Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет41/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   182

- жалпы және жас ерекшелік психологиясының мазмұнын;


- қазіргі психологияның құрылымын, міндеттерін, әдістерін және түсініктерін;


- жеке тұлғаның танымдық және эмоционалды, ерік-жігер саласының мазмұнын;


- жеке тұлғаны дамытудың психологиялық ерекшеліктерін;


- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің психологиялық негіздерін.


Іскерліктер:


- стресстың алдын алу;


- ауытқушылық мінез-құлыққа диагностика жасай білуі;


- жұмыс практикасында психологиялық білімдерді қолдану.


БҚ 11

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.8


ЖКП. 02

Педагогика.

Педагогика пәні және міндеттері. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы және дамуы. Ежелгі Грекиядағы педагогика. Орта ғасырлардағы және қайта өрлеу кезеңіндегі педагогика мәселелері. Я.А.Коменский - педагогиканың негізін салушы. XVIII ғасырдағы педагогика. XIX ғасырдағы педагогиканың басты идеялары. К.Д.Ушинскийдің дидактикалық жүйесі. ХХ ғасырдағы мектептегі білім беру мен педагогикалық теорияның ерекшеліктері (А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский идеялары).


Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы. Қазіргі педагогиканың әдіснамасы. Педагогикалық ғылым мен практика. Педагогиканың зерттеу әдістер. Педагогикалық үрдістің құрылымы мен кезеңдері. Қызметтің жетекші түрлері. Дамудың жалпы заңдылықтары және жас ерекшеліктері. Дамыта оқыту мүмкіндіктері, тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік шартталғандығы. Педагог мамандығына қойылатын талаптар. ҚР «Білім туралы» заңы. Біртұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дидактика: тәрбие үрдісінің дидактикасы, жүйесі, құрылымы, заңдылығы, мазмұны. Тәрбиелік диагностикасы. Тәрбиенің негізгі принциптері. Тәрбие әдістерінің, формаларының және құралдарының жүйесі. Тұлғаны және педагог пен тәрбиеленушінің әріптестігінің өзара байланысы туралы педагогикалық ой классикасы. Тәрбие үрдісінің технологиясы. Оқыту үрдісінің теориялық және әдістемелік негіздері. Қазіргі дидактикалық концепциялар. Оқыту үрдісінің заңдылықтары. Дидактикалық ұстанымдар. Оқыту әдістері. Оқу үрдісін ұйымдастыру құралдары және нысандары. Тұлғалық бағдарлы оқыту.


Білімдер:

- ғылым ретіндегі педагогика пәні және міндеттері; педагогикалық ойлардың даму тарихы


- педагогиканың әдіснамалық базасын, педагогикалық үрдістің құрылымы мен кезеңдерін;


- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі ережелерін;


- тәрбие жұмысының мазмұнын,


- оқыту үрдісінің теориялық және әдістемелік негіздерін;


- қазіргі дидактикалық концепциялардың мәнін және білім беру технологияларын;


Іскерліктер:


- балалар және олардың ата-аналарымен педагогикалық мақсатқа бағытталған өзара қарым-қатынас орната білуі;


- әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды үлгілеу;


- зерттеудің диагностикалық әдістерін пайдалану;


- өз жұмысында дамыта оқыту мүмкіншіліктерін пайдалану;


- оқу үрдісін ұйымдастыру.


БҚ 2

БҚ 6


БҚ 10


БҚ 11


КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.6


ЖКП. 03

Этнопедагогика.

Этнопедагогика пәні, міндеттері және әдістері. Этнопедагогикалық ойлардың қалыптасу тарихы. Білім беру жүйесіндегі ұйымдарда оқу-тәрбие үрдісіндегі этнопедагогика мәселелері. Қазақ халқының этнопедагогикасының мәселелері. Қазақ халқының ерекшелігін танудағы этнопсихология, оның этнопедагогикада атқаратын рөлі. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде. Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны, нысандары және әдістері. Бала тәрбиелеу үрдісінде қазақ халқының этнопедагогикасының материалдарын пайдалану. Ұлттық салт-дәстүрлер.


Білімдер:

- этнопедагогика мазмұнын;


- этнопедагогиканың даму тарихын;


- қазақ этнопедагогикасын.


Іскерліктер:


- тәрбие үрдісінде этнопедагогиканың материалдарын пайдалану;


- қазақ этнопедагогикасының ерекшеліктерін анықтау;


- этнопсихология рөлін көрсету;


- этникалық факторлардың, мәдениеттің ықпалын талдай білу.


БҚ 2

КҚ 3.3.4


КҚ 3.3.7


ЖКП. 04

Медициналық білім негіздері.

«Cалауатты өмір салты» түсінігі және денсаулықты анықтайтын факторлар; әр түрлі жастағы қатердің негізгі факторлары, олардың себептері, таралуы; балалардағы және жасөспірімдердегі норма және нормадан ауытқушылықтар; өзін-өзі сауықтыру жүйесі; бейімделу және күйзеліс; балалар аурулары, олардың жіктелуі; жұқпалы аурулар және олардың алдын алу; балалар жарақаттылығы және оның алдын алу.


Білімдер:

- түсінік мазмұнын;


- әр түрлі жастағы қатердің негізгі факторлары;


- норма және нормадан ауытқу түсінігін;


- балалар аурулары және жұқпалы аурулардың белгілерін;


- өзін-өзі сауықтыру жүйесінің негізгі ережелерін;


Іскерліктер:


- балалардың дамуындағы және одан ауытқуларындағы нормаларды анықтау;


- өзін-өзі сауықтыру жүйесін пайдалану;


- негізгі балалар және жұқпалы ауруларды диагностикалау;


- жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.


БҚ 3

БҚ 4


КҚ 3.2.8


ЖКП 05

Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиена.

Адам біртұтас биологиялық жүйе ретінде. Адам ағзасының өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдер ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Балалар және жасөспірімдердің әр түрлі кезеңдерде дамуындағы психофизиологиялық қызметтері. Бала ағзасының әр түрлі даму кезеңдеріндегі дене және ақыл-ойының жұмысқа қабілеттілігі. Балалар және жасөспірімдердің жыныстық дамуының психофизиологиялық ерекшеліктері. Бейімделу. Балалар мен жасөспірімдер ағзасының дене және психикалық адекваттылығы туралы түсінік.


Білімдер:

- адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын;


- балалар және жасөспірімдер ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін;


- балалар және жасөспірімдердің әр түрлі кезеңдердегі дамуындағы психофизиологиялық қызметтері және ерекшеліктерін;


- курстың негізгі түсініктерін;


Іскерліктер:


- дене жүктемелерінің мөлшерін орындау;


- әр жастағы кезеңдердегі балалардың шаршау және мөлшерден тыс шаршау деңгейлерін анықтау;


БҚ 3

БҚ 4


КҚ 3.3.6


ЖКП. 06

Іскерлік өзара қарым-қатынастар этикасы және педагогикалық шеберлік негіздері.

Этикалық дәстүрлердің қалыптасу тарихы және этиканың негізгі санаттары. Индивидтің бірлестікте өзін ұстауы, өзара қатынасын реттеуші форма ретіндегі мораль. «Әдептің алтын ережесі». Этика түсінігінің қалыптасуы. Кәсіби этика қызметінің әртүрлілігі. Тәрбие, ұйымдастырушылық жұмыстың этикалық негіздері. Кәсіби этикалық кодекс. Іскерлік қарым-қатынастардың нормалары мен ережелері. Коммуникативтік қатынас әдістері. Іскерлік қарым-қатынастағы педагогикалық такт. Педагог тұлғасының қасиеттер кешені ретіндегі педагогикалық шеберлік; кәсіби білім, білік, дағдылар; педагогикалық техника, педагогикалық қабілеттер, кәcіби маңызды жеке қасиеттер; педагогикалық қатынас, оны оңтайландыру.


Қақтығыстардың алдын алу және шешу. Педагогикалық такт; топтық жұмысты ұйымдастыру; Педагогикалық өзара іс-әрекеттерді жобалау; Ойын үрдісінде, оқу сабақтарында, сабақтан тыс жұмыста белсенді танымдық және дамыту қызметтерін ынталандыру; психология-педагогикалық талдау және бүтін педагогикалық үрдістің тиімділігі және оның жеке элементтері; Педагогтің өзі бетімен білім алуы және өзін-өзі тәрбиелеуі. Өз беті мен білім алуы кәсіби шеберлікті жетілдіру факторы ретінде.


Білімдер:

- даму тарихын және әдептің негізгі санаттарын;


- адамгершіліктің мәнін және қызметтерін;


- тілдесу барысындағы іскерлік өзара қарым-қатынастар ережелерін;


- «педагогикалық шеберлік» түсінігінің мазмұнын;


- педагогтің кәсіби маңызды жеке сапаларын;


Іскерліктер:


- оқушылардың этика туралы түсінігін қалыптастыру;


- іскерлік өзара қарым-қатынастардың нормаларын пайдалану және тілдесуде педагогикалық әдептілік таныту;


- қақтығыстардың алдын алу және шешу;


- өзінде кәсіби маңызды жеке қасиеттерін дамыту;


- өз бетімен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу


БҚ 5

КҚ 3.2.2.


КҚ 3.2.9.


ЖКП. 07

Отбасылық педагогика.

Тәрбие институттары жүйесіндегі отбасы. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі отбасылық педагогика. Отбасы әлеуметтік тәрбиенің субъектісі ретінде. «Отбасы» түсінігінің мәні. Қазіргі заман отбасыларының ерекшеліктері, проблемалары. Отбасы типтері. Қазіргі отбасыларының ұлттық ерекшеліктері. Отбасының қызметі. Отбасындағы тәрбиенің типтік қателіктері. Тұлғаны әлеуметтендірудегі отбасы әсерінің механизмі. Бала тұлғасының дамуына әлеуметтік-психологиялық әсердің салдары. Отбасылармен жұмыстың мақсаттары, міндеттері, қызметтері, нысандары. Отбасындағы тәрбие жағдаяттарының диагностикасы. Отбасын зерделеу технологиясы. Отбасымен өзара әрекет жасау әдістемесі. Әлеуметтік жағдайлары нашар отбасылармен жұмыс ерекшелігі. Мектеп, отбасы, қоғамның өзара әрекет жасауы. Жастарды отбасылық өмірге дайындау.


Білімдер:

- отбасы педагогикасының негізгі ережелері және отбасы педагогикасы түсінігін;


- қазіргі заман отбасының ерекшеліктері және проблемаларын;


- отбасы типтері және қызметін;


- отбасылық тәрбиенің типтік қателіктерін;


- жеке тұлғаның әлеуметтенуіне отбасының ықпал ету мехнизмін және зардаптарын;


- отбасын зерделеу технологиясын;


- әлеуметтік жағдайлары нашар отбасыларымен жұмыс ерекшелігін;


Іскерліктер:


- отбасындағы тәрбие жағдаяттарының диагностикасын өткізу;


- әлеуметтік жағдайлары нашар отбасылармен жұмыс жасауды ұйымдастыру;


- отбасылық мәселелердің себептерін, отбасылық мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүйесін анықтау.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.3.2.


КҚ 3.3.5.


ЖКП. 08

Сөйлеу мәдениеті және риторика негіздері.

Дұрыстылық, стильдік мақсаттылық, тіл мәнерлілігі. Негізгі тілдік сапалар. Тіл құрылымы. Акценттік, айту, лексикалық, морфологиялық, синтакиситік нормалар. Нормалардың варианттылығы. Ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары. Тіл құралдарының стилистикалық саралануы. Тілдің өзгеруінің әлеуметтік және жеке тілдік себептері. Тілдің нақтылық, логикалық, тазалық, мәнерлілік, байлығы, ойлылығы. Ғылыми, оқу тілінде, жұрт алдында, жастар ортасында сөйлеу мәдениеті. Сөздіктер мен анықтамалар. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйірме жетекшісінің сөйлеуіне қойылатын талаптар. Шешендік өнер негіздері.


Білімдер:

- сөйлеу құрылымын;


- сөйлеу нормалары мен сапаларын;


- тілдегі өзгерістердің болу себептерін;


- педагогтің сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды;


Іскерліктер:


- тілдік айналымдарды стильдік жағынан дұрыс пайдалану;


- анықтамалық әдебиеттерді пайдалану;


- өз ойын нақты, логикалық, мәнерлі және түсінікті етіп жеткізу.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.1.2.


КҚ 3.2.7.


ЖКП. 09

Әлемдік көркем мәдениет. Мәдениет туралы жалпы түсінік; руханилық арнайы мәдени феномен ретінде; «әлемдік көркем мәдениет» түсінігінің мазмұны, оның қоғамның рухани өміріндегі рөлі; өнердің тарихи-мәдени үрдіс ерекшелітерімен байланысы; Көркем үрдістің даму заңдылықтары; шығармашылық әдіс, көркем бейне, стиль және өнердегі бағыт; көркем мәнердің құралдары. Әлемдік мәдениеттің тарихи даму кезеңдері: Ежелгі Шығыс, Антика, еуропалық орта ғасырлық, Қайта өрлеу дәуірі, классицизм; ХІХ ғасырдағы батыс еуропалық өнер; ХХ ғасырлардағы әлемдік көркем мәдениеттегі көркем үрдістер; ежелгі және орта ғасырдағы

Қазақстан мәдениеті, XVIII-XIX және ХХ ғасыр басындағы өнердің негізгі бағыттары; ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Қазақстанның көркем мәдениеті; ХХ ғасырдағы көркем мәдениеттің жаңа түрлері мен жанрлары: мюзикл, рок-музыка, хеппенинг, фольклорлық дәстүрлер; еуропалық, американдық, афроазиаттық және орыс көркем дәстүрінің өзара араласуы; ХХ ғасырдағы көркем мәдениеттің идеалдары мен сеп-түрткілері; қазіргі әлемдік мәдениет пен өнердегі гуманизм, реализм, ынтымақ пен соғыс проблемалары; көркем-эстетикалық тәрбиелеу әдістемесі. Дүниежүзілік көркем әдебиет. Әдебиет өнер түрі ретінде; әдебиет және фольклор; әдебиет теориясының негіздері; көркем әдебиет туындылары мен жанрлары; көркем туындының формасы мен мазмұнының бірлігі; шығармашылық әдіс түсінігі; әдеби үрдістің негізгі заңдылықтары; дүниежүзілік әдебиеттің даму тарихының негізгі кезеңдері; әдеби бағыттар; ірі жазушылардың шығармашылығы, негізгі туындыларды талдау.


Білімдер:

- әлемдік көркем мәдениет және әдебиет мазмұнын;


- көркем үрдіс;


- әлемдік көркем мәдениеттің дамуының тарихи кезеңдері;


- әртүрлі стилдер, бағыттар, уақыт және халықтар мәдениетінің ерекшеліктерін;


Іскерліктер:


- қоғамның рухани өміріндегі көркем мәдениеттің рөлі;


- өнердегі стилді және бағытты анықтау;


- әр түрлі стилдегі, бағыттағы, уақыт және халықтар мәдениеттерінің ерекшеліктерін талдау;


БҚ 5

КҚ 3.3.9.


КҚ 3.3.12.


ЖКП. 010

Жаңа білім беру технологиялары.

«Білім технологиясы» түсінігі. Арнайы әдебиеттегі «Білім технологиясы» түсінігінің мазмұнының анықтамасы. Алдыңғы қатарлы педагогтар технологиясының жіктелуі. Педагогтардың жеке технологияларды таңдаудағы жалпы тұрғысы. Білім технологияларының жалпы сипаттамасы, олардың ерекшелігі.


Білімдер:

- түрлі технологиялардың мазмұны;


- білім технологияларының жіктелуі;


Іскерліктер:


- алынған білімдерін практикалық қызметте пайдалану;


БҚ 8,10

КҚ 3.1.2.


КҚ 3.1.3.


КҚ 3.2.2.


КҚ 3.2.3.


КҚ 3.3.4.


КҚ 3.3.15.


ЖКП. 011

Педагогикалық зерттеу әдістері.

Ғылым және ғылыми таным; психология-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі; оқу-танымдық жұмыс: тақырып таңдау, проблема қою, зерттеу объектісі және пәні; әдебиетпен жұмыс істеу технологиясы; эксперимент ұйымдастыру; қорытындыны жинақтау және талдау; жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар; курстық және бітіруші біліктілік жұмысты қорғау.


Білімдер:

- оқу-танымдық жұмыс теориясын;


- жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарды;


Іскерліктер:


- психология-педагогикалық зерттеу әдістемесін пайдалану;


- курс жұмысын жазу және қорғау.


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9


БҚ 10


КҚ 3.2.6


КҚ 3.2.9


АП.00

Арнайы пәндер

АП.01

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы.

Тәрбие, педагогикалық құбылыс, педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері. Тәрбиенің идеалды, нәтижелік, процессуалдық мақсаттары. Тәрбие мәні және оның ерекшеліктері. «Тәрбие», «өзін-өзі тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу» түсініктері. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеу мен дамытудағы балалар ұжымының рөлі. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі тілдесу және іс-әрекет. Қосымша білім беру педагогінің қызметі. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасаудың психология-педагогикалық негіздері. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары және принциптері, олардың сипаттамасы. Тәрбие үрдісі мазмұнының мәселесі. Тәрбие бағдарламасы. Топтың психологиялық климаты. Тәрбие үрдісінің әлеуметтік кеңістіктігі және қозғалысы. Жеткіншектермен жұмыс істеудің психология-педагогикалық негіздері. Тәрбие әдістерінің жүйесі балалардың өмірлік әрекеттерін ұйымдастыру ретінде. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің жүйесі («сендіру», «жаттығу», «бағалау») педагогикалық өнердің факторы ретінде. Тәрбие үрдісінің құралдары мен нысандары. Тәрбие жұмысы нысанының мақсаттары мен міндеттерін анықтай отырып, баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке алу. Сынып, мектеп, үйірме топтары, уақытша балалар ұжымы жүйесінің үлгісі. Тәрбие жұмысының, тәрбие іс-шарасының жоспарын, сценарий құру әдістемесі (ағымдық, апталық, алды қашан жоспарлау), тәрбие іс-шарасын (сценарийлік форма) талдау және өздік талдау, шығармашылық істердің коэффициентін анықтау. Тәрбие үрдісіндегі ойын технологиялары. Қоғамдық пікірді зерделеу. Тәрбиенің қазіргі тұжырымдамаларының әр алуандылығы: моноидеологиялық, деидеологиялық, дуалистік, еркін тәрбиелеу, басқарушылық, тұлғалық-бағдарлы, жүйелі-рөлдік. Тәрбиенің аймақтық бағдарламалары. Қосымша білім беру педагогы: әдістемелік қызметтері, міндеттері. Қосымша білім беру педагогының жеке басына қойылатын талаптар. Бастауыш сынып және 5-9 сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттары және мазмұны (патриоттық, адамгершілік, экологиялық, эстетикалық, интернационалдық тәрбие; өзін-өзі ұстау мәдениеті; жыныстық тәрбие; жолда жүру ережелері бойынша жұмыс; салауатты өмір салты бойынша жұмыс жүйесі). Тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі. Тәрбие жұмыстарының әдістері: әңгімелесу, кездесу, диспуттар, сайыстар, салтанаттар, турнирлер, КТК, олимпиадалар, брейн-рингтер, старттар және т.б. Жастары әр түрлі топтарда тәрбие жұмысын үлгілеу; Сынып жетекшісі институты. Қосымша білім беру педагогының сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушымен, мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, үйірме жетекшілерімен, әлеуметтік педагогпен және практикалық психологпен өзара қызмет жасауы. Үйірме жетекшісіне (жалпыбілімдік мектеп және қосымша білім беру мекемесі), ұйымдастырушыға, тәрбиешіге, тәлімгерге қойылатын талаптар. Мектептен тыс ұйымдардың (үйірмелер, студиялар, ансамбльдер, алаңдық клубтар, секциялар, бірлестіктер) үлгілік бағдарламасы, тәрбие үрдісіндегі біртұтас буын ретінде. Тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп ұйымдастырушысының мектептен тыс құрылымдар кезіндегі үйірме жетекшісімен өзара байланысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет