Дағдылар:
- мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндер бойынша технологияны қолдану;
- сабақта инновациялық технологияларды қолдану;
- болашақ тәрбиеші портфолиосын әзірлеу;
- білім алушылардың алдыңғы курстарда алған педагогикалық білім, білік және дағдыларын жетілдіру, олардың дербес кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындықтарының деңгейлерін анықтау;
Іскерліктер:
- сабақтар мен режимдік процестердің конспект– жоспарларын құрастыру;
- пәндер бойынша әдістемелік ақпараттар іздеу, алу жолдарын меңгеру;
- компьютерді, интерактивті тақтаны және Интернет жүйесін сабақта қолдану тәсілдерін меңгеру.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.10
ПК 3.1.11
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.13
|
КП.02
|
Кәсіптік практика
|
КП. 02.1
|
Жазғы педагогикалық практика
Мектепке дейінгі сауықтыру және қайта қалпына келтіру ұйымдары. Ұйымдастырушылық – педагогикалық жұмыстар. Педагогикалық ұжым. Жас ерекшелігі, физиологиялық және психологиялық ерекшелік топтарындағы балалармен жұмыс. Жазғы оқу–тәрбие және сауықтыру жұмыстары. Мерекелік байқаулар, сайыстар, ойын-сауықтар, саяхаттар. Балалардың көркем әдебиет арқылы патриоттық, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар. Педагогикалық-психологиялық диагностика. Техникалық және өрт қауіпсіздігі шаралары.
|
Дағдылар:
- жазғы оқу–тәрбие және сауықтыру жұмыстарының жоспарын құру;
- мерекелік байқаулар, сайыстар, ойын-сауықтар, саяхаттар ұйымдастыру талаптарын орындау;
- тәрбие жүмыстарының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- педагогикалық іс-әрекетті талдап, пайымдап отыру, күнделік жүргізу;
Іскерліктер:
- жазғы лагерь жағдайында балалармен және жасөспірімдермен педагогикалық дұрыс қарым-қатынас орнату;
- жоспар негізінде әртүрлі танымдық іс-шараларды ұйымдастыру;
- ата-аналармен жұмыс жүргізу;
- педагогикалық және психологиялық диагностикалау;
- техникалық және өрт қауіпсіздігі шараларының талаптарын орындау;
- педагогикалық этика талаптарын сақтау.
|
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.11
|
КП. 02.2
|
Бақылау және байқау практикасы - «Тәрбиешінің алғашқы қадамы»
Мектепке дейінгі мекеме (ұйым) базасымен таныстыру. Практика мақсаты, мазмұны, міндеттерімен таныстыру. Меңгеруші, әдіскер және тәрбиешілермен танысу. Ерте жастағы (1-3 жас) топ балаларының психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу. Режимдік сәттерді бақылау, сабақ өту барысын, ойын әрекетін ұйымдастыруын бақылау, талдау. Тәрбиешінің жұмыс жоспары. Тәрбиеші және көмекшінің жұмысын бақылау, талдау. Жас ерекшелік топтарындағы оқу–тәрбие бағдарламасының мазмұнын салыстыру. Тәрбиешімен бірлесе жұмыс атқару. Білім алушылар бөлінген жас ерекшелік топтарда режимдік сәттерді өз бетінше өткізу.
«Тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі» Мектепке дейінгі кіші жастағы (4 - 6 жасқа дейінгі) топ балаларының режимдік процестерді, сабақтарды, ата-аналармен жұмыстарын бақылап, талдау. Жас ерекшелік топтардағы жұмыстардың бағдарламалық мазмұны. Топтарға бөлу, топтағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін диагностикалау. Режимдік сәттерді өз бетінше өткізу, балаларда мәдени–гигиеналық дағдыларды және өзін-өзі қызмет ету дағдыларын тәрбиелеу. Сауықтыру - шынықтыру шараларын ұйымдастыру. Еңбек іс-әрекеті бойынша үлгі сабақ көрсету. Режимдік сәттерді жеке балалармен жұмыстарды өз бетінше өткізу. Балалар бақшасында ақыл-ой тәрбиесі бойынша тәрбиешінің жұмыс түрлері, қолданған оқу, көрнекі құралдарын және дидактикалық материалдарын бақылау, талдау. Тәрбиешімен бірге жұмыс атқару. Режимдік сәттерді, табиғаттағы еңбек әрекетін өз бетінше өткізу Эстетикалық тәрбие бойынша тапсырманы орындау. Ойын-әрекетінен үлгі сабақ көру. Ойын бұрышы, педагогикалық талапқа сай жабдықталуы (барлық жас ерекшелік топтарында) бақылау, талдау. Тәрбиешінің сабақта, серуенде, ойын ұйымдастыруда қолданған педагогикалық технологиясының тиімділігін, балалардың дербес іс-әрекеттерін бақылап, талдау.
«Жас ерекшелік топтарындағы тәрбиешінің іс-әрекеті» Тәрбиешінің балалармен еңбек іс-әрекетінің ұйымдастыруын бақылау, талдау (ұжымдық еңбек, кезекшілік, еңбек тапсырмасы) жеке балаларда еңбекке іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын бақылау. Режимдік сәттерді өз бетінше өткізу, сенсорлық тәрбие бойынша жұмыстар ұйымдастыру, «Дене шынықтыру» пәнінен тапсырманы орындау. Тәрбиешінің жұмысын бақылау, көмек көрсету. Әдістемелік жұмыс бұрышына, жоспарына, құжаттарының жүргізілуіне назар аудару. Серуен кезінде балалармен ауладағы құстарға қамқорлық жұмыстарын жүргізу. Тәрбиешінің серуен кезінде балалармен табиғат құбылысын бақылаудағы басшылығы. Ойын бұрышында, ойын әрекетін және режимдік сәттерді өз бетінше өткізу. Ақыл-ой тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізу. Тіл дамыту әдістемесінен (қоршаған ортамен таныстыру) жас ерекшелік топтарда үлгі сабақтар бақылау, талдау. Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, өзі-өзіне қызмет жасауын басшылыққа алу. Патриоттық тәрбие бойынша жұмыстар жүргізу. Күннің екінші жартысында балалардың кезекшілік әрекетін ұйымдастыру. Психологиялық диагностика жүргізу. Ертеңгі бой сергіту жаттығуларынан үлгі, бақылау, талдау. Гигиеналық талаптар, тәрбиешінің рөлі. Режимдік сәттерді, ертеңгі бой сергіту жаттығуларды өз бетінше өткізу, ата-аналармен жұмыс, ата-аналар бұрышын безендіру. Қоршаған орта объектілерімен табиғи құбылыстарын бақылау, талдау. «Өзін-өзі тану» әдістемесінен жас ерекшелік топтарда үлгі сабақтар. (бақылау, талдау.) Жас ерекшелік топтардағы ата–аналар жиналысына қатысу, ата–аналарға арналған тақырыптық көрмелерді бақылау және талдау.
|
Дағдылар:
- мектепке дейінгі ұйымдардың базасымен, оқу–тәрбие жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен танысу;
- балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық жетілдіру;
- естиярлар топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен танысу;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу–тәрбие жұмыстарын жоспарлай білу, балалармен іс–шаралар өткізуде білімдерін, біліктіліктерін іскерлікпен пайдалану;
Іскерліктер:
- білім алушыларда балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың алғашқы педагогикалық біліктіліктер мен дағдыларын қалыптастыру;
- педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру білім алушылармен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу–тәрбие жұмыстарын жоспарлау, білікті кадрлардың балалар іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын іскерлікпен пайдалану жағдайын бақылау және үйрену;
- 1-кішкентайлар және 2-кішкентай топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерін, нысандарын тәрбиеші мен әдіскердің көмегімен ұйымдастыруға үйрену;
- білім алушылармен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу- тәрбие жұмыстарын жоспарлау, білікті кадрлардың балалар іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын іскерлікпен пайдалану жағдайын бақылау және үйрену;
- естиярлар және ересектер топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерін, нысандарын тәрбиеші мен әдіскердің көмегімен ұйымдастыруға үйрену;
- мектепке даярлық топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерін, нысандарын тәрбиеші мен әдіскердің көмегімен ұйымдастыруға үйрену;
- әрбір баланың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар ұйымымен дербес жұмыс жүргізу;
|
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.11
|
КП. 02.2
|
Байқау және бақылау практикалары
010102 3 – Тәрбиеші - ана (патронат тәрбиешісі) біліктілігі бойынша
Базалық мектепке дейінгі ұжымдардың базасымен, педагогикалық ұжым мен жас ерекшелік топтарындағы балалармен танысу. Оқу–тәрбие жұмыстарының жоспарын құру. Әлеуметтік педагогтың жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Балаға әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету. Психологиялық – педагогикалық диагностика жүргізу. Әлеуметтік педагогтің ерекше категориялы балалармен жұмысы. Балаларды әлеуметтік қорғау. Тәрбиеленуші мен баланың құқығы мен бостандығын жүзеге асыратын әлеуметтік қорғау мен көмек беру бойынша шаралар қолдану. Тәжірибе күнделіктері мен есеп жүргізу. Педагогикалық кеңестерге қатысу. Ата-аналармен жұмыс жүргізу. Балаларға мінездеме жазу. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Диплом қорғау үшін материалдар жинақтау. Әлеуметтік педагог және оның кәсіби іс-әрекеті. Балалардың ақыл-ой және физиологиялық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау, олардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтау. Тәрбиеленуші мен баланың мінезіндегі ауытқушылықтарды, қайшылықты жағдаяттарды, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, қиыншылықтары мен проблемаларын анықтау және оларға дер кезінде әлеуметтік қолдау көрсету. Балаға отбасында еріп жүру кезінде кәсіби (заңдық, материалдық, психологиялық,
медициналық) патронатты тәрбиелеу мәселелері. Балаларға қажетті әлеуметтік-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-реабилитациялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
|
Дағдылар:
- мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
- озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену, талдау жасау;
- ата–аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- өзін-өзі құқықтық тәрбиелеуді және ақпараттық жағынан хабардар болу;
- әлеуметтік бақылау жүргізу;
- әр түрлі категориядағы адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау;
Іскерліктер:
- психологиялық-педагогикалық экспертиза жүргізу және тактикасын белгілеу.
- жас ерекшелік топтарындағы балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
- жас ерекшелік топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының көрнекіліктерін, жоспарларын, сценарийлерін құру;
- балаларға мінездеме жазу, диагностикалау, жүргізілген жұмыстар бойынша күнделіктер мен есеп жазу;
- бала өмірін қорғау мен сақтаудың алдын алу;
- әлеуметтік психологияның әдістерін пайдалану;
- әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастырып, жоспарлау;
- әлеуметтік педагогикалық әдістерді тиімді қолдану;
- бала құқықтары туралы ҚР заңдарының және БҰҰ Бала құқығы конвенциясының негізінде балаларды қорғау;
- шетелдегі әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс әдіснамаларын тәжірибеде қолдану.
|
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.4
КҚ 3.2.5
КҚ 3.2.6
КҚ 3.2.8
КҚ 3.2.10
КҚ 3.2.11
|
КП. 03
|
Диплом алдындағы практика
|
|
Диплом алдындағы практика
Оқу–тәрбие, күнтізбектік-тақырыптық жұмыс жоспарлары негізінде дербес балабақша тәрбиешісінің функцияларын атқару. Ата-аналар жиналысын өткізу, баяндама, ұсыныстар жасау. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен мектеп жұмыстарын сабақтастыру. Балаларды мектепке дайындау. Мектепке саяхат жасау. Сабақтарға қатысу, талдау. Диагностика жүргізу. Мектепке дейінгі ұжымдардың бұрыштарын безендіру. Балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру.
Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Диплом қорғау үшін материалдар жинақтау.
|
Дағдылар:
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
- ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- әдістемелік әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс жүргізу;
- көрнекі құралдарды дидактикалық талаптарға сәйкес таңдау, ақпараттық-техникалық оқыту құралдарын пайдалану;
- оқу-әдістемелік жұмыстардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау және оларға сәйкес жұмыс мазмұны мен әдістемені таңдау;
Іскерліктер:
- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
- байқау сабақтары мен сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларды өткізу;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан талапқа сай ұйымдастырып, өткізу;
- кәсіби іс-әрекетінде теориялық білімдерін практикамен байланыстыру;
- инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану.
- мектепке дейінгі ұйымдар жағдайындағы кәсіби-педагогикалық үрдістің міндеттерін шешудегі арнайы құзыреттіліктер қалыптастыру;
- бөбекжай н/е балалар бақшаларының жылдық оқу-тәрбие жоспары, тәрбиешінің жұмыс жоспары және оқу-әдістемелік құжаттар негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және тәрбиешімен, әдіскермен бірге талдау;
- мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру жұмыстарының нысандары мен әдістемелерді түрлендіріп қолдану
- курстық жұмысқа материал жинақтау.
|
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.11
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.2
КҚ 3.2.3
КҚ 3.2.4
КҚ 3.2.5
КҚ 3.2.6
КҚ 3.2.8
КҚ 3.2.10
КҚ 3.2.11
|
Ескерту: Кесте 1 Базалық құзыреттіліктер
Құзыреттілік
коды
|
Базалық құзыреттіліктер (БҚ)
|
БҚ 1.
|
Тәрбиеші мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, балаларды сүю; шыдамдылық, төзімділік, балаларға мейірімділік көрсету, сенімдеріне ие болу, коммуникабельділік және жағдайға қарай бейімделе білу;
|
БҚ 2.
|
Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану
|
БҚ 3.
|
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны және нормативтік құжаттарды білу.
|
БҚ 4.
|
Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдау, өз білімін жетілдіру.
|
БҚ 5.
|
Топта, әртүрлі көзқарастағы адамдармен этикет нормаларына сәйкес байланыс (коммуникация) орната білу.
|
БҚ 6.
|
Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай алу. Техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
|
БҚ 7.
|
Ауызша және жазбаша еркін қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру.
|
БҚ 8.
|
Денсаулықты сақтау технологияларын пайдалана білу, өзінің физикалық қабілетін дамыта білу.
|
БҚ 9.
|
Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, Интернетпен, электрондық пошта, АКТ-мен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
|
БҚ 10.
|
Ағымдағы және ұзақ уақытқа арналған жоспарлауды жүзеге асыруды меңгеру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |