Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет147/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   182
- бейнелерді құру принциптері;

- түсті, түстік палитраны, түстік моделдер;


- шешілім түсінігін және оның түрлері;


- графикалық мәліметтердің форматтары, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері;


- графикалық мәліметтермен жұмыс жасауға арналған ақпараттық құрылғылар, олардың бағытталуы, түрлері, сипаттамалары;


- Paint, Adobe Illustrator, Image Ready, т.б. графикалық мәліметтерді өңдеу бағдарламалары жөнінде негізгі мәліметтер;


- Adobe Photoshop растрлық графикалық ақпаратты өңдеу бағдарламасының бағытталуы, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;


- Corel Draw векторлық графикалық ақпаратты өңдеу бағдарламасының бағытталуы, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;


- Macromedia Flash бағдарламасының бағытталуын, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.


Іскерліктер:


- компьютерлік графиканың түрлері мен бағыттарын ажырату;


- бейнені құрудың принциптерін анықтау;


- түсті, түстік палитраны, түстік моделдерді қолдану мен таңдау;


- шешілуді анықтау және беру, оның түрлерімен жұмыстану;


- графикалық мәліметтердің тиімді форматтарын қолдану, олардың ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру;


- бағытталуы мен мүмкіндіктері бойынша графикалық мәліметтерді өңдеудің аппараттық құралдарын машықтық мақсаттарды жүзеге асыруда қолдану;


- күтілетін нәтижеге сәйкес бейнені өңдеуде бағдарламалық құралдарды таңдау;


- Adobe Photoshop, Corel Draw және Macromedia Flash графикалық мәліметтерді, анимация жасақтау және өңдеу бағдарламаларында жаңа бейнені жасақтау және дайын бейнені өңдеуде қолдану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 04

Мәліметтер қорын басқару жүйесі:

Мәліметтер қорының теориялық негіздері. Реляциялық модель.


Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.


Мәліметтер қорын зерттеу және өңдеудің жаңа бағыттарына шолу.


Білімдер:

- Ақпаратты сақтау және басқару құралдарының эволюциясы;


- Мәліметтер қоры, мәліметтер қорын басқару жүйесі ұғымдары, олардың құрылымдары мен түрлері;


- Мәліметтер қорын орталықтан басқару ерекшеліктері;


- Реляциялық жүйелер мен модельдер, реляциялық мәліметтер қоры ұғымдары;


- Домен, қатынас, өріс, жазба ұғымдары және олардың ерекшеліктері;


- SQL тілі негіздері;


- Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмыс істеу принципі, оның негізгі жұмыс объектілері;


- мәліметтер қорын зерттеу және өңдеудің жаңа бағыттары.


Іскерліктер:


- Мәліметтер қорының фактографиялық, реляциялық, иерархиялық, желілік түрлерін ажырату;


- Мәліметтер қорын жобалау, құру, басқару;


- Мәліметтер қорын басқарудағы негізгі компоненттер: мәліметтер, аппараттық және программалық қамсыздандыру, қолданушылар ролін ажырату;


- Домендер, өрістер мен жазбалармен жұмыс;


- Мәліметтер қорына жазбалар толтыру, іздеу, жою, алмастыру, қорғау, кестелерді байланыстыру;


- мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымдарын айыру;


- Microsoft Access программасында мәліметтер қорын басқару жүйесін құру.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 05

Есептеу жүйелері, желілері мен коммуникациялары:

Желілік топологиялар. Интернет – технология. Аппараттық жабдықтар (орталық процессор, магистраль, енгізу, шығару, сақтау). Электрондық-есептеуіш техника. Аппараттық жүйелер.


Білімдер:

- есептеу желілері құрылуының негізгі принциптері;


- компьютерлік желінің арналуын, жіктелуі және ресурстары;


- жергілікті және жалпы желіні, түрлері және оны ұйымдастыру


- хаттама деген не және ол қалай қолданылатыны;


- хабар деген не екені;


- электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелері;


- аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретіні;


- орталық процессор, магистраль, енгізу – шығару құрылғыларының арналуы;


- Монитордың сипаттамалары, арналуы, құрамдас бөліктері;


- пернетақтаның міндеттері;


- арнайы пернелердің негізгі функциялары;


- пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелері;


- электрондық-есептеуіш техникасының түрлері;


- ЕТ дамуының негізгі кезеңдері;


- Цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптері;


- ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасы;


- ЭЕМ–ді қолдану аумақтары;


- аппараттық жүйелер ұғымы, құру тәсілдері, түрлері;


Іскерліктер:


- жергілікті желімен жұмыс;


- “Желілік орта” қапшығымен жұмыс;


- хабарларды құру, редакциялау, сақтау және ашумен жұмыс;


- хабарларды жіберу және қабылдаумен жұмыс;


- ауқымды желімен жұмыс;


- Интернет ресурстарын пайдалануды;


- электрондық адрестер және хабарлармен жұмыс;


- Интернет, мультимедиа, желілік технологияларды пайдалану;


- орталық процессор, магистраль, енгізу – шығару құрылғыларымен жұмыс жасау;


- Монитордың сипаттамалары, арналуы, құрамдас бөліктері;


- арнайы пернелердің негізгі функцияларымен жұмыс жасау;


- аппараттық жүйелер ұғымын, құру тәсілдерін, түрлерімен жұмыс жасау.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 06

Математикалық талдау:

Бір айнымалы функцияның математикалық талдауы.


Дифференциалдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалысы бар функцияның математикалық талдауы. Қатарлар.


Білімдер:

- жиын ұғымы;


- нақты сандар және оның қасиеттері,геометриялық кескіндеу;


- математикалық индукция тәсілі, бірігу және Ньютон биномы формуласы;


- сандық тізбектер;


- функция ұғымы,


- функция шегі, функция шегі туралы теоремалар;


- туынды ұғымы және анықтамасы;


- дифференциал ұғымы;


- дифференциалдау ережесі, күрделі функция,


жоғарғы ретті туындысын


есептеу;


- дифференциалдың негізгі теоремалары;


- алғашқы функция ұғымы;


- анықталмаған және анықталған интегралдың негізгі қасиеттері және әртүрлі тәсілдері;


- анықталған интегралдың физикалық және геометриялық мағынасы;


- меншіксіз интеграл анықтамасы;


- бірнеше айнымалыдан тұратын функция ұғымы және геометриялық бейнеленуі;


- дербес туындылар, дифференциалдану, қос интегралдың анықтамасы;


- сандық қатар, дәрежелік қатардың анықтамасы.


Іскерліктер:


- нақты сандарға, жиындарға амалдар қолдану;


- математикалық индукция тәсілін практикада қолдану;


- тізбектің, функцияның шегін есептеуде анықтаманы, тамаша шектерді қолданып, түрлендіру;


- туындыны анықтама, кесте бойынша есептеу;


- дифференциалдаудың негізгі ережелерін қолдану;


- анықталған, анықталмаған интегралды есептеу, интегралдау тәсілдерін тиімді қолдану;


- меншіксіз интегралдың жинақталуын (жинақталмауын) дәлелдеу;


- бірнеше айнымалыдан тұратын функция ұғымын және геометриялық бейнеленуін практикада қолдану;


- екі айнымалы функцияның шегін анықтау;


- дербес туындыны, қос интегралды практикада қолдану;


- қатар ұғымын практикада пайдалану;


- функциялар анықтамасын және қасиеттері, шегі туралы теоремалар;


- дифференциалды есептеудің негізгі теоремалары және, практикада қолданун;


- интегралдаудың әр түрлі тәсілдерін есептер шығаруда қолдану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 07

Математикалық логика:

Логика пәні және маңызы.


Ұғым. Пікір. Ой қорытынды. Аргументация. Софизм.


Білімдер:

- логика тарихынан қысқаша мәлімет, терминдер, заттың атауы,


- логикалық форма, логикалық заң туралы ұғым;


- ұғым ойлау формасы,


- үйлесімді және үйлесімсіз ұғымдар анықтамасы;


- генетикалық анықтамалар;


- ұғымдарды бөлу ережелері;


- қарапайым пікірлердің ақиқаттылығы,


- құрылымы, түрлері;


- дедукция, индукция, аналогия, қорытындылары;


- аргументация дәлдік ұғымы, логикалық дәлелдеу мәні;


- дәлелдеудің логикалық құрылымы;


Іскерліктер:


- ойын жүйелі, логикалық түрде айту;


- теориялық логиканы машықпен байланыстыру,


терминдер мен заттың аталуын ажыратып, қатынастарды қасиеттер арқылы өрнектеу;


- ұғым құрудың логикалық тәсілдерін практикада пайдалану;


- пікірдің логикалық мәні мен құрамына, пікірлер арасындағы ақиқаттық қатынастарға амалдар қолдану;


- ой қорытынды туралы жалпы түсініктерін айту,


- түрлерін (дедукция, индукция, аналогия) ажырата білу;


- дұрыс ойлай білудің негізгі белгілерін, заңдарын қолдану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 08

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика:

Кездейсоқ оқиғалар.


Негізгі ұғымдар. Оқиғалар алгебрасы. Кездейсоқ оқиғалардың түрлері. Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар.


Бірнеше айнымалыдан тәуелді кездейсоқ шамалар. Корреляция моменті.


Корреляция коэффициенті.


Математикалық статистика элементтері.


Білімдер:

- негізгі ұғымдары, оқиғалар алгебрасы және кездейсоқ шамалар түрлері;


- ықтималдықтар теория сының аксиоматикалық негіздері;


- кездейсоқ оқиғалардың түрлері, ықтималдықтың классикалық және «геометриялық» анықтамалары;


- ықтималдықтың статистикалық анықтамасы, оқиғаның салыстырмалы жиілігі;


- есеп шешуде комбинаторика элементтерін қолдану;


- шартты ықтималдық, тәуелді оқиғалар ықтималдықтарын көбейту теоремасы;


- ықтималдықтар теоремасы, оқиғалар, толық оқиға мен Бейес формуласы;


- дифференциалдық таралу функциясының анықтамасы және ықтималдық мағынасы;


- бірнеше кездейсоқ шамалардың жүйесі;


- екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары;


- корреляциялық момент туралы;


- корреляциялық коэффициент, таңдау әдістері, шартты вариантардың эмпирикалық таралымы, ассимитрия және экцесс құрылымдары;


Іскерліктер:


- негізгі ұғымдары, оқиғалар алгебрасын және кездейсоқ шамалар түрлерін анықтамасын мысалдар шешуде қолдану;


- оқиғалардың толық жүйесі, шартты ықтималдық, тәуелді оқиғалары ықтималдықтарын көбейту теоремасын практикада пайдалану;


- интегралдық және дифференциалдық таралу функциясының анықтамасын пайдаланып кесте құру;


- екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын мысалдарды шешуде қолдану;


- математикалық күту, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу формулаларын қолдану;


- корреляциялық момент және корреляциялық коэффицент, таңдау әдістерін практикада қолдану;


- комбинаторлық есептерді шешу тәсілдері, шартты түрлері, таралу заңдылықтары;


- математикалық күту, диссперсия, орташа ауытқу формуласы;


- екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары;


- ықтималдықтарды көбейту теоремасы, Чебышев теңсіздігі, корреляция элементтерін табуды пайдалану, құра білу.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 09

Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар:

АКТ құралдарын жасақтау мен пайдалану негіздері. АКТ құралдарының даму тарихы. Білім беруде АКТ пайдаланудың әдістемелік аспектілері, бағыттары және қолдану перспективалары. Білім берудегі АКТ құралдарының жіктелуі және түрлері.


Білімдер:

- АКТ құралдарынын жасақтау мен пайдаланудың дидактикалық негіздері;


- АКТ құралдарының даму тарихы;


- білім берудегі АКТ құралдарының әдістемелік аспектілері, бағыттары мен пайдалану перспективалары;


- білім берудегі АКТ құралдарының сапасына қойылатын талаптар;


- білім берудегі АКТ құралдарының жіктелуі;


- білім берудегі АКТ құралдарының орны, түрлік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері;


Іскерліктер:


- білім беруде АКТ құралдарын жасақтау және пайдалану;


- білім берудің күтілетін нәтижелеріне байланысты АКТ құралдарын қолданудың перспективаларын анықтау;


- білім берудегі АКТ құралдарының сапасына қойылатын талаптарды орындау;


- білім берудегі АКТ құралдарының негізгі түрлерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырату.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.2.2


3.2.4


3.2.7


3.2.9


3.2.12


АП 10

Видео-фото ісі:

Фотоаппарат, оның түрлері. Фотоға түсіру үрдісінің элементтері. Оптика, экспозиция негіздері.


Видеокамера, оның түрлері. Видеоға түсіру.


Бейнені беру әдістері.


Берілгендер форматы.


Бейнені, видеоны монтаждау, сапасын арттыру.


Фото және видеомонтаж бағдарламаларымен танысу.


MovieMaker, Nero PhotoSnab, Udeal VideoStudio, Image Convertor, Adobe Premiere Pro т.б.


Білімдер:

- бейнені файлда сақтау тәсілдері;


- мәліметтерді сығу әдістері;


- файл форматтарын өзгерту;


- сандық видео негізі;


- фото және видеомонтаж бағдарламалары;


Іскерліктер:


- таңдалған тақырып бойынша өз фильмін жасақтау;


- кез келген материалды өңдеу;


- титрларды жасақтау және анимациялау;


- фильмге түрлі эффектілер қосу;


- көп қабатты композиция құру;


- түрлі бағдарламалар арасында файл алмастыру;


- ұжымдық түрде жоба жасақтау және қорғау;


- DVD-дискілер жасау;


- жаңа технологияларды пайдалану.


БК 1,2,4,5,7,9

ПК


3.2.4


3.2.6


3.2.7


3.2.10


АП 11

Дизайн:

Дизайн өнері және қолдану орны.


Түрлі материалдардан бұйымдар құрастыруда қолданылатын дизайн элементтері.


Интерьер дизайны.


Дизайн бойынша бастауыш сыныптарда қолданылатын компьютерлік графиканың негізгі бағдарламалары.


Білімдер:

- библиографияны, дизайн өнерінің түрлері, қолданылу орны;


- бұйым жасау үшін қолданылатын материалдар мен құрал–жабдықтар;


- интерьер дизайны ерекшеліктері;


- дизайн бойынша қолданылатын компьютерлік графика;


Іскерліктер:


- дизайн бойынша библиографикалық мәліметтерді қолдану;


- бұйымды құрастыруды және дидактикалық материалдарды безендіру:


- Дизайн өнерінің ережесі бойынша интерьерді безендіру;


- компьютерлік графиканың бағдарламаларымен жұмыс;


- жаңа дизайн құралдарымен жұмыс істеу;


- түрлі материалдардан бұйым және көрнекілік жасау барысында шығармашылық ізденіс;


- интерьерді безендіру.


БҚ 1,2,4,5,7,9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет