Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет19/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Суды озондау
 – суды озонмен залалсыздандыру процесі, озон ыдырағанда
түзілетін атомарлық  оттегі бактерияларды тотықтырады. Озон сонымен  қатар,
судың  түсін, исін  жəне  əр  түрлі  дəмдерін  азайтады, судың  дəмдік  сапасын
жақсартады. Озон  бір  мезгілде  бактерияларды, ұрықтар  мен  вирустарды
жоятын  күшті  тотықтырғыш. Озон  судың  табиғи  қасиеттерін  өзгертпейді,
себебі  оның  артық  мөлшері (реакцияға  түспеген  озон) бірнеше  минуттан  соң
ыдырап, оттегіне айналады.
Жер  асты су көздерінің 1 л суын  залалсыздандыру  үшін 0,75 – 1 мг  озон
қажет, ал жер үсті су қоймаларының фильтрленген 1 л суы үшін 1 – 3 мг озон
қажет. Озонды  озон-ауа  қоспасы  түрінде  электрлік  озонаторларда  ауадағы
оттегінен  алады. Озонатор  қондырғыларының  құрамына  озонды  синтездейтін
жəне  оны  сумен  араластыратын  қондырғылар  кіреді. Ауаны  синтезге
дайындағанда, ауадағы  жүзгіндерді  фильтрлейді, адсорберлерде  селикагелмен
немесе  алюмогелмен  құрғатады. Дайын  болған  ауа  озон  алу  үшін  озонаторға
жіберіледі. Алынған  озон-ауа  қоспасын  тазартылатын  сумен  араластыру,
барботаж колонналарында жəне резервуарларда жүреді.
Суды 
бактерицидті 
залалсыздандыру. Бұл 
əдіспен 
суды
залалсыздандырғанда  бактерицидті  қасиеті  бар  ультракүлгін  сəулелер
қолданылады. Əдетте бұл əдіс жер асты суларының аздаған көлемін, сондай-ақ
фильтрленген жер үсті суларын залалсыздандыру үшін қолданылады. Лайлығы
жоғары сулар бұл əдіспен залалсыздандырылмайды.
Сəулелену  көзі  ретінде  жоғары  жəне  төменгі  қысымды  сынап-кварц
лампалары  қолданылады. Қазіргі  кезде  су  тазартатын  техникалар  жасайтын
басты  фирмалар, ультракүлгін  сəулелердің  үлкен  ағынымен  сипатталатын,
қондырғылардың жаңа түрлерін шығара бастады.
АОР (Advanced Oxidation Processes) деп  аталатын, ең  перспективалы
əдістердің  тобына, тазартылған  су  ары  қарай  озондалатын, ультракүлгін
сəулелермен  өңдеу  процесі  жатады. Табиғи  суды  осылайша  өңдеу, бұл
дезинфектанттардың əрқайсысын жеке қолдануға қарағанда сіңірілетін озонның
мөлшерін  жəне  УФ-сəулеленуді 2,5-3 есеге  азайтуға  мүмкіндік  береді.
Бактерияларды  залалсыздандыру  процесі  осы  О
3
/УФ  əдісінде  неғұрлым
жоғары.
Суды  жұмсарту.
  Су  дайындау  практикасында, судың  құрамындағы
қаттылық  беретін  катиондарды (Са  жəне  Мg) аз  еритін  қосылыстарға


32
айналдыру  мақсатымен  суды  реагенттер  арқылы  өңдеу  əдістері  қолданылады,
соңынан тұндыру немесе фильтрлеу арқылы бөлініп алынады.
Реагентті  əдістердің  əр  түрлі  варианттарын  қолдану, бастапқы  судың
сапасына  жəне  қажетті  жұмсарту  тиімділігіне  байланысты. Мысалы, судың
карбонатты қаттылығын известеу арқылы жою əдісі (судың декарбонизациясы)
судың  əрі  қаттылығын, əрі  сілтілігін  азайту  қажет  болған  жағдайларда
қолданылады. Əдістің  мəні  суды  известпен  немесе  известь  сүтімен  Са(ОН)
2
арқылы өңдеу, сонымен қатар жұмсартудың известь-сода əдісі де қолданылады,
яғни  известпен  бірге  сода Nа
2
СО
3
  қосылады. Суды  термохимиялық  жұмсарту
əдісі 100
0
С  жоғары  температурада  жүргізіледі. Жоғары  жылыту  кезінде
түзілген  тұнбалардың  ұлпақтары  ірі  болады  жəне  олар  кəдімгідей  жақсы
тұнады. Жоғары  температурада  жұмсарту  əдісі  негізінен  бу  қазандарында  су
дайындаған  кезде  қолданылады, яғни  осы  кезде  суды  жылытуға  жұмсалған
жылу  ұтымды  пайдаланылады. Суды  термохимиялық  жұмсарту  əдісінде
қолданылатын  негізгі  реагенттер – известь  жəне  сода, кейде  известь  орнына
күйдіргіш натр қолданылуы мүмкін.
 Суды  катионитттермен  жұмсарту – суда  ерімейтін  материалдардың
(катиониттердің) судағы  еріген  суға  қаттылық  беретін  катиондарда  өзіне
сіңіріп, эквивалентті  мөлшерде  ерітіндіге  өтетін, ион  алмасу  қабілетіне
негізделген. Су  тазарту  практикасында  көбінесе  жасанды  шайырлардың
негізінде  күшті  қышқылды  катиониттер  қолданылады. Суды  катионит  қабаты
арқылы фильтрлеген кезде төмендегі реакциялар жүруі мүмкін:
2[Kat]Na  + Са(НСО
3
)
2
  ↔  [Каt]
2
 Са + 2N аНСО
3
2[Kat]Na  + Mg(НСО
3
)
2
  ↔  [Каt]
2
Mg  + 2N аНСО
3
[Kat] –
символы  арқылы  катионит  полимерінің  матрицасы  белгіленген.
Суды фильтрдегі катионит қабаты арқылы фильтрлеген сайын, активті топтың
негізгі  бөлігі  судағы  кальций  жəне  магний  иондарымен  алмасады. Соңында,
катиониттің  алмасу  қабілеті  біткен  кезде, яғни  активті  топтардың  барлығы
кальций  жəне  магний  иондарымен  алмасып  біткенде, катионит  фильтрін
тоқтатып, оны  ас  тұзы  ерітіндісімен  регенерация  жасайды (жуады). Осының
нəтижесінде  катиониттегі  кальций  жəне  магний  иондары  натрий  иондарымен
алмасады,  катиониттен  ығыстырып  шығарылған  кальций  жəне  магний
иондары  элюатқа  өтеді. Суды Nа – катионит  фильтрінде  жұмсарту, судағы
кальций  жəне  магний  иондарының  мөлшерін  өте  аз  шамаға  дейін  азайтуға
мүмкіндік береді.
Негізгі əдебиет: 1[188-340, 472-484], 2 [132-220], 4[36-41], 5[227-278].
Қосымша əдебиет: 9 [335-362], 21[1-25].
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи  суларды  ағарту  жəне  түссіздендіру  кезінде  жүретін  негізгі
процестер.
2. Суды реагентсіз ағарту процесінің принциптері.
3. Суды фильтрлеу процесі неге негізделген?
4. Күшті  тотықтырғыштарды  қолдану  арқылы  суды  залалсыздандыру
əдісінің принциптері.


33
5. Суды жұмсартудың негізгі əдістері,  катионит фильтрлерінің құрылысы
мен жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет