- интонациялық және акцент компоненті туралы ұғым;
- Британ әдеби тілінің негізгі түрлері;
- АҚШ-ғы үш негізгі диалектіні жүйелеу;
Іскерліктер:
- Британ аралының өзіндік дыбыстау ерекшеліктері мен Америка Құрама Штатының өзіндік дыбыстау ерекшеліктерін айыру;
- шетел тілінде екпіннің үш түрін анықтау;
- шетел тілі сөйлемдерін дұрыс интонациямен айту;
- фонетикалық және орфографиялық буынға бөлудің негізі ережелерін меңгеру.
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 05
|
Практикалық фонетика:
Ағылшын дыбыстарының артикуляциясы. Интонация. Негізгі интонациялық құрылымдар. Дыбысты айыру. Екпін туралы түсінік. Дыбыс пен интонацияның графикалық белгіленуі. Аспирация туралы түсінік. Палатализация. Дауысты дыбыстардың ұзақ айтылуы. Сөйлемнің мағыналы топтарға бөлінуі және олардың интонациясының белгіленуі.
|
Білімдер:
- тілдің дыбыстық компоненті туралы теория;
- сөздің дыбыстық және әріптік құрылымы;
- шетел тілінде қолданбалы фонетикалық транскрипция;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың классификациясы;
- интонациялық жүйе және оның жаңа элементтері;
- екпіннің қойылуы;
- шетел тілінде буынға бөлудің ерекшеліктері;
- сөйлемде дауыссыз дыбыстардың өзгеруі, сандық және сапалық редукциясы;
- шетел тілінде дауысты дыбыстардың айтылуы мен аспирациясының ережелері;
- палатализация және ассимиляция;
- интонацияның басты түсініктері, интонация структуралары, элементтері;
- басты екпінді қою бағыттары; синтагматикалық, фразалық және логикалық міндетті болып есептелмейтін интонацияның басты құрылымдары;
Іскерліктер:
- интонацияның ең баста компоненттерін анықтау;
- интонацияның коммуникативтік орталығын бөліп алу, сөйлемнің 4 коммуникациясын қалыптастыру;
- ағылшын әріптерін айту ережелерін меңгеру;
- негізгі интонациялық құрылымды қолдану.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 06
|
Шетел тілі лексикологиясы:
Пәннің мақсаты мен міндеті. Сөз туралы ұғым.
Сөздің морфологиялық құрылымы. Ағылшын тілінің сөздігі. Антоним, синоним және омоним. Ағылшын сөздерінің пайда болуы. Ағылшын диалектері. Фразеология.
Лексикография. Сөздіктің дамуы. Сөздің семантикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыдан сипаттамасы. Сөз құрау жолдары. Сөздіктер.
|
Білімдер:
- лексикология пәнінің мақсат-міндеттері;
- оқыту объектісі;
- лексикология пәнінің фонетика, грамматика, стилистика және басқа ғылымдармен байланысы;
- сөздің қажеттілігі;
- сөздің семантиткалық құрылымы;
- лексикалық мағынасы
- дара және байланысты морфемалар;
- суффикстер мен префикстер;
- сөздің құрылымы;
- синоним,антоним және омонимдер;
- кірме сөздер;
- ағылшын диалектілері;
Іскерліктер:
- сөздерді моделдеу;
- фразеологиялық бірліктердің пайда болу жолдары;
- фразеологиялық сөздікпен жұмыс;
- сөздің морфологиялық құрылымын анықтау;
- сөздіктің дамытудағы негізгі жолдар мен әдістерді анықтау;
- фразеологиялық бірліктерді қолдану және ана тіліне аудару;
- сөздерді семантикалық, фонетикалық, грамматикалық мінездеме бере отырып анықтау.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 07
|
Қоғамдық-саяси лексика:
Газет оқуға әзірлік. Газет жанрымен жұмыстың ерекшелігі. Газет мақалаларымен жұмыс. Ақпараттық жұмыс. Қоғамдық-саяси лексиканың негізгі ерекшелігі. Газет материалымен жұмыстың кезеңдері. Тақырыптарды талдау. Газет жанрмен жұмыстың ерекшелігі.
|
Білімдер:
- қоғамдық-саяси лексиканың шетел тілін оқытудағы маңызы;
- баспа тілінің спецификалық терминдері;
- ақпаратты жинақтау, қайта құру және сақтауы;
- газетпен жұмыс жүргізу жоспарын құру;
- басылымның мазмұнын және көркем әдеби стилін айыру;
Іскерліктер:
- жоспар бойынша оқылған мақаланы айтып жеткізу;
- сөздік қолдану арқылы газет мақаласымен жұмыс жүргізу;
- мақалада қолданылған үлгілер мен грамматикалық талдау тәсілдерін меңгеру.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 08
|
Стилистика:
Стилистика пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ағылшын тілі сөздігінің стилистикалық сипаттамасы. Фонетикалық тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер. Лексикалық тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер. Синтаксистік тіл құралдары. Лексикалық-синтаксистік тәсілдер. Тілдің функционалдық стилі. Стилистика пәнінің маңызы. Тілдердің түрлері. Фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, лексикалық – синтаксистік тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер. Шетел тілінің функционалдық стилі.
|
Білімдер:
- стилистика пәнінің анықтамасы;
- «стиль» деген ұғымды түсіну;
- стилистикалық әдіс-тәсілдердің анықтамасы мен айырмашылығы;
- ағылшын тілінің сөздік құрамының стилистикалық сипаттамасы;
- жеке және стилистикалық маркерлі лексиканың анықтамасы;
- арнайы әдеби сөздіктің және тіл сөздігінің құрамы мен ерекшелігі;
- сленг, жаргон туралы түсінік, кәсіби сөздер, диалект, вульгаризмдер, жаңа сөздер мен сөз тізбектерінің тілдік құрылымы;
- фонетикалық тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер;
- дыбыстауға еліктеу, рифм, аллитерация және ритм;
- лексикалық тіл құралдары, стилистикалық әдістер мен тәсілдер;
- нақты сөз тізбектерінің ерекшеліктері;
- синтаксистік тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер;
- инверсия, параллельді құрылым, хиазм, полисиндетон, псиндетон, риторикалық сұрақ.
Іскерліктер:
- мәтіннің функциональдық стильдің түріне жататынын анықтау;
- газетті оқуға әзірлеу;
- газет материалымен кезең бойынша жұмыстану;
- әртүрлі негізгі газеттік жанр түрлерімен жұмыстану.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 09
|
Шетел (ағылшын) тілі тарихы:
Герман тілдері. Герман тілдерінің бірі - ағылшын тілі. Ерте кезеңнің негізгі тарихи оқиғалары. Ағылшын тілінің құрылуы. Ағылшын тілі тарихының кезеңдері. Ұлттық ағылшын тілінің құрылуы. Жаңа кезеңнің негізгі тарихи оқиғалары. Ағылшын тілінің әлемге таралуы. Ағылшын тілі тарихы пәнінің мақсат-міндеті. Үйреніп жатқан тілдің халық тарихымен байланысының кезеңі мен дамуы. Дыбыстық жүйе, грамматикалық құрылым және сөздердің құрамының даму шарттары.
|
Білімдер:
- ағылшын тілінің тарихы;
- ағылшын тілі тарихының өз елінің тарихымен байланысы;
Іскерліктер:
- ағылшын тілі тарихының кезеңдерін айыру;
- кезеңдерін салыстыру;
- тарихи оқиғаларды талдау;
- әрбір кезеңнің негізгі ерекшеліктерін салыстыру;
- әр кезеңнің диалектін анықтау;
- герман тілдері мен халықтарын айыра білу;
- сөздің құрамын жіктеу;
- шетел тілі тарихының маңызды оқиғаларын баяндау;
- қазіргі заманғы негізгі тарихи оқиғаларды анықтау;
- ағылшын тілінің дүниежүзіне таралуын әңгімелеу.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 10
|
Шетел балалар әдебиеті:
Көне балалар әдебиетінің ескерткіштері. Ағылшын балалар әдебиеті. Американдық балалар әдебиеті. Өзге елдердің балалар әдебиеті. Көне және орта ғасырдағы дүние жүзі халықтарының әдебиеті. Ағылшын балалар әдебиетінің ерекшелігі. Ағылшын фольклоры. Ағылшын әдебиетінің жанрлық жүйесі. Американдық балалар әдебиетінің анықтамасы. Дат және француз балалар әдебиетінің қысқаша сипаттамасы.
|
Білімдер:
- көне шығармалардың тарихи-әдеби маңызы;
- миф, мифология, оракул, қаһарлы эпос, сага, фольклор, библия символикасы, мистика және готика туралы;
- көне грек мифы, библия ертегілері, скандинавиялық әндер, әйгілі ағылшын эпосы «Беовульф» мазмұны;
- балалар әндері, ғажайып оқиғалар және ертегілер;
- ағылшын тіліндегі балалар фольклорының ерекшеліктері, жаңылтпаштар, жанр мен сөздерден құралған ойындар;
- көне шотланд балладасын, Робин Гуд туралы баллада;
- балалар жазушыларының биографиясы мен шығармалары;
- таңғажайып роман жанрының ерекшелігі;
- фольклор, баллада, новелла, памфлет туралы түсінік;
- С.Я. Маршак аударған өлеңдерді жатқа айту;
- американдық әдеби даму үрдісі;
- романтизм, гуманизм, реализм және сатира туралы;
- американдық балалар фольклоры және Д. Харрис;
- балалар әдебиетінің Дания, Франция, Германияда жалпы даму бағыты;
- Ж. Верн романының ғылыми гипотезы және оны ғылымдардың қолдауы;
Іскерліктер:
- 17-18 ғасырдағы ағылшын балалар әдебиетімен жұмыс;
- балалар әдебиетінің даму тарихына анықтама беру;
- ағылшын, америка, дат, француз әдебиеттері шығармаларының тарихи кезеңдерін анықтау;
- шығарманың негізгі кейіпкері арқылы авторды атау және керісінше айыру.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 11
|
Үйден оқу:
Көркем шығармаларды оқу және талдау. Қайтадан айтып беру. Жоспар жасау. Көркем шығарманың лексикасымен жұмыс.
|
Білімдер:
- ағылшын тілінің грамматикалық құрылымының негізгі қағидалары;
- тілдің стилистикалық құралдары;
- әртүрлі сөздіктермен жұмыс істеуді және оларды пайдалану;
- ағылшын әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері;
Іскерліктер:
- өткен тақырып бойынша хабарлама жасау;
- суреттерді бейнелеу;
- оқылған мәтінді қайта айтып беру;
- таныс емес көркем мәтінді аудармасыз оқып, түсіну;
- әдеби мәтінді түсіну;
- шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру;
- шығармадағы бір эпизодты суреттеу;
- әңгімені автордың, кейіпкердің атынан баяндау;
- әңгімені талқылау;
- кейіпкерлер арасындағы диалогты құрастыру;
- мәтінді интерпретациялау;
- шығарманы өздігінен талдау;
- кітаппен, сөздікпен және анықтамалармен жұмыстану;
- шығармаларды оқу, талдау;
- жоспар жасау, айтып беру;
- көркем шығарманың сөздік қорымен жұмыстану.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 12
|
Елтану:
Ұлыбритания дамуының тарихи кезеңдері. Халық саны. Географиясы.
Мемлекеттік құрылысы. Білім беру. Баспасөз, радио, теледидар. Бейнелеу өнері. Архитектура. Экономикалық географиясы. Халқы. Қоғамдық-саяси құрылымы: билік, партиялық жүйесі. Мәдениет. Спорт. Мерекелері мен салт-дәстүрлері.
|
Білімдер:
- Ұлыбритания дамуының тарихи кезеңдері;
- мемлекеттік құрылысы;
- халқының орналасуы;
- қалалары;
- заңды, атқарушы билік;
- сайлау жүйесі;
- білім беру жүйесі;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- көркем өнері;
- архитектурасы;
- мерекелері мен салт-дәстүрлері;
- ұлттық спорт түрлері;
Іскерліктер:
- парламент палаталарын айыру;
- Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесін салыстыру;
- Қазақстан мен Ұлыбританияның мерекелері мен салт-дәстүрлерін салыстыру;
- Лингво, елтану сөздіктерін, атлас, карталарды пайдалану;
- Ұлыбритания дамуының тарихи кезеңдері;
- халық санын атау;
- географиясын әңгімелеп беру;
- мемлекеттік құрылымы, білім беру жүйесін анықтау;
- көркем туындылары, суретшілері, мерекелері мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу;
- ұлттық спорт түрлерін сипаттау.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.4
3.3.7
3.3.10
|
АП 13
|
Шетел тілін оқыту әдістемесі:
Әдістеменің теориялық негіздері. Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды үйрету. Ағылшын тілінде сөйлеуге, тыңдауға, оқуға, жазуға үйрету. Шетел тілін оқытуды ұйымдастыру. Білімді бағалау мен бақылау. Факультативтік сабақтар. Сыныптан тыс жұмыстар. Мектепке дейінгі, бастауыш сыныптарда шетел тілін оқыту. Бастауыш сыныптарда ойын әрекетін ұйымдастыру. Ойындардың түрлері.
|
Білімдер:
- шетел тілін оқыту әдістемесінің тарихы;
- оқыту мақсаттары;
- оқытудың мазмұны мен құралдары;
- оқытудың принциптерін;
- тыңдауға үйрету;
- сөйлеуге үйрету;
- оқуға үйрету;
- жазуға үйрету
- айтуға үйретудегі қиындықтар;
- лексиканы оқыту;
- грамматиканы оқыту және әдістері мен тәсілдері;
- сабақты талдау;
- білім алушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;
- факультатив сабақтарын ұйымдастыру;
- сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері;
- мектепке дейінгі шетел тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері;
- мектепке дейінгі шетел тілін оқытудың мақсаттары;
- бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны мен ерекшеліктері;
- бастауыш мектептегі шетел тілі сабағының ойын әрекетін ұйымдастыру әдістері;
Іскерліктер:
- әдіс, тәсілдерді түсіндіру;
- ағылшын тілінде сөйлеуге, тыңдауға, оқуға, жазуға үйрету технологиясы;
- фонетикалық, лексикалық материалды іріктеу;
- грамматиканы оқытудың негізгі принциптерін түсіндіру;
- факультатив сабақтарын және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- бастауыш мектепте шетел тілі сабағын және мектепке дейінгі шетел тілі сабағын өткізу;
- оқытудың негізгі принциптерін анықтау;
- бастауыш сыныптағы сабақты ұйымдастыру;
- ойын әрекетін ұйымдастыру.
- шетел тілін оқытудың теориялық негіздерін қолдану;
- білім алушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету;
- ағылшын тілін бастауыш мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде оқытуды ұйымдастыру;
- бастауыш кезеңдегі ойын әрекетін ұйымдастыру.
|
БҚ 1,2,4,5,7,9
КҚ
3.3.2
3.3.7
3.3.9
3.3.12
|
АП 14
|
Білім алушының таңдау пәні
|
|
|
АП 14.1
|
Бастауыш мектептегі ана тілі:
Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия:
Қазіргі қазақ тіл ғылымының қалыптасу және даму жолдары.
Фонетика. Графика. Орфоэпия. Лексика және фразеология. Сөзжасам. Сөз таптары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |