69
3. Ағынды суларды қажетті тазарту дəрежесі қандай негізгі
көрсеткіштерге сүйеніп есептеледі?
4. Бақылау нүктесі деген не, су пайдалану түріне байланысты бақылау
нүктелеріндегі судың құрамы мен қасиеттеріне қойылатын талаптар.
6-тақырып. Сүзу алаңдарына ағынды сулармен ластаушы заттарды
төгудің шектелеген рұқсат етілген төгілімін (ШРТ) есептеу əдісі
Тапсырма:
Механикалық тазалаудан кейін ауылдың ағынды суы сүзу
алаңдарына төгіледі. Келесі көрсеткіштерге сүйеніп сүзу алаңдарына төгілген
ағынды судағы ластаушы заттың шектелген рұқсат етілген төгілімін анықтау
керек:
Ағынды су көлемі 1 жылда 150000 м
3
/жыл, максимальді сағаттық
шығыны 25 м
3
\жыл, атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық қабаты 350
мм, ашық сулы беттің жылдық булануы 720 мм. Су горизонтының қуаты 5 м,
сулы қабаттың саңылаулығы 0,70; сулы жыныстардың фильтрация
коэффициенті (К) 0,5 м\тəулік; жер асты суының табиғи ағынының еңістігі
градиенті – 0,015.
Сүзу алаңдарына эксплуатация уақыты 15 жыл, сүзу алаңдарының
өлшемдері (S = 2500 м
2
, Р= 250м) , сүзу алаңдарына картасында су тереңдігі
0,15 м , сүзу алаңдарының түбінен
бастағанда, грунттық судың тереңдігі – 3м .
Бақылау
скважинасының
суының
пробасының
лабораториялық
анализдерінің нəтижесінде жер асты суларындағы нормаланатын заттардың
келесі фондық концентрациялары анықталды (мг/л) :
мұнай өнімдері ─ 0,05; сульфаттар ─ 100,0; хлоридтер ─ 300,0; СПАВ ─
3,0; БПК─ 3,0; ХПК─ 30,0; минерализация ─ 1500,0.
Достарыңызбен бөлісу: