Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет43/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   182

Іскерліктер:


- безендіру жұмыстарында құралдар мен материалдарды пайдалануы;


- трафареттер жасау;


- сызбалар бойынша өз бетімен фигураларды орындау, рельефті суреттер құру;


- қағаздан құрастыру;


- интерьер әзірлеу;


- коллаж, жапсыру, мозайканы құра білу;


- эскиздерді орындау;


- папье-машеден заттар жасау.


КҚ 3.3.10.

КҚ 3.4.8.


АП.13

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Қоғамды ақпараттандыру: компьютер – адам мүмкіндіктерін күшейтуші ретінде. Ақпараттық мәдениет. Дербес компьютерлерде жұмыс істеудегі санитарлық-гигиеналық талаптар, бағдарламалық жасақтама түрлері: операциялық жүйелер, қабықша-бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Графикалық және мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы. Компьютерлік презентациялар; Электрондық кестелерде сандық мәліметтерді өңдеу; ақпаратты сақтау, іздеу және сұрыптау технологиясы. Оқыту және дамыту бағдарламалары және кешендері. Коммуникативті технологиялар: компьютерлік желілер; Интернет желісінің қызметі; гипермәтінді белгілеу тілінің негіздері.


Білімдер:

- ақпараттандыру үрдісінің мазмұны;


- компьютердің ақпараттық мүмкіншіліктерін;


- дербес компьютерлермен жұмыс істеу барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды;


- бағдарламалық қамтамасыз ету түрлерін;


- коммуникативтік технологиялар мазмұнын;


Іскерліктер:


- графикалық және мәтіндік ақпаратты өңдеу;


- компьютерлік презентацияларды құру;


- электрондық кестелерде сандық мәліметтерді өңдеу;


- интернетпен жұмыс.


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.8


АП.14

Балалар әдебиеті.

Балалар әдебиетінің ерекшелігі. Педагогика міндеттерімен байланысы. Балаларға арналған әдеби шығармаларға қойылатын талаптар. Балалар оқуларындағы фольклор, мифология, библия. Балалар әдебиетінің қалыптасуы. Халық ертегілері және әдебиет. Балалар әдебиетіндегі XIX – XX ғасырлардағы орыс ақын-жазушыларының әдебиеті. Жанр және тақырыптың әр алуандылығы. XIX – XX ғасырлардағы қазақ балалар жазушылары. Әдебиеттің живопись және музыкамен байланысы. Классикалық және қазіргі шетел балалар әдебиеті. Мектеп оқушыларына арналған мерзімді басылымдар. Көркем оқудың мәнерлеуіш құралдары. Сөйлеу техникасы. Логикалық екпін. Кідіріс түрлері. Интонация компаненттері. Әр түрлі жанрдағы шығармаларға көркем-әдеби талдау және орындаушы анализін жасау; мұғалімнің мәнерлеп оқуы.


Білімдер:

- балалар әдебиетінің ерекшелігін, балаларға арналған әдеби шығармаларға қойылатын талаптарды;


- балалар әдебиетінің қалыптасу үрдісін;


- балаларға арналған әдеби шығармалардың мазмұнын;


- мектеп оқушыларына арналған мерзімді басылымдардың тізімдемесін және негізгі мазмұнын;


Іскерліктер:


- әдебиеттің живописьпен және музыкамен байланысын байқау;


- көркем оқудың мәнерлеуіш құралдарын меңгеру;


- әр түрлі жанрдағы шығармаларға көркем-әдеби талдау және орындаушы анализін жасау;


- тәрбие жұмысында көркем оқудың мәнерлеуіш құралдарын пайдалану.


КҚ 3.2.10

АП.15

Режиссура негіздері.

Бұқаралық мерекелер мен көріністер тарихынан. Режиссерік қызметтің синтетикалығы. Драматургиялық ойлар. К.С. Станиславский және В.И. Немирович-Данченко жүйесі. Режиссураның теориясы мен практикасы. Репертуар сұрақтары. Эстрадалық жанрлардың режиссурасы. Спектакль және театрланған көріністер түрлері. Әдеби сценарилер. Режиссерлік экспликация және әзірлеме. Режиссерлік жетекшіліктің қызметтері, амал-тәсілдері. Режиссерлік қызметтің міндеттері. Режиссураның мәнерлеуіш құралдары: суретші; түс; жарық; кеңістікті монтаждау; сәндеп безендіру; костюм; музыка; хореография; қоюшы топ. Мектеп оқушыларымен, жасөспірімдер ұжымымен жұмыс.


Білімдер:

- бұқаралық мерекелер мен көріністер тарихын;


- К.С. Станиславский және В.И. Немирович-Данченко жүйесін;


- режиссураның теориясы мен практикасын;


- репертуар сұрақтарын;


- әр түрлі эстрадалық жанрлардың режиссурасын;


- спектакльдер мен театрланған қойылымдардың түрлерін;


- режиссура қызметін, амал-тәсілдерін, принциптерін.


Іскерліктер:


- әр жастағы ұжыммен жұмыс істеуі;


- көркем-шығармашылық міндеттерді шешу;


- барлық мәнерлеуіш құралдарды пайдалану;


- әртүрлі эстрадалық жанрлардың режиссурасын пайдалану;


- әдеби сценарий құру;


- мектеп оқушылар ұжымымен әр түрлі жанрдағы жұмыс


КҚ 3.2.12

КҚ 3.3.9


КҚ 3.3.13


АП.16

Ырғақ және хореография.

Ырғақ, оның музыканы жетілдірудегі рөлі. Дене және хореографиялық қабілеттерін дамыту; ритмикалық қозғалыстардың музыканың жанрлық ерекшеліктеріне қарай өзара байланыстары; Музыкалық шығармаға сипаттама беру. Әр түрлі жастағы топ балаларының ырғақ сабақтарының құрылымы; музыкалық-ритмикалық гимнастика; балалардың ойын билері. Негізгі қимылдарды меңгерудің кезеңдері; топты тұрғызу және қайта тұрғызу; музыкалық-кеңістік композицияларымен жұмыс әдістері; балалардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру және дамыту.


Білімдер:

- музыкаға қабілеттілікті дамытудағы ырғақтың рөлі;


- музыкалық шығармалардың негізгі сипаттамасы;


- әр түрлі жастағы балалар топтарындағы ырғақ сабақтарының құрылымын;


- билерді композициялық құру;


Іскерліктер:


- әртүрлі жастағы балалардың билерін, музыкалық-ырғақ гимнастикаларын орындау және ұйымдастыру;


- негізгі қозғалыстарды кезеңдеп меңгеру арқылы қозғалыстардың әдіс-тәсілдерін үйрену;


- топты тұрғызу және қайта тұрғызу.


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7


АП.17

Еңбек қорғау.

Балалар өмірі мен денсаулығын қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі. Балалар денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша Қазақстан Республикасындағы заңдардың негізгі ережелері. Балалардың зақымдану себептері. Жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шаралар. Қауіпсіздік техникасын оқыту және нұсқаулық беру. Білім беретін мекемелердің жайларына қойылатын санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздік талаптар. Білім беру мекемелерінде сабақтар мен іс-шаралар өткізу барысындағы қауіпсіздік талаптары.


Білімдер:

- Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»;


- жарақат алудың негізгі себептерін;


- техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың түрлерін;


- қауіпсіздік белгілері;


- жарықтандыру нормалары, ауа-жылу түзімдерін;


Іскерліктер:


- техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық әзірлеу;


- жұмыс қауіпсіздігінің амал-тәсілдері бойынша оқушылармен нұсқаулық жүргізу;


- балалардың зақымдануының алдын алу бойынша жұмысты жоспарлау.


БҚ 12

Біліктілік

«Қосымша білім беру педагогы»


АП.18

Қосымша білім беру педагогі жұмысының технологиясы.

Мектептің оқу-әдістемелік базасымен, мектеп құжаттамаларымен, педагогтер ұжымымен, мұғалімнің жұмыс жүйесімен танысу. Мектеп жасындағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу. Мектеп жағдайында және балалардың тұратын жерлерінде мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын өткізу барысында мұғалімдерге, ұйымдастырушыларға көмек көрсету. Жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді ескере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу, мақсаттары, міндеттері. Жол ережесі бойынша жұмыс. Еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі. Ата-аналармен жұмыста ат салысу, оқушылар отбасына бару. Бақылау күнделігін жүргізу. Қосымша білім берудің теориясы мен тарихы.


Қосымша білім беру туралы түсінік. Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы мектептен тыс білім беру; салт-дәстүрлер және олардың балалардың білім алуына әсері. Мектептен тыс жұмыстың шетелдік тәжірибелері. Шетел тәжірибелерінің Қазақстандағы шынайылыққа бейімделуі.


Қосымша білім беру жүйесі. Қосымша білім берудің міндеттері және қызметтері. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі қосымша білім берудің алатын орны; қазіргі қосымша білім берудің жалпы теориясы. Қазақстандағы қосымша білім беруің болашағы. Қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиясы.


Білім беру бағдарламасы негізгі реттеуші құжат ретінде. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының өзіне тән ерекшеліктері, қызмет түрлері. Білім беру бағдарламаларын жобалау; қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын құрудағы педагог жұмысының технологиясы.


Білімдер:

- мектептің оқу-әдістемелік базасын;


- қосымша білім беру педагогінің жұмыс жүйесін және құжаттамасын;


- тәрбие жұмысының мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын, өзіне тән ерекшеліктерін;


- «қосымша білім беру жүйесі» түсінігінің мазмұнын;


- қосымша білім берудің даму тарихын;


- шетел тәжірибелерінің ерекшеліктерін;


- қосымша білім берудің міндеттері және атқаратын қызметін;


- қазіргі заманғы қосымша білім берудің жалпы тұжырымдамасы;


- білім беру бағдарламаларының мазмұнын;


- қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін;


- қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын құрудағы педагог жұмысының технологиясын.


Іскерліктер:


- сыныптан тыс жұмысты өткізу барысында мұғалімдерге көмек көрсету;


- ата-аналармен жұмыс жасау;


- түрлі жастағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;


- оқушылардың жүріс-тұрысының мәдениетін қалыптастыру;


- педагогикалық бақылау күнделігін жүргізу;


- Қазақстандық білім беру міндеттеріне бейімдей отырып, өз жұмысында шетел тәжірибелерін пайдалану;


- Қазақстанда қосымша білім берудің даму болашаған көре білуі;


- қосымша білім беру міндеттерін шешу;


- білім беру бағдарламаларын жобалау;


- қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу.


КҚ 3.1.1-

КҚ 3.1.8


Біліктілік

«Ұйымдастырушы-педагог»


АП.18

Ұйымдастырушы-педагог жұмысының технологиясы.

Бастауыш мектептің оқу-әдістемелік базасымен және мектеп құжаттамасымен танысу; педагогтер ұжымымен, мұғалімінің жұмыс жүйесімен танысу. Мектеп жасындағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу. Мектеп жағдайында және балалар тұратын жерлерде мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын өткізу барысында мұғалімдерге, тәрбиешілерге көмек көрсету. Жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Жол жүру ережелері бойынша жұмыстар. Еңбек, эстетикалық, дене және басқа да тәрбие бағыттары. Оқушылардың ата-аналарымен атқарылатын жұмыстарына ат салысу. Оқушылардың отбасына бару. Бақылау күнделігін жүргізу.


Білімдер:

- мектептің оқу-әдістемелік базасын;


- мұғалімінің және педагог-ұйымдастырушының жұмыс жүйесін және құжаттамаларын;


- тәрбие жұмысы бағыттарының мақсаттары, міндеттерін, оның өзіне тән ерекшеліктерін;


Іскерліктер:


- сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру да мұғалімдерге көмек көрсету;


- ата-аналармен жұмыс жасау;


- әр жастағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеуі;


- оқушылардың жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруы;


- педагогикалық бақылау күнделігін жүргізуі.


КҚ 3.2.1-

КҚ 3.2.14


АП.19

Ойын әрекетін ұйымдастыру практикумы.

Әр түрлі ойындарды (қимылды, сюжеттік-рөлдік, дидактикалық және т.б.) ұйымдастыру және өткізу; әр түрлі жастағы, санаттағы балалар тобымен ойындар өткізудің ерекшеліктері;


ойын бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.


Білімдер:

- әр түрлі ойындарды


- әр түрлі жастағы, санаттағы балалар тобымен ойындар өткізудің ерекшеліктерін;


Іскерліктер:


- әр түрлі жастағы, әр түрлі санаттағы балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру және өткізуі;


КҚ 3.2.8

КҚ 3.2.12


Біліктіліктер:

«Білім беру ұйымының тәрбиешісі» және «Білім беру ұйымының тәлімгері»


АП.18

Түрлі типтегі білім беру мекемелері тәрбиешісі жұмысының технологиясы.

Бастауыш мектептің оқу-әдістемелік базасымен және мектеп құжаттамасымен, педагогтер ұжымымен, мұғалімнің жұмыс жүйесімен танысу; Мектеп жасындағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу. Мұғалімдерге, тәрбиешілерге, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушыларға мектеп оқушыларымен мектеп жағдайында және балалардың тұрғылықты жерлерінде тәрбие жұмысын өткізуге көмек беру. Жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу. Ұлттық салт, дәстүрлерді ескере отырып, рухани тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін қою. Жол жүру ережелері бойынша жұмыс. Еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі. Ата-аналармен жұмысқа қатысу, оқушылар отбасына бару. Бақылау күнделігін жүргізу.


Ұжымдық шығармашылық әрекет теориясы.


Педагогикадағы «ұжым» түсінігі. Ұжым тәрбиенің субъектісі мен объектісі ретінде. Ұжым тәрбие құралы ретінде. Ұжымдық шығармашылық тәрбие. Ұжымдық шығармашылық қызмет. Ұжымдық шығармашылық істер, олардың түрлері және мазмұны. Ұжымдық шығармашылық істерді дайындау кезеңдері, ересектердің әр кезеңдердегі педагогикалық көзқарасы, сыныптан тыс сағаттардың нысандары. Ұжымдық шығармашылық қызметтің амал-тәсілдері. Ойын педагогикалық құбылыс ретінде. Дидактикалық, рөлдік, іскерлік, ұйымдық-әрекеттесу ойыны.


Ойын әрекетін ұйымдастыру практикумы.


Әр түрлі ойындарды (қимылды, сюжеттік-рөлдік, дидактикалық және т.б.) ұйымдастыру және өткізу; әр түрлі жастағы балалар тобымен ойындар өткізудің ерекшеліктері; әр түрлі санаттағы балалармен ойын өткізу ерекшеліктері;


ойын бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.


Білімдер:

- мектептің оқу-әдістемелік базасын;


- мұғалімнің, тәрбиешінің, жұмыс жүйесін және құжаттамаларын;


- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін және бағыттарын, олардың ерекшеліктерін;


- «ұжым» түсінігінің мазмұнын және ұжымдық шығармашылық тәрбие мазмұнын;


- ұжымдық шығармашылық қызметтің маңыздылығын;


- сыныптан тыс сағаттардың алуан түрлі нысандарын және ұжымдық шығармашылық қызметтердің амал-тәсілдері;


- ойын іс-әрекетінің теориясын.


- әр түрлі ойындарды (қимылды, сюжеттік-рөлдік, дидактикалық және т.б.);


- әр түрлі жастағы және санаттағы балалар тобымен ойындар өткізудің ерекшеліктерін;


Іскерліктер:


- ата-аналармен жұмыс жасау;


- әр жастағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;


- оқушылардың жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру;


- сыныптан тыс жұмысты өткізуде мұғалімдерге көмек көрсету;


- педагогикалық бақылау күнделігін жүргізу;


- сыныптан тыс сабақтардың әр алуан нысандарын және ұжымдық шығармашылық іс әрекеттің амал-тәсілдерін пайдалану;


- ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру;


- әрекеттен кейінгі іс-әрекеттер нәтижелерін талдау және болжау;


- әр түрлі жастағы, әр түрлі санаттағы балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру және өткізу.


КҚ 3.3.1- КҚ 3.3.15

КҚ 3.4.5


АП.18

Тәлімгер жұмысының технологиясы.

Мектептің оқу-әдістемелік базасымен және мектеп құжаттамасымен, педагогтер ұжымымен, мұғалім жұмысы жүйесімен танысу; Мектеп жасындағы балалардың психология-педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу. Мұғалімдерге, тәрбиешілерге, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушыларға мектеп оқушыларымен мектеп жағдайында және балалардың тұрғылықты жерлерінде тәрбие жұмысын өткізуге көмек беру. Жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу. Ұлттық салт, дәстүрлерді ескере отырып, рухани тәрбенің мақсаттары мен міндеттерін қою. Жол жүру ережелері бойынша жұмыс. Еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі. Ата-аналармен жұмысқа қатысу, оқушылар отбасына бару. Бақылау күнделігін жүргізу.


Ұжымдық шығармашылық әрекет теориясы.


Педагогикадағы «ұжым» түсінігі. Ұжым тәрбиенің субъектісі мен объектісі ретінде. Ұжым тәрбие құралы ретінде. Ұжымдық шығармашылық тәрбие. Ұжымдық шығармашылық қызмет. Ұжымдық шығармашылық істер, олардың түрлері және мазмұны. Ұжымдық шығармашылық істерді дайындау кезеңдері, ересектердің әр кезеңдердегі педагогикалық көзқарасы, сыныптан тыс сағаттардың нысандары. Ұжымдық шығармашылық қызметтің амал-тәсілдері. Ойын педагогикалық құбылыс ретінде. Дидактикалық, рөлдік, іскерлік, ұйымдық-әрекеттесу ойыны.


Ойын әрекетін ұйымдастыру практикумы.


Әр түрлі ойындарды (қимылды, сюжеттік-рөлдік, дидактикалық және т.б.) ұйымдастыру және өткізу; әр түрлі жастағы балалар тобымен ойындар өткізудің ерекшеліктері; әр түрлі санаттағы балалармен ойын өткізу ерекшеліктері;


ойын бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.


Білімдер:

- мектептің оқу-әдістемелік базасын;


- тәлімгердің жұмыс жүйесін және құжаттамаларын;


- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін және бағыттарын, олардың ерекшеліктерін;


- «ұжым» түсінігінің мазмұнын және ұжымдық шығармашылық тәрбие мазмұнын;


- ұжымдық шығармашылық қызметтің маңыздылығын;


- сыныптан тыс сағаттардың алуан түрлі нысандарын және ұжымдық шығармашылық қызметтердің амал-тәсілдері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет