Цикл
индексі
(пәндер)
|
Пәндердің, тәжірибелердің атаулары мен негізгі бөлімдері
|
Қалыптастырылатын білім, білік және дағдылар
|
Қалыптасу
құзыреттерінің
коды
|
ЖБП.00
|
Жалпы білім беру пәндері
|
ЖГП.00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП.01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі.
Тілдің негізгі құрамдас бөліктерін; тіл және сөйлеу; ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшелігі; әдеби тіл нормалары туралы түсінік, норма түрлері; сөйлеу стильдері, әр стилдің ерекшелігі және жанры, лексика; сөйлеу барысында көркемдеуіш құралдарды пайдалану; лексикалық нормалар; лексикография; сөздіктердің негізгі типтері; фонетика; негізгі фонетикалық бірліктер; Тіл мәнерінің фонетикалық құралдары; орфография; орфография принциптері; сөзжасам нормалары; морфология; қазіргі тілдегі грамматикалық категориялар және сөзді жеткізу мәнерінің амал-тәсілдері; морфологиялық нормалары; синтаксис; синтаксистің негізгі бірліктері; пунктуация; мәтін лингвистикасы.
|
Білімдер:
- ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшелігін және мазмұнын;
- әдеби тіл нормаларын;
- әдеби стильдерді, әр стильдің өзіне тән ерекшелігін, жанрларын;
- тіл білімінің негізгі бөлімдерінің мазмұнын;
Іскерліктер:
- әдеби нормаларға сәйкес сөйлем құру;
- сөйлеу барысында көркемдегіш құралдарды пайдалану;
- әр түрлі сөздіктерді пайдалану;
- әр түрлі талдаулар жасауды өткізу (сөз және сөйлемдерді).
|
БҚ 6
КҚ 3.2.7.
|
ЖГП.02
|
Кәсіби шетел тілі.
Кәсіби тілдесуге қажетті мамандық бойынша лексико-грамматикалық материалды;
Сөйлеу әрекетінің түрлері және сөйлеу нысандары (ауызша, жазбаша, монологтық, диалогтық);
Кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.
|
Білімдер:
- мамандық бойынша лексикалық материалды,
- сөйлеу әрекетінің түрлерін және сөйлеу нысандарын;
- шетел тілінің грамматикасын;
Іскерліктер:
- шетел тілінде мәтіндерді оқу;
- орыс (қазақ) тілінен шетел тіліне және керісінше аудару;
- шетел тілінде жазбаша мәтіндер құрау;
- монологтық және диалогтық түрдегі материалдарды ауызша мазмұндау.
|
БҚ 6
КҚ 3.2.7
|
ЖГП. 03
|
Қазақстан тарихы.
Қазақстан тарихын кезеңдеу. Тас ғасыры кезеңі, оның сипаттамасы. Қола және темір ғасыры. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет. Моңғол шапқыншылығы және олардың Қазақстан дамуына әсері. Монғол империясының күйреуі және Қазақ хандығының құрылуы. 15-17 ғ.ғ. Қазақ хандығы. Қазақ-жоңғар және қазақ-орыс қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазақстандағы патшалықтың саясаты. 18-19 ғ.ғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның жағдайы.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. 1917 жыл. Азаматтық көтеріліс. «Әскери коммунизм» саясаты. ЖЭС. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Голощекиннің кіші қазан төңкерісі. Ашаршылық. Мәдени өркендеу. Саяси қуғын. (репрессия). Казармалық социализмді құру. Халықтарды Қазақстанға жер аудару. Ұлы Отан соғысы және фашизмді жеңудегі Қазақстанның үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және ауыл шаруашылығын қалпына келтіру. Қазақстандағы тың және тыңайған жердерді игеру. Қайта құру кезеңі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Қазақстан Тәуелсіз егеменді мемлекет. 1993 және 1995 жылдардағы Конституция. Халықаралық аренадағы Қазақстан.
|
Білімдер:
- Қазақстан тарихының кезеңдерін;
- әр кезеңнің негізгі сипаттамасын;
- Қазақстанның негізгі саяси және мемлекет қайраткерлері, олардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесі;
-мәдениет саласындағы жетістіктерін;
-Қазақстан халықтарының мәдениетін және олардың даму болашағын;
- бұрынғы және қазіргі Қазақстанның заңдарының және нормативті-құқықтық актілерінің мазмұнын;
- Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын;
- халықаралық саяси ахуалды, Қазақстандағы саяси даму үрдісін, оның дүниежүзіндегі қазіргі жағдайы;
Іскерліктер:
- негізгі кезеңдерге сипаттама беру;
- бұрынғы және қазіргі мемлекет және саяси қайреткерлердің қызметін бағалау;
- қоғамда болып жатқан өзгерістерге анализ жасау, оларға дұрыс баға беру;
- тарихи оқиғаларды, үрдістерді, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, олардан ортақтастықты және ерекшелігін анықтай білу;
- заңдар мен нормативті-құқықтық актілерге талдау жасай білу.
|
БҚ 1
|
ЖГП. 04
|
Дене тәрбиесі.
Маман дайындау барысындағы дене шынықтырудың рөлі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіби-қолданбалы дене даярлығы.
|
Білімдер:
- маман даярлаудағы дене шынықтырудың рөлі;
- дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері;
- спорт ойындарының ережесі;
Іскерліктер:
- дене жаттығуларын дұрыс орындау;
- спорт ойындарын ойнау.
|
БҚ 12
|
ЖГП. 05
|
Өзін-өзі тану.
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту түсініктері; адамның ішкі жандүниесінің қалыптасуы; өзін-өзі дамыту үлгілері және кедергілері; рефлексия, еріктіліктің, дамуы және өз жүріс-тұрысын бағдарлай білу; өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту үрдісінің «педагогикалық қолдау» түсінігі; балалар мен үлкендер қоғамдастығында өзін-өзі тану және бірлескен шығармашылық жұмыстар негізінде баланың жеке тұлғасының дамуы; тұлғалық және кәсіптік тұрғыда өз орнын анықтау; жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру.
|
Білімдер:
- «өзін-өзі тану» және «өзін-өзі дамыту» түсініктерінің мазмұнын;
- адамның ішкі жандүниесінің қалыптасу үрдісін;
- «рефлексия» түсінігінің мәні;
Іскерліктер:
- өзін-өзі тану және бірлескен шығармашылық қызмет негізінде баланың жеке тұлғасын дамытуды жүзеге асыруды;
- оқушыларға өзін-өзі кәсіби анықтауда көмек көрсету;
- психологиялық көмек көрсету;
- өз жүріс-тұрысын жоспарлау және оқушыларды жоспарлау негіздеріне оқыту;
- рефлексияны өткізу.
|
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 11
|
ӘЭП. 00
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
ӘЭП. 01
|
Мәдениеттану.
Мәдениеттану және оның қоғамдағы рөлі;
мәдениетті зерттеудегі көзқарастардың әр алуандығы;
мәдениет және өркениет;
Мәдениет типтері:
конфуциялық-даостикалық;
үнді-буддалық;
Ислам әлемі мәдениеті;
христиан мәдениетінің типі;
Батыс еуропа мәдениеті;
Африка мәдениетінің ерекшелігі және бірегейлігі, нәсілшілдік мәселесі; көшпенділер өркениетінің пайда болуы және бірегейлігі;
Ортағасыр кезеңіндегі Қазақстанның мәдениеті;
17-19 ғасылардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері;
Кеңес кезеңіндегі мәдени қайшылықтар және жетістіктері;
Қазіргі Қазақстанның мәдениеті.
|
Білімдер:
- курстың негізгі түсініктерін;
- Қытай, үнді, христиан, ислам мәдениеті типтерінің ерекшелігі және негізгі жетістіктері;
- Батыс еуропа және Африка мәдениетін;
- көшпенділердің өмір салттары және олардың жүйесінің құндылықтары туралы;
- түркі және араб мәдениетінің ортағасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері.
Іскерліктер:
- әр түрлі халықтардың мәдениетінің ерекшеліктерін ашу;
- мәдениеттің негізгі даму кезеңдері арасындағы байланысты бақылау;
- көшпенділер мәдениетінің өзіне тән ерекшелігін көрсету.
|
БҚ 5
БҚ 11
|
ӘЭП. 02
|
Философия негіздері.
Философия пәні, дүниежүзілік философиялық толғаулардың негізгі белестерін; философияның негізгі сұрақтары. Материя. Сана. Диалектика.
Адам табиғаты және оның өмір сүру мәні; адам және құдай; адам және ғарыш;
адам, қоғам, өркениет, мәдениет; жеке тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі; адам танымы және қызметі;
ғылым және оның рөлі;
адамзат жаһандық мәселелер алдында.
|
Білімдер:
- философияның негізгі түсініктерін;
- ғылым мен ғылыми танымның рөлі туралы, оның құрылымы, нысандары және әдістерін, әлеуметтік және этикалық проблемалары туралы түсінікті;
- дүниежүзінің философиялық, ғылыми және діни картиналары туралы түсініктерді;
Іскерліктер:
- түсініктердің мазмұнын талдай білу;
- адамдар арасындағы адамгершілік нормаларының қарым-қатынасын реттеу
|
БҚ 5
БҚ 11
|
ӘЭП. 03
|
Экономика негіздері.
Мақсаты, негізгі түсініктер, қызметтері, мәні, ұстанымдары;
меншік нысандары мен түрлері және сипаттамасы. Нарық: анықтамасы, заңдары, түрлері, сипаттамасы, инфрақұрылымы. Нарықты реттеу. Кәсіпкерлік. Кіріс. Жоспарлау. Бюджет. Салық саясаты.
|
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
- елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайлар;
- макро және микро экономика негіздері;
- мемлекеттің экономикалық саясатының мазмұны;
Іскерліктер:
- өзінің кәсіптік қызметінде бағыт алуға қажетті экономикалық ақпаратты табу және пайдалану.
|
БҚ 7
БҚ 8
|
ӘЭП.04
|
Саясаттану және әлеуметтану негіздері.
Саясаттанудың пайда болуы, мәні. Саясат. Билік және биліктік қарым-қатынастары. Саяси жүйе.
Мемлекет. Саяси партиялар мен қозғалыстар. Саяси түзім. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үрдістер. Әлеуметтану ғылым ретінде; қоғам әлеуметтік мәдениет жүйесі ретінде; әлеуметтік қоғамдастықтар, қарым-қатынастар, үрдістер, институттар және ұйымдар.
Жеке тұлға: оның әлеуметтік рөлі және әлеуметтік жүріс-тұрысы.
|
Білімдер:
- саясаттану және әлеуметтанудың негізгі түсініктерін;
- жеке тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің ерекшеліктерін;
Іскерліктер:
- әлеуметтік қозғалыстарға және әлеуметтік өзгерістегі басқа да факторларға анализ жасау және дамыту;
- Қазақстандағы және дүниежүзіндегі әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарды және үрдістерді айқындау;
- саяси жүйелер және саяси түзімдерді талдау.
|
БҚ 1
БҚ 2
|
ӘЭП. 05
|
Құқық негіздері.
Құқық, түсінігі, жүйесі, көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы- құқықтық жүйе ядросы;
Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы, жеке тұлға; құқық, құқықтық мемлекет, құқықтың негізгі салалары және сипаттамасы. Кәсіби қызметтің құқықтық қамсыздануы. Білімдік құқық: аспектілері, функциялары, көздері; білімдік құқықтық қатынастар; білім саласындағы мемлекеттік саясат. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы; білім туралы нормативтік актілердің құрылымы; білім беру ұйымының құқықтық статусы; білім беру ұйымының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау; білім беру жүйесінде әкімшілік және еңбек заңнамасын қолдану ерекшелігі; халықаралық білім құқығы; балалардың құқықтарын және қызығушылықтарын қорғау.
|
Білімдер:
- Қазақстан Конституциясын;
- білімдік құқық аспектілері, функциялары, көздері;
- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын;
- Білім туралы нормативтік актілердің құрылымын;
- білім беру жүйесінде әкімшілік және еңбек заңнамасын қолдану ерекшелігін;
- халықаралық білім құқығын;
Іскерліктер:
- кәсіби қызметте нормативті-құқықтық құжаттарды пайдалану;
- білім беру құқығынның көздерін пайдалану;
- балалардың құқығын қорғау.
|
БҚ 1
БҚ 2
КҚ 3.2.1
КҚ 3.2.13
|
ЖКП. 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП. 01
|
Психология:
Психология ғылым ретінде. Тәрбие жұмысы мен үйірме жетекшісінің ұйымдастыру жұмысындағы психологияның рөлі. Қазіргі психологияның құрылымы, міндеттері және әдістері: эксперимент, бақылау, диагностикалық әдістер, психологиялық тесттер. Жеке тұлға туралы түсінік. Индивид және жеке тұлға. Қызметтегі және қарым-қатынастағы түлға. Адамның еңбек іс-әрекетіндегі психомоторика. Стресс және оның алдын алу әдістері. Тілдесу үрдісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастар. «Мазасыздық» түсінігі. Ауытқушы мінез-құлық. Танымдық қызмет: зейін, сезім, қабылдау, ес, есте сақтау, ойлау, қиял, ақыл-ой. Эмоционалды-ерік-жігер саласы: сезім және көңіл-күй, ерік-жігер. Эмоциялар және адамның жағдайы. Темперамент. Мінез. Қабілет. Алғы шарттар және дамудағы қозғаушы күштер. Тұлға қалыптастырудың мақсатты үрдісі ретіндегі тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы. Қазіргі жағдайдағы жас ерекшелік психологиясының өзекті мәселелері.
|
Білімдер:
|