Техникалық және кәсіптік білім беру



бет33/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Хатты жазып отрығанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңызына, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқымаған жөн.

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар: • Мекеменің кез келген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады. • Виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау сияқты формальды нәрселердің қажеттігі болмайды. • Жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әр кез жіберуші мен алушы туралы мәліметті қамтиды. • Қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. • Жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі. Телеграф байланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгілеген жеріне ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады. Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн: • Жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды. • Кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі. • Мынадай ретпен жазылады – алушы мекен-жайы, мәтін, жіберуші мекен- жай. • Жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер (әсіресе мекен-жай мен цифрлар жазылған бөлігінде) болмағаны жөн. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «өкіметтік», «жедел», және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады. Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат мәтінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекен-жайы, мәтін, қол. Бұл реквизиттер сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп алатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, дата, жіберушінің мекен-жайы. Әрбір мекемеде жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқабалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі келіп түскен жеделхаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, бұрыштама жазылады. Жіберілген жеделхаттар бөлігінде жеделхат мәтіні жазылады. Ол жіберушінің қолымен расталады. Мұнымен қатар жеделхаттың стандарт бланкілерінен тұратын арнайы журналдар болады. Бұл журналдар жеделхат стандарт бланкісімен және келесі беті мәтін көшірмесін қара қағаз арқылы қалдыру үшін таза беттен тұрады. Мұндай журналдың ыңғайлы жағы жеделхат мәтіні бірден мекемеге толтырылып, арнайы сызылған жерден жыртылып алынып, почта арқылы жіберіледі де көшірмесі қалдырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет