Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет152/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   182
КП 1.2

Жаратылыстану бойынша практика:

Жергілікті жердің рельефімен танысу. Өлке. Жергілікті жерді бағдарлау. Ауа райын бақылау. Өлкенің өзен көлі, су қоймалары.


Өсімдік әлемімен танысу (шөптесін өсімдіктер, бұталар, ағаштар). Дәрілік өсімдіктер, олардың мәні. Су және жағажайдағы өсімдіктермен танысу. Жануарлар әлемімен танысу. Сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, жәндіктер. Олардың түрлері, табиғаттағы алатын орны. Облыстың метеорологиялық станциясымен танысу. Алаңқайда және экологиялық-биологиялық станцияларға экскурсия жасау.


Іскерліктер:

- машық түрінің мақсаты мен міндеттері;


- жергілікті жердің бедерін анықтау;


- топырақ құрамын анықтау;


- жергілікті жерге бағдар жасау және сұлбаға салу;


- өз өлкесінің өсімдіктер түрлерін анықтау;


- өз өлкесінің жануарлар түрлерін анықтау;


- ауа райын бақылап және өлшеу құралдарын пайдалану;


- зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу (зертханалық сынақ, гербарийлер мен коллекциялар жинау, емдік өсімдіктерді жинау т.б.);


- мектеп үлескесінде жұмыс істеу (ағаштар, шыбықтар, гүлдер т.б. отырғызу, оларды күту);


- жиналған материалдарды жүйелеу және безендіру.


КҚ 3.1.1,

3.1.4


3.1.7,


3.1.11


3.1.12


КП 1.3

Байқау практикасына дайындық:

Мектептегі сабақтарға қатынасу және талдау. Пәндер бойынша жоспар-конспект даярлау.


Электрондық оқулықтарды пайдаланып «сабақ ішіндегі сабақты» ұйымдастыру, АКТ пайдаланып сабақ кезеңдерін көрсету.


Байқау сабақтарына таратпа материалдарды, көрнекі құралдарды, дидактикалық ойындарды даярлау және жүйелеу.


Болашақ мұғалім портфолиосын жинақтау. Жеке әдістемелер бойынша жобаларды презентациялау.


Іскерліктер:

- бастауыш сатының пәндерін оқыту әдістемесінен алған білімдерін пайдалану;


- бастауыш сынып мұғалімдері, оқытушылар мен әдіскерлердің сабақтарына қатынасу және схема бойынша талдау;


- байқау сабақтарының конспектісін құру және кесте бойынша өткізу;


- пәндер бойынша оқу ақпаратын іздеу тәсілдері;


- Интернет желісі қызметтері мен компьютер, интерактивтік тақта мүмкіндіктерін пайдалану;


- инновациялық технологияларды пайдалану;


- болашақ мұғалімнің портфолиосын безендіру.


КҚ 3.1.1

3.1.12


КП 1.4

Жазғы практикаға дайындық:

Семинар өткізу. Жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің жұмыс жоспарымен және талдау әдістерімен таныстыруды ұйымдастыру.


Іс-шаралар және ұжымдық шығармашылық жұмыстар жоспарын құрастыру.


Лагерде қызығушылықтары бойынша балалардың бос уақытын ұйымдастыруға даярлау.


Жазғы демалыс бойынша оқу ақпаратын іздеу тәсілдерін меңгеруге үйрету. Тәлімгер портфолиосын жинақтау. Жазғы практика бойынша жобаны презентациялау.


Іскерліктер:

- семинарға қатысу;


- жазғы сауықтыру лагерлеріндегі тәрбие жұмысы жоспарымен таныстыру, талдау;


- ұжымдық шығармашылық жұмыстарының байқау сценарийлерін құру;


- лагерде қызығушылықтарына қарай балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;


- оқу ақпаратын іздеу тәсілдері;


- компьютер және Интернет желісі қызметтерін пайдалану;


- тәлімгер портфолиосын безендіру.


КҚ 3.1.1-3.1.8, 3.1.10 -3.1.12

КП 1.5

«Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасы:

Баланың мектептегі алғашқы күндеріндегі оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруды бақылауға үйрету. Мұғалімнің 1 сынып білім алушыларын қарсылауға дайындық жұмысына көмектесу. Бірінші сынып білім алушыларының білім, білік, дағдылары деңгейін анықтау. Мұғалімге алғашқы сабақтарды (көрнекіліктер әзірлеу, дәптер толтыру, балаларды қарсылау, және тарату, үзіліс уақытын өткізу т.б.) өткізуге көмектесу. Ата – аналар жиналысын өткізуге қатысу. Машық күнделігін жүргізу.


Іскерліктер:

- бірінші сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерн;


- бірінші сыныпты жасақтау әдістемесі;


- балаларды оқытудың алғашқы күндерінде сабақты ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесі;


- баланың мектептегі және сыныптағы алғашқы күндеріндегі оқу - әдістемелік үрдісінің ұйымдастырылуын бақылау;


- бірінші сыныпты қарсылауға дайындық кезеңінде мұғалімге көмек көрсету;


- бірінші сынып білім алушыларының білім, білік, дағдысының деңгейін зерттеу жұмыстарын жүргізу;  зерттеу нәтижелерін өңдеу және жүйелеу;


- мұғалімге алғашқы ата – аналар жиналысын өткізуге көмек беру;


- бірінші сынып білім алушыларының мектептегі бірінші күнін ұйымдастыру;


- машық кезіндегі өз жұмысын бақылау;


- өз жұмысын талдау.


КҚ 3.1.1-3.1.12

КП 1.6

Интернетпен жұмыс:

Оргтехникамен практикалық жұмысқа дайындық. Интернетпен жұмыс жасау алгоритмімен танысу. Іздеу серверлерімен, ақпарат іздеу және өңдеу әдістерін үйрену. Сайттарға шолу. Электрондық поштамен жұмыс. Қашықтан оқытуға, оқу теледидары материалдарын пайдалануға дайындық.


Әлемдік Интернет жүйесі арқылы ғылыми-педагогикалық ақпараттарды іздеу әдістемесі. Жобалар презентациясы.


Іскерліктер:

- компьютер, оргтехника мүмкіндіктерін пайдалануда білімдерін қолдану;


- өз бетімен Интернетке шығу, браузермен жұмыс жасау;


- антивирустық және архивтеу программаларын қолдану;


- іздеу серверлерінің ерекшеліктерін айыру;


- компьютермен жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;


- оқу ақпаратын іздеу және өңдеу тәсілдері;


- компьютер мен Интернет желісі қызметтерін қолдану.


КҚ 3.1.1,

3.1.4-3.1.7,


3.1.9-3.1.12


КП 1.7

Өндірістік диплом алдындағы практикаға дайындық:

Барлық пәндер бойынша машықкер папкасын даярлау. Білім тексеруге дайындық. Мектепте өзбетімен жұмыстануға дайындық. Болашақ мұғалім портфолиосын қорғау. Жобалар презентациясы.


Іскерліктер:

- бастауыш саты пәндері технологиясын пайдалану;


- пәндер бойынша сабақтың конспект-жоспарлар мен сыныптан тыс шаралар жоспарын құру;


- пәндер бойынша оқу ақпаратын іздеу тәсілдері;


- компьютер, интерактивтік тақта, Интернет желісі қызметтерін қолдану тәсілдері;


- сабақта инновациялық технологияларды пайдалану;


- болашақ мұғалімнің портфолиосын безендіру.


КҚ 3.1.1-3.1.12

Диплом алды практикадан өтетін мектептің оқу-тәрбие үрдісімен танысу. Мектептің жоспарын, мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыстары жоспарын зерттеу.

Күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарларын жасақтау технологиясын зерттеу.


Мұғалімнің, сынып жетекшісінің жұмысын, мұғалімнің кіші мектеп жасындағы білім алушылармен қарым-қатынасын бақылау.


Ұжымдағы білім алушылардың қарым-қатынасын, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін зерттеу.


Білім алушылардың жеке құжаттарымен танысу.


- дипломалды педагогикалық практиканың мәнін түсіну;

- бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметі құрылымын зерттеу;


- мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын бақылау;


- білім алушылардың жеке құжаттарының, сынып және ұзартылған күн тобы журналдарының мазмұны және құрылысымен танысу;


- дипломалды педагогикалық практикадан өту кезінде өз қызметін дұрыс жоспарлау;


- бақылау күнделігін жүргізуі және практика кезіндегі жұмысын талдау







010505 1 Гувернант*

010506 1 Күтуші*


010507 1 Мәдени шаралар ұйымдастырушы*












КП 1.2

Жұмысшы мамандық бойынша практика:

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту-тәрбиелеу үрдісімен танысуға дайындау. Гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу, бақылау.


Оқыту-тәрбиелеудің жеке жоспарын жасақтау технологиясын зерттеу.


Гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы жұмысын, қарым-қатынасын бақылау.


Ұжымдағы балалар мен білім алушылардың қарым-қатынасын, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін зерттеу.


Пәндер бойынша алған білімдерін қолдануға үйрету, қосымша біліктілік алуға бағытталу.


Іскерліктер:

- мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту-тәрбиелеу ролін түсіну;


- гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы жұмысының ерекшеліктерін зерттеу;


- гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы жұмысының құрылымын зерттеу;


- гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы жеке жұмысының технологиясын түсіну;


- гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушының қарым-қатынас стилін зерттеу;


- педагогикалық ұжым мүшелерімен қарым-қатынас мәдениетін, жаңа әлеуметтік рөлдерді білу;


- әлемдік көзқарастағы проблемаларға, ұжымдағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылық таныту;


- әлеуметтендіру мен өмір сүру нормаларына бағынудың түрлі факторларымен өзара ықпалдасу арқылы мектептен тыс жағдайда әлеуметтік қатынас орнату;


- ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын игеру;


- болашақ педагогикалық қызметке дайындық құралы ретінде педагогикалық практиканың мәнін түсіну;


- өзінің даралығын сезінуі және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі іске асыруға, өмірлік жоспарларды қалыптастыруға дайын болу;


- өзін әлем азаматы ретінде сезіну, көпмәдениетті тұлғаның сапалары;


- салауатты өмір салтына дайын болуы және беделді қажеттіліктерді игеру;


- педагогикалық практикадан өту кезінде өз қызметін дұрыс жоспарлау;


- бақылау күнделігін жүргізу және педагогикалық практика кезіндегі жұмысын талдау;


- гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушы оқу-тәрбие қызметін, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың тәртібі мен қызметін бақылау. практика ұйымдастыратын пәндердің теориялық негіздері туралы білімдерін пайдалану;


- жинақталған материалдарды жүйелеу;


- дидактикалық зерттеу жүргізу;


- бақылау және өзін - өзі қадағалау тәсілдері;


- пәндер бойынша зерттеу жұмыстарының әдістерін пайдалану;


- диагностика нәтижелерін пайдалану.


КҚ 1.5.1 -1.5.9,

1.6.1 -1.6.9, 1.7.1 -1.7.9


КП.02

Педагогикалық практика
















010501 3 Бастауыш білім беру мұғалімі











КП 2.1

Сыныптан тыс жұмыс технологиясы:

Тәрбие жұмысы жоспарын жасақтау технологиясын пайдалану.


Бастауыш сынып мұғалімінің білім алушылардың ата-аналарымен бірлескен жұмысы мазмұнын, құрылымын, формасын зерттеу.


Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жұмысын зерттеуін ұйымдастыру, талдау схемасын зерттеу.


Бастауыш сынып білім алушыларының тәртібі мен іс-әрекетін зерттеуді ұйымдастыру және зерттеу хаттамасын жүргізуге үйрету. Сыныптан тыс сағаттарды ұйымдастыру. Бастауыш сынып білім алушыларымен ұжымдық шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу.


Портфолионы толықтыру. Жобалар презентациясы.


Іскерліктер:

- бастауыш сынып мұғалімі тәрбие жұмысының жоспарын құрылымдау, мазмұнын анықтау;


- бастауыш сынып мұғалімінің оқытудың дамытушылық және тәрбиелік қызметін жүзеге асыру;


- бастауыш сынып білім алушыларын тәрбиелеу әдістері, құралдары және формалары, тәрбиелік іс-шараларды дайындау және өткізу;


- білім алушылар ұжымының даму деңгейін және оны қалыптастыру үшін жүргізілетін тәрбие жұмысын зерттеу;


- бастауыш сынып мұғалімінің кіші мектеп жасындағы білім алушылардың ақыл-ойын, адамгершілігін, эстетикалық талғамын және дене мәдениетін қалыптастыратын тәрбие жұмысының жүйесін анықтау;


- бастауыш сынып мұғалімдерінің ата-аналармен біріккен жұмысының мазмұны мен формаларымен танысу;


- бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелік қызметін бақылау және талдау;


- кіші мектеп жасындағы білім алушылардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бақылау, бақылау хаттамасын жүргізу, талдау;


- кіші мектеп жасындағы білім алушыларды жан- жақты қалыптастыру үшін түрлі тәрбиелік іс-шараларды дайындау, жоспар-сценарий құру және өткізу;


- бастауыш сынып білім алушыларымен ұжымдық шығармашылық жұмыс ұйымдастыру және өткізу;


- сынып жетекшісі мен тәрбиешісінің портфолиосын толықтыру.


КҚ 3.1.1,

3.1.2,


3.1.4-3.1.12


КП 2.2

Мектептегі байқау практикасы:

Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен, жекелеген мұғалімдердің жұмыстарымен таныстыру.


Электрондық оқулықтар, АКТ пайдаланып пәндер бойынша сабақтың жоспар-конспектісін, сыныптан тыс сағаттарын құруда әдіс-тәсілдерді пайдалану,


Бастауыш мектеп жасындағы балалардың танымдық іс-әрекетіне басшылық ету. Машықкердің байқау сабақтарына қатынасу және талдау.


Байқау сабақтарына таратпа материалдарды, көрнекі құралдарды, дидактикалық ойындарды пайдалану.


Болашақ мұғалім портфолиосын жаңарту.


Жеке әдістемелер бойынша жобалар презентациясы.


Іскерліктер:

- пәндік және сыныптан тыс сабақтардың мақсаты мен міндеттерін, түрлері мен әдістері анықтау;


- оқу-көрнекі құралдарын жасақтау және қолдану, кіші мектеп жасындағы білім алушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;


- тақырыптық – күнтізбелік жоспар және сабақ жоспарларын құрастыру;


- сабақта инновациялық технологияларды пайдалану;


- пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу;


- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты өткізудің тиімді формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау;


- практика кезінде өз қызметін бақылау және талдау;


- болашақ мұғалімнің портфолиосы мазмұнын жаңарту.


КҚ 3.1.1-3.1.12

КП 2.3

Сауықтыру лагеріндегі жазғы практика:

Жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің жұмыс жоспарымен және талдау әдістерімен танысу.


Іс-шаралар және ұжымдық шығармашылық жұмыстар өткізу.


Лагерде қызығушылықтары бойынша балалардың бос уақытын ұйымдастыру.


Спорт-сауықтыру жұмыстары.


Жазғы демалыс бойынша оқу ақпаратын іздеу тәсілдерін меңгеру.


Педагогикалық күнделікті жүргізу.


Тәлімгер портфолиосын мазмұнын жаңарту. Жазғы практика бойынша жобалар презентациясы.


Іскерліктер:

- жазғы сауықтыру лагерлеріндегі тәрбие жұмысы жоспарымен таныстыру, талдау;


- ұжымдық шығармашылық жұмыстарын, іс-шаралар өткізу;


- лагерде қызығушылықтарына қарай балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;


- балалардың уақытша ұйымдарында өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;


- оқу ақпаратын іздеу тәсілдері;


- компьютер және Интернет желісі қызметтерін пайдалану;


- күнделік жүргізу;


- тәлімгер портфолиосын безендіру.


КҚ 3.1.1-3.1.12






010505 1 Гувернант*

010506 1 Күтуші*


010507 1 Мәдени шаралар ұйымдастырушы*












КП 2.2

Жұмысшы мамандық бойынша практика:

Практика базасымен, жоспарымен танысу. Балалар мен білім алушылардың өмірін ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптармен таныстыру. Әдістемелік кабинет пен, оқыту-тәрбиелеу құралдарымен танысу. Құжаттарды жұргізу, безендіру. Әртүрлі жастағы балаларды оқытуда дербестендіру. Режимдік үрдістерді бақылау және талдау. Жекелеген балалардың дамуын бағалау. Режимдік үрдістерді, байқау сабақтарын жеке өткізу. Ата-аналармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу. Мекемеге ойын-сауық пен мерекелерді ұйымдастыру және өткізуге көмектесу.


Іскерліктер:

- практика ұйымдастыратын пәндердің теориялық негіздері туралы білімдерін пайдалану;


- жинақталған материалдарды жүйелеу;


- режимдік үрістер мен байқау сабақтарын талдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет