Техникалық және кәсіптік білім беру


-тақырып. Іс қағаздарды толтыруда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері



бет74/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу

7.2-тақырып. Іс қағаздарды толтыруда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері

Жоспары:

1 . Іс қағаздарын толтыруда кездесетін сөздер мен сөз тіркестері

2. құрылымдары



Іс қағаздарын толтыруда кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің

емлесі мен құрылымдары

Іс қағаздарын толтыруда кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің өзіндік емлесі болады. Себебі әр сөз бен сөз тіркесінің мағынасын түсіну – бұл жазылған мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.

Іс қағаздары жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

 Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Солардың бірқатары.

Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:

1.     Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдартамыздың 25-сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз, мына мәселе барысынан хабардар еткіміз келеді, туралы ескертуді қажет деп санаймыз, туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді, туралы келісім үстіміздегі жылдың І желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертемізтуралы келісімді өз тарапымыздан тоқтатуға құқылы екенімізді ескертеміз және т.б.

2.     Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар: …сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр, …мекемеге орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты…, ….туралы шешімнің қабылдануына байланысты …, …. жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты…, …алдын-ала қол жеткізген келісімге сәйкес, сіздің талабыңызға орай….…қарамастан әлі де орын алып отыр, ….экономикалық жағдайдың қиындығына орай… және т.б.

3.     Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар: Менің мекен-жайыма жолдауыңызды сұраймын, аса қажет болғандықтан өтініш сұраймын, осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз…, сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз, ….анықтауыңызды сұраймыз… көлімінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз және т.б

4.     Мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар: ….байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмадыөкінішке орай сіздің талабыңызды қанағаттандыра алмаймызөкінішке орай сізге қажетті информацияны бере алмаймыз, себебі…мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.

5.Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар: іске қосылсын, жарамсыз деп табылсын, жауапты адам тағайындалсын, бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты-жөні)-ге жүктелсін, мәселені қарау (аты-жөні)-ға тапсырылсын, …жолға қойылсын, …бақылауға алынсын, өзгерістер енгізілсін, жол берілмесін.

6.     Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін құрылымдар: қатысты мәлімет қолма-қол жіберілді, құжаттар сіздің мекен-жайыңызға жіберілді, шара қолданылуда, мәліметтер құпия сақталады, орын алған кемшіліктер жойылды, …қосымша қаржы бөлінді, …байланысты іс-шаралар өткізужоспарланып отыр, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, қысқа мерзімдіе ұйымдастырылады, күнделікті қатаң бақылау қойылды.

7.     Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар: …туралы сізді хабардар етеміз, …ұйым хабарлайды, …сізге хабарлаймын, …туралы сізге мәлімет жеткіземін, … туралы баяндаймын, … туралы мәлімдеймін.

8.     Қалыптасқан құрылымдар: көмек көрсетутексеріс жүргізутез арада хабарлаңызқажетті жағдай жасаңызұсыныс қабылдандыжөнелтуге дайындаңызшешім қабылдаңызмәліметтерді хабарлаңызақпарат беріңізбірыңғай баға белгілеуқоғамдық пікір.

9.     Барынша жиі қолданылатын етістіктер: орындау, шешу, жүктеу, міндеттеу, аяқтау, қамтамасыз ету, баяндау, мәлімдеу, хабарлау, нақтылау, тоқтату, тыйым салу, жіберу, назар аудару, енгізу, жоспарлау, жандандыру, ұйымдастыру, таныстыру, орналастыру, тұрғызу, алып тастау, анықтау, толықтыру, ұсыну.

10. Барынша жиі қолданылатын сын есімдер мен үстеулер: жедел, тез арада, маңыздынегізгі, басты, жетекші, жоспарлы, қосымша, толық, жеткіліксіз, жалпы, соңғы, аралық, қорытынды, жоғары, алғашқы, ең жақсы, ерекше, нашар, ортаөте нашар,  қанағаттанарлық,  қанағаттанарлықсызсенімдінақты және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет