау, жергілікті өсімдіктерді гүлі, тұқымы, жапырағы бойынша анықтау;


- бастауыш кластарда табиғатты қорғау шараларын өткізу;


- әдіс-тәсілдерді қолдану, күнтізбелік-тақырыптық, сабақ жоспарларын жоспарлау;


- шағын комплектілі мектептегі оқытудың ерекшеліктерін анықтау;


- құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасақтау.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 04

Қоғамтану және  өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі:

Қоғамтану


Қоғам біртұтас әлеуметтік мәдени жүйе ретінде. Әлеуметтік қоғам және әлеуметтік байланыстар. Адам және сана. Мәдениет адам іс-әрекеті құндылықтары мен мағына, үлгілерінің жүйесі. Ұлт және ұлтаралық қатынастар.


Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі


«Өзін-өзі тану» пәнінің теориялық негізі. «Өзін өзі тану» пәнінің әдістемелік негіздері. Жеке тұлғаның даму ерекшеліктері.


Рухани–адамгершілік құндылықтар.


«Өзін-өзі тануды» оқыту әдістемесі. Өзін-өзі тану сабағында ББД тексеру барысында білім алушылардың танымдық қызметін белсендіру. «Өзін-өзі тану» пәнінің практикалық маңызы.


Білімдер:

- әлеуметтік мәдени жүйе туралы ұлттық қатынастар;


- «адамгершілік» және «мораль» түсініктерінің мәні;


- білімнің қоғам мен адам өміріндегі маңызы;


- адам құқығы;


- ҚР қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар;


- ҚР демографиялық жағдайлар;


- қазіргі ғаламдық мәселер;


- «Өзін-өзі тану» пәнінің теориялық және әдістемелік негіздері;


Іскерліктер:


- әлеуметтік қоғам, мәдениет, әлеуметтік байланысты талдау және бағалау, қоғам типтерін салыстыру;


- Қорқыт ата мен Асан Қайғының қоғам туралы даналық сөздерін тану;


- антик ойшылдары Платон, Аристотельдің идеяларын талдау;


- жаңа заман қоғамы туралы философиялық ойлардың ерекшеліктерін салыстыру;


- табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасын талдау, өз эмоцияларын басқару;


- өзін-өзі тану сабағын жоспарлау және ұйымдастыру.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 05

Дене тәрбиесі оқыту әдістемесімен, ырғақ:

Дене тәрбиесі жүйесі.


Дене тәрбиесімен шұғылданудың негізгі түрі – сабақ.


Ұзартылған күн тобындағы дене шынықтыру және сауықтыру шаралары.


Мектептегі бұқаралық дене шынықтыру және спорттық шаралар.


Дене тәрбиесі пәнінің жоспарын және сабақ жоспарын талдау.


Би өнері негіздері және машықтану жаттығулары.


Би элементтерінің жүру түрлері.


Білімдер:

- дене тәрбиесі әдістемесінің негізгі ұғымдары және жүйесі;


- дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері, дене тәрбиесіне қойылатын талаптар;


- дене жаттығулары мен табиғи факторлардың адам ағзасына әсері;


- дене тәрбиесі сабағының құрылымы;


- спорт шараларын ұйымдастыру технологиясы;


- ырғақ жаттығулары.


Іскерліктер:


- сабаққа жаттығуларды іріктеу;


- сабақта денеге түсетін күшті, дене тәрбиесі сабағының тығыздығын таңдау;


- әртүрлі сыныптарға жылдық жоспар, күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарларын құру және талдау;


- дене тәрбиесі сабағын, сыныптан тыс шараларды, спорт түрі бойынша секцияларды жоспарлау мен ұйымдастыру;


- білім стандарты мен оқу бағдарламасын талдау.


БҚ 1,2,4,5,7,8,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 06

Технология және оқыту әдістемесі:

Бастауыш мектептегі технология пәнін оқыту әдістемесі.


Қағазбен және картонмен жұмыс істеу технологиясы.


Талшық материалдарымен, ЖГП-пен, матамен жұмыс.


Техникалық құрастыру және үлгілеу.


Сәндік – қолданбалы өнер бағытындағы көркем еңбек.


Білімдер:

- мемлекеттік стандарт мазмұнын, әдіс-тәсілдер мен технологияларды, сабақтарды және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары;


- құрал – жабдықтарды қолдану, қауіпсіздік техникасы ережесі, гигиена талаптары, қағаз және картонды өңдеу технологиясы;


- материалдардың негізгі қасиеттері, көркем өңдеу әдістері, талшық материалдарын өңдеуге қажетті құралдар мен жабдықтар;


- техникалық құрастыру және үлгілеу технологиясы, еңбек үрдісін жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологиялық операцияларды, өзін - өзі бақылау;


- ұлттық бұйымдарды жасау барысында сәндік - қолданбалы өнер элементтерін қолдану.


Іскерліктер:


- технология сабақтарының ерекшеліктеріне сай жоспарлау, шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;


- құрал–жабдықтарды айыра білуі, кағаз, картонды өңдеу барысында қолдану;


- мата түрлерін айыру, өңдеу технологиясын және қолдану ерекшеліктері;


- құрастыру құжаттарын оқу және нұсқауға сәйкес техникалық операцияларды орындау;


- материалдарды, олардың құрылымын айыру, ұлттық сәндік – қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып түрлі бұйымдар жасау;


- машықта жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасын талдау;


- қағаз, картоннан бұйым жасауды алгоритмдеу;


- талшық материалдарын өңдеу барысында түрлі құрал – жабдықтарды қолдану;


- техникалық құрастыру және үлгілеу барысында түрлі құрастыру материалдарын қолдану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 07

Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі:

Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнерін ұйымдастыру және оқыту әдістемесі;


Бейнелеу өнері негіздері, түрлері және жанрлары.


Бейнелеу өнерінің көркемдеуші құралдары мен заңдылықтары.


Қарындаш және акварельмен жұмыс істеу техникасы. Жылы және салқын түстер, олардың ерекшеліктері.


Сәндік – қолданбалы өнер: ою - өрнек, пластика, роспись, батик, оригами.


Шрифтік графика. Кітапты безендіру.


Білімдер:

- бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта және шағын комплектілі мектепті оқытудың әдіс–тәсілдері, принциптері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен рөлі;


- бейнелеу өнері негіздері, түрлері мен жанрлары, материалдар мен құрал–жабдықтар атауларын қолдану орындары;


- бейнелеу өнері заңдылықтары, олардың қолданылуы;


- қарындаш және акварельмен жұмыс істеу техникасы, жылы және салқын түстер, олардың ерекшеліктері;


- сәндік – қолданбалы өнер түрлерін, олардың қолданылуын;


- шрифт түрлерін, кітапты безендіру технологиясы;


Іскерліктер:


- күнтізбелік – тақырыптық жоспарды, сабақ жоспарын, сыныптан тыс сабақтардың жоспарын құрастыру;


- бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын айыра білу;


- перспектива, пропорция, жарық – көлеңке, композиция заңдылықтарын қолдану;


- қарындаш және қылқаламмен жұмыс;


- сәндік – қолданбалы өнер саласы бойынша білімдерін қолдану;


- кітапты безендіруді және шрифттерді қолдану;


- жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;


- оқыту барысында бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын айыру және қолдану;


- түрлі тақырыпта бейнелеу барысында бейнелеу өнерінің заңдылықтарын қолдану;


- тақырыптық, шығармашылық бейнелеуде түрлі техникаларды қолдану;


- композиция құрау барысында ою-өрнек элементтерін қолдану, батикпен, пластикамен, оригамимен жұмыс істеу;


- өз бетімен шрифттік графика мен кітапты безендіру.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 08

Музыка музыкалық білім беру әдістемесімен:

Қарапайым музыка теориясы және сольфеджиосы.


Музыка әдебиеті.


Музыкалық оқытудың әдістемесі.


Музыкалық оқыту әдістерінің негізгі функциялары. Түрлі іс-әрекеттердегі сабақ құрылымының әдістемесі. Мектептегі музыка жұмысын есепке алу және жоспарлау.


Музыкалық тәрбие берудің кластан және мектептен тыс формалары.


Қазақстандағы және шет елдегі қазіргі заманғы музыкалық бағыттарға шолу.


Білімдер:

- ноталық жазылым, музыканың негізгі көркемдеуші құралдары:


- лад, тональдігі, музыка тілінің құрылымы, тасымалдау;


- әр түрлі қазақ музыка мәдениетінің негізгі жанрлары, қазақ музыка мәдениетін насихаттау түрлері, халықтық және кәсіптік өзара байланыс;


- музыкалық оқытудың принциптері, сабақтағы музыкалық іс-әрекеттердің түрлері;


- музыка сабағын өткізудің технологиясы;


- музыка пәні оқытушысының кәсіби-әдістемелік дайындығының мазмұны,


- жоспарлаудың түрлері,


- есепке алу және білім алушылардың білімін бағалау критерийлерінің түрлері;


- кластан және мектептен тыс музыкалық тәрбие берудің түрлері;


Іскерліктер:


- мектеп әндерін нотамен айту;


- халықтық және кәсіби музыканың жанрлық ерекшеліктерін айыру;


- музыкалық оқыту әдістерін анықтай және мазмұнына талдау жасау;


- күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын құру;


- жас ерекшеліктеріне сай музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;


- тақырыптық кешенді кластан тыс музыкалық сабақтардың сценарийлерін құру;


- білім алушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жоспарын құру;


- сабақ пен сыныптан тыс сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру;


- музыкалық сөйлеу мүмкіндіктерін бейнелеу мен мәнерлеуді анықтау;


- музыканың негізгі жанрларын талдау;


- сабақты ұйымдастыру және өткізудің жеке тұлғаға бағытталған, жаңа технологияларын меңгеру.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2


3.1.7


3.1.9


3.1.11 3.1.12  


АП 09

Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы:

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиеті негізі. Қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы.


Қазақ балалар әдебиеті кезеңдері.


Қазақ балалар әдебиеті өкілдері.


Балаларға арналған шығармалар.


Мәнерлеп оқу талаптары.


Дауыс. Қарқын.


Кідіріс. Тембр. Екпін. Интонация. Сахналау. Кейіптендіру. Қойылымдар. Мәнерлеп оқуға шығармалар таңдау жолдары.


Білімдер:

- балаларға арналған басылымдар жайлы әр кезеңдегі балалар әдебиетінің өкілдері, олардың шығармалары;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет