Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет42/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   182

Білімдер:

- тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін;


- тәрбиенің мәнін және ерекшеліктерін;


- негізгі түсініктердің мазмұнын;


- тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптерін;


- тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру факторларын;


- қосымша білім беру педагогының жұмысының жүйесін, қызметін;


- қосымша білім беру педагогының жеке тұлғасына қойылатын талаптар;


- әр жастағы балалармен жұмыс жасаудың психология-педагогикалық негіздері;


- тәрбие әдістері, тәрбие үрдісінің құралдары, нысандары;


- тәрбиенің қазіргі тұжырымдамалары;


- тәрбиенің аймақтық бағдарламалары;


- мектеп оқушыларымен жүгізілетін тәрбие жұмысының негігі бағыттары және мазмұны;


- тәрбие жұмысын өткізу әдістемесін;


- педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарды;


- мектептен тыс ұйымдардың үлгілік бағдарламаларын;


Іскерліктер:


- тәрбие бағдарламасын құру;


- балалардың жас ерекшелігі және жеке ерекшелігін ескере отырып тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, нысандарын анықтау;


- топтың психологиялық климатын диагностикалау;


- сынып, мектеп, үйірме тобының, уақытша балалар ұжымы жүйесінің үлгісін құру;


- тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету әдістерінің жүйесін пайдалану;


- шығармашылық істердің коэффициентін анықтау;


- тәрбие үрдісінде әр алуан технологияларды пайдалану;


- қоғамдық пікірді зерделеу және оның нәтижесін жұмыс практикасында пайдалану;


- тәрбие жұмысында аймақтық компонент терді пайдалану;


- жастары әр түрлі топтарда тәрбие жұмысын үлгілеу;


- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, үйірме жетекшілерімен, әлеуметтік педагогпен және практикалық психологпен жұмыс жүйесін ұйымдастыру;


- тәрбие іс-шарасын талдау және өздік талдау;


- тәрбие жұмысы жоспарын құру;


- тәрбие іс-шарасының сценарийін құру.


КҚ 3.3.2 -

КҚ 3.3.8


АП.02

Педагогикалық менеджмент негіздері.

Әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарды басқарудың мақсаттары мен міндеттері; менеджмент қызметтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; басқару шешімдерін қабылдау теориясының негіздері; стратегиялық менеджмент; еңбек уәждемесінің жүйесі; қатерлерді басқару; қақтығыстарды басқару; менеджмент психологиясы; іскерлік тілдесу этикасы; басқару саласындағы ақпараттық технологиялар.


Білімдер:

- ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарды басқарудың мақсаттары мен міндеттерін;


- менеджмент қызметінің мазмұны және түрлерін;


- басқару шешімдерін қабылдау теориясының негіздерін;


Іскерліктер:


- іскерлік қарым-қатынас саласында әдептілік білімдерін пайдалану;


- қақтығыстар мен қатерлерді басқара білу;


- басқару саласында ақпараттық технологияларды қолдану.


КҚ 3.2.6

КҚ 3.2.9


АП.03

Әлеуметтік педагогика.

Педагогика ғылымдары жүйесіндегі әлеуметтік педагогика, оның пәні және міндеттері. Әлеуметтік педагогиканың құрылу және даму тарихы. Әлеуметтік педагогиканың объектілері, принциптері. Әлеуметтік тәрбиедегі тұлға қалыптасуының факторлары: отбасының әсері, білім беру ұйымдарының, балалар қоғамдық ұйымдары, халықтың мәдени-тарихи дәстүрлері және жаппай коммуникация құралдары. Жүріс-тұрыс нормалары және нормадан ауытқушылық түсінігі. Әлеуметтік бейімделу және бейімделмеу. Әлеуметтік-педагогикалық көмектің түрлері. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұны, нысаны және әдістері. Отбасы әлеуметтенудің микрофакторы ретінде.


Білімдер:

- пәнді, әлеуметтік педагогиканың міндеттерін және рөлін;


- әлеуметтік педагогиканың даму тарихын;


- объектілері мен принциптерін;


- әлеуметтік тәрбиенің факторларын;


- әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін;


Іскерліктер:


- микро және макросоциумда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, тәрбие жұмысын ұйымдастыру;


- жеке тұлғаны зерделеу саласында қазіргі зерттеулер жетістіктерін пайдалану;


- серіктестік диалогтық тілдесуді тең реттеу.


КҚ 3.2.2

КҚ 3.2.9


КҚ 3.2.14


АП.04

Әлеуметтік психология.

Ғылыми білім жүйесіндегі әлеуметтік психологияның орны. Тілдесу психологиясы; тілдесу мазмұны, мақсаты, құралдары. Топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде; топ түрлері; құрылымы. Шағын топтың нормативтік-рөлдік феномендері. Лидершілдік (озаттық). Топтағы топтық әрекеттердегі бірлік, сыйысушылық, тіл табысушылық, тиімділік проблемалары. Топаралық өзара әрекеттер қызметтерінің феномендері. Топтың даму механизмі. Шағын топтарды басқарудың тиімді әдістері. Үлкен әлеуметтік топтардың феномендері. Топтық сана. Жеке тұлға және қоғам. Әлеуметтендіру түсінігі; әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны. Жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру және өзгерту. Әлеуметтік жүріс-тұрысты болжау.


Білімдер:

- баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларын;


- әлеуметтік психология, тілдесу психологиясының мазмұнын;


- түсініктердің мәні;


- «жеке тұлға-қоғам» қарым-қатынастарының жүйесін;


- әлеуметтендіру үрдісі түсінігін және мазмұнын;


Іскерліктер:


- практикада тілдесу психологиясының негіздерін қолдану;


- жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарларын өзгерту;


- топтағы тіл табысушылықты анықтау;


- балалардың әлеуметтік жүріс-тұрысын болжау.


КҚ 3.2.2

КҚ 3.2.14


АП.06

Көркем қол еңбегі практикумы.

Табиғи және синтетикалық материалдардан сәндік-қолданбалы сипаттағы көркем бұйымдарды жасаудың практикалық үрдісі; әр түрлі топтағы материалдармен атқарылатын көркем жұмыстардың түрлері; табиғи материалдармен жұмыс; материалдарды көркем өңдеудің амал-тәсілдері.


Білімдер:

- әр түрлі материалдармен жұмыстардың түрлерін;


- материалдарды көркем өңдеудің амал-тәсілдерін;


Іскерліктер:


- әртүрлі материалдардан көркем бұйымдарды жасау үрдісін ұйымдастыру;


- материалдарды көркем өңдеудің амал-тәсілдерін жұмыста пайдалану;


- әртүрлі материалдардан сәндік-қолданбалы сипаттағы көркем бұйымдарды жасау.


КҚ 3.3.10

КҚ 3.3.15


АП.06

Конфликтология негіздері.

Конфликт түсінігі және мәні. Конфликтологияның жіктелуі, пайда болу көздері. Конфликттерді шешу стратегиясы, тактикасы, әдістемесі. Ұйымдық-басқару қақтығыстары көрінісінің ерекшелігі, реттеу әдістері. Қарым-қатынасқа әсері. Қақтығыссыз тілдесу амал-тәсілдері; тілдесуді басқару. Тілдесудің мәні, атқаратын қызметі, түрлері. Күйзеліс және дистресс түсінігі. «Оқушы-мұғалім», «мұғалім-мұғалім», «мұғалім-әкімшілік», «бала-ата-ана» жүйелеріндегі; баланың құрдастары арасында, мектептен және сыныптан тыс өмірдегі қақтығыстардың өзіне тән ерекшеліктері.


Білімдер:

- конфликт түсінігін және мәнін;


- қақтығыстардың жіктелуін, пайда болу көздерін;


- қақтығыстарды шешу стратегиясын, тактикасын, әдістемесін;


- тілдесудің маңыздылығын;


- әр түрлі жүйедегі қақтығыс ерекшеліктерін;


Іскерліктер:


- балалар, жасөспірімдер, жастардың ауыспалы сәттерін аса бақылауға алу;


- оқушылардың мұғаліммен, құрбыларымен, ата-аналармен және басқа адамдармен тұлғаралық қарым-қатынастарының бұзылуын анықтау және жою;


- балалар, жасөспірімдер, жастар, мектеп, отбасындағы қақтығыс жағдаяттарын шешу.


КҚ 3.2.14

КҚ 3.3.5


КҚ 3.3.7


АП.07

Түзету педагогикасы және әлеуметтік бейімделмеген балалармен жұмыс негіздері.

«Әлеуметтік бейімделмеген балалар» түсінігі, олардың пайда болуының негізгі себептері. «Қиын балалар», жүріс-тұрыс нормаларынан ауытқу, «ауытқушылық жүріс-тұрыстар»; делинквенттылық; девианттылық; баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары; жақын даму аймағы; бала психикасының жас ерекшеліктері, олардың балалар жүріс-тұрысына әсері. Жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері. Әлеуметтендіру, әлеуметтендіру механизмі; бейәлеуметтілік. Бейімделу, Бейімделу проблемалары (мектепте оқуға дайындығы); дезадаптация, диссоциация; педагогикалық босаңсу. Жеке тұлғаның базалық сипатының жалпы мінездемесі: невротизм; психикалық ұшқалақтық, фрустрация; компенсация; негативизм; агрессия; қорқыныш; мазасыздық; депрессия; ұялшақтық; жасқаншақтық; жалпы белсенділік; лидерлік; гиперактивтілік; импульстік; тежелгіштік; инфантильдік; инерттік; солақайлық; педагогикалық түзету. «Әлеуметтік бейімделмеген балалармен» тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері: жеке тұлғалы көзқарас, педагогикалық такт; тілдесу және өзара әрекет жасау стилдері. Ауытқушы мінез-құлықты ұжым және балалар. Топтағы өзара тұлға аралық қарым-қатынастар ерекшеліктері, отбасының психологиялық денсаулығы; психология-педагогикалық білім алу. Түзету және психологиялық диагностика әдістері және әдістемесі.


Білімдер:

- әлеуметтік-бейімделмеген балалар түсінігінің мазмұны және олардың болуының себептерін;


- психикалық дамудың негізгі заңдылықтары және бала жасына байланысты психикасының ерекшелігін;


- жеке тұлғаның базалық ерекшелігінің жалпы сипаттамасын;


- әлеуметтік бейімделмеген балалармен жұмыс ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін.


Іскерліктер:


- әлеуметтік бейімделмеген оқушылардың ауытқу себептерін анықтау;


- баланың жеке тұлғасының жас және жеке басының ерекшелігін ескеру;


- әлеуметтік бейімделмеген балалармен жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру.


КҚ 3.2.14

КҚ 3.3.5


КҚ 3.3.7


АП.08

Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасы.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы мектеп оқушысының бос уақытын ұйымдастыру ретінде. Сыныптан және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырудың жалпы сұрақтары және өткізу әдістемесі. Бос уақыттағы іс әрекеттің мәні, қызметтері, міндеттері, маңыздылығы. Бос уақыт түрлері: көркем өнерпаздар бірлестігі, техникалық шығармашылық, театр-студия, үйірме, «қызығушылық клубтары», «контингент клубтары», туризм, альпинизм, жергілікті жерде бағдарлану, экстремалды жағдайда тірі қалу, экологиялық акциялар. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруда жас ерекшелігін есепке алу. Балалар қызығушылықтарын қалыптастыру және әр топтағы балалар және жасөспірімдер мен бос уақытты ұйымдастыру әдістемесі. Ауыл мектеп білім алушыларымен жұмыс істеудің ерекшелігі. Әр түрлі топтағы балалар мен жасөспірімдерге дифференциялды тұрғыда қарау.


Білімдер:

- Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырудың жалпы сұрақтары және өткізу әдістемелерін;


- мәні, атқаратын қызметтері, міндеттері, түрлері және бос уақыттың маңыздылығын;


- өнерпаздар бірлестіктерінің жіктелуін;


- бос уақытты ұйымдастырудағы жас ерекшелік педагогикасының рөлі;


- ауылдың мектеп білім алушыларымен жұмыстың өзіне тән ерекшелігін;


Іскерліктер:


- олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың қызығушылықтарын қалыптастыру;


- әр түрлі топтағы жасөспірім балалардың бос уақытындағы іс-әрекеттерін ұйымдастыру.


КҚ 3.1.2 -

КҚ 3.1.4


КҚ 3.2.7 -


КҚ 3.2.12


КҚ 3.3.9 –


КҚ 3.3.15


АП.09

Балалармен және жасөспірімдермен дене-шынықтыру – сауықтыру жұмысы.

Дене шынықтыру – сауықтыру жұмысының жүйесі; күш-жігерлері сапасын дамыту негіздері; дене тәрбиесіндегі жоспарлау және бақылау; спорттық-сауықтыру жұмысының нысандары; сабақтар құрылымы; оқу күні түзімінде және бос уақытта дене шынықтыру-сауықтыру іс шараларын өткізу әдістемесі; оқу күні түзімінде және бос уақыттағы дене шынықтыру-сауықтыру іс шаралары; оқушылардың жеке қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін ортаны ұйымдастыру; дене шынықтыру жабдықтары және құралдары; көпшілік - дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар, отбасындағы дене тәрбиесі нысандары.


Білімдер:

- дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарының негізгі бағыттарын;


- балалардың дене шынықтыру сапаларын дамытудың теориялық-практикалық негіздерін;


- оқу күні түзімінде және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу әдістемесін;


- спорттық-сауықтыру жұмысының нысандарын;


Іскерліктер:


- дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларын жоспарлау;


- білім алушылардың жеке қозғалысын қамтамасыз ететін ортаны ұйымдастыру;


- дене шынықтыру жабдықтарын және құралдарын пайдалану;


- дене-шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.


КҚ 3.1.4.

КҚ 3.1.5.


АП.10

Балалар және жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру әдістемесі.

Балалардың жазғы демалысының нормативті базасы. Сауықтыру-тәрбиелеу мекемелерінің жүйесі және олардың міндеттері. Тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мазмұны мен ерекшеліктері.


Балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстардың нысандары мен әдістері.


Білімдер:

- балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың нормативтік құжаттарын (соның ішінде нұсқаулықтар);


- балаларды уақытша біріктіру барысындағы өзін-өзі басқару теориясы;


- жазғы сауықтыру лагерінде тәрбие жұмысын жоспарлау негіздері;


- ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастыру және өткізу негіздері


Іскерліктер:


- балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар мен құралдарды пайдалану - балалар сауықтыру лагерінде өз әрекетіне бақылау және өздік бақылау жасау нәтижелерін пайдалану;


- жазғы кезеңдегі тәрбие жұмысын жоспарлау;


- практикант күнделігін жүргізу;


- ұжымдық шығармашылық істердің сынама сценарийлерін құру;


- уақытша балалар бірлестігінде өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;


- ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастыру және өткізу;


- әдістемелік копилканы қалыптастыру


КҚ 3.1.2 -

КҚ 3.1.4


КҚ 3.2.7 -


КҚ 3.2.12


КҚ 3.3.9 –


КҚ 3.3.15


АП.11

Балалар және жастар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері қызметінің теориясы мен практикасы.

Балалар және жастар ұйымдарының даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы балалар қозғалысының даму кезеңдері. Қазіргі балалар мен жастар қозғалысы, оның түрлері. Жастар қозғалысының мақсаттары, міндеттері. Қызмет мазмұны, мәселелері, оларды шешу жолдары. Ұйымдардың жіктелуі (жас, әлеуметтік тиесілігі; ұйымдастыру формасы, бағыттылығы). Жастар субмәдениеті. Скаутинг және оның вариациялары. Бейресми бірлестіктер, олардың түрлері: позитивті (мәдени-экологиялық, табиғат қорғау, әлеуметтік) және негативті («фанаттар», «митькалар», «панкалар», «скинхэдтер», «байкерлер», «рэпперлер» және т.б.). Балалар және жастар ұйымдарының даму болашағы, олардың бейресми бірлестіктер мен топтарға ықпалы.


Білімдер:

- балалар және жастар ұйымдарының даму тарихын;


- Қазақстан Республикасындағы балалар қозғалысының даму кезеңдерін;


- қазіргі балалар мен жастар қозғалысының мақсаттары, міндеттері және түрлері;


- ұйымдардың жіктелуін;


- жастар субмәдениетінің мазмұнын;


- бейресми бірлестіктердің түрлерін және маңыздылығын;


- балалар мен жастар ұйымдарының даму болашағын;


Іскерліктер:


- балалар және жастар ұйымын ұйымдастыру;


- бейресми бірлестіктердің бағытын анықтау және олардың балаларға ықпал ету деңгейі;


- кейбір бейресми бірлестіктердің жағымсыз әсерін тәрбие құралдары арқылы жеңу;


- балалар және жастар ұйымдарының алдында тұрған мәселелерді шешу.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.2.1


АП.12

«Безендіру ісі» практикумы.

Безендіру жұмыстарындағы қазіргі құралдар және материалдар: жабысқақ пленкалар, орокал, жабын нитроэмальдар, аэрозольді эмальдар. Жұмысты жүргізу технологиясы: трафареттер жасау; бояу құрамымен жұмыс істеу; түрлі материалдардың үйлесімділігі және оларды қолдану мүмкіндіктері. Оригами технологиясы: даму тарихы, түрлері, қолдану аясы, материалдар және құрал-жабдықтар, оригами құру заңдылықтары, сызба бойынша фигураларды өз бетімен орындау. Рельефті сурет: дайындық кезеңі, сурет және оның ерекшелігі, суретті негізге аудару. Жартылай көлемді қағаз пластикасы: рельефті сурет, өзіндік жұмыс; Көлемді пластика: қағаздан құрастырудың өзіне тән ерекшелігі, жұмыстың негізгі тәсілдері. Қағаздан қималар жасау: қағаздан қию тарихы, қию түрлері, қию коллаждың даму тарихының элементі ретінде; Қағаздан жапсыру: материалдар мен құралдар, орындау техникасы, коллаждағы фактура, арқаннан, баудан, шпагаттан, табиғи материалдан жасалатын аппликация: орындау технологиясы; Қағаз бен қатырма қағаздан мозайка жасау. Папье-маше: маскалар, сәнді тәрелкелер, ойыншықтар, бутофория, ою-өрнектер; орындау техникасы.


Білімдер:

- безендіру жұмыстарындағы қазіргі құралдарды және материалдарды;


- жұмысты жүргізу технологиясын;


- әр түрлі материалдардың үйлесімділігін және оларды қолдану мүмкіншіліктерін;


- әр түрлі материалдарды пайдалану ерекшеліктерін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет