Су қоспаларын коагуляциялау.
Суды жүзгіндерден тазартудың, судың түсін
жəне лайлығын азайтудың практикада кең тараған əдістерінің біріне арнайы
реагенттер (коагулянттар мен флокулянттар) қосу арқылы су қоспаларын
коагуляциялау жатады.
27
Қоспалардың коагуляциясы деп ұсақ коллоидты бөлшектердің молекула
аралық тарту күшінің əсерінен бір-біріне жабысу арқылы ірілену процесін
айтады.
Коагуляция қаруланбаған көзге көрінетін агрегаттар (ұлпақтар) түзілуімен
жəне оны сұйық ортадан бөліп алумен аяқталады.
Коагуляцияның екі түрі бар: еркін көлемдегі коагуляция (ұлпақ түзілу
камераларында) жəне контакталық коагуляция (түйіршікті загрузкада немесе
жүзгіндер тұнбасының ішінде).
Суды тазартуға қолданылатын негізгі реагенттер мыналар:
-
Тазартылмаған күкірт қышқылды алюминий
Al
2
(SO
4
)
3
*nH
2
O + SiO
2
,
құрамында 33% сусыз күкірт қышқылды алюминий жəне 23% ерімеген
қоспалар бар.
-
Тазартылған күкірт қышқылды алюминий
Al
2
(SO
4
)
3
*18H
2
O , құрамында
1%-тен көп емес ерімеген қоспалар бар.
-
Алюминий оксихлориді
[Al
2
(ОН)
5
CI]*6H
2
O , (ОХА), жаңадан тұндырылған
алюминий гидрооксидін 1% тұз қышқылы ерітіндісінде еріту арқылы
дайындалады. 35% ерітінді түрінде шығарылады.
-
Күкірт қышқылды темір
(темір купоросы) ҒеSО
4
*7Н
2
О, құрамында кем
дегенде 53 жəне 47% сусыз ҒеSО
4
бар екі марка – «А» жəне «Б» түрінде
шығарылады.
-
Хлорлы темір
ҒеСl
3
, құрамында кем дегенде 98% сусыз ҒеСl
3
бар.
Суды ағарту жəне түссіздендірудің қазіргі заманғы технологиясында,
сондай-ақ коагуляция процесін тездететін, флокулянттар деп аталатын заттар
қолданылады. Бұларға негізінен табиғи жəне синтетикалық органикалық
жоғары молекулалы қосылыстар жатады.
-
Полиакриламид
. (амид жəне акрил қышқылы тұздарының сополимері),
8% -ті гель түрінде немесе 100% гранулалы ұнтақ түрінде шығарылады. ПАА
анион типті флокулянтқа жатады, оның судағы ерітіндісінің теріс заряды бар,
сондықтан ПАА əдетте минералды коагулянттармен бірге қолданылады, себебі
дисперсті жəне коллоидты қоспалар да теріс зарядталған.
-
Амфотерлі флокулянттар
, сериялары «К-4» жəне «К-5». Бұлар –
амфотерлі полифункциональды полимерлер, полиакрилонитрилдің натрий
гидросидімен (К-4) немесе натрийдің моносиликатымен (К-6) əрекеттесуінің
өнімі болып табылады.
Катиондар сериясының флокулянттары «ВА»
(ВА-2, ВА-3, ВА-2Т, ВА-
3М, ВА-102; ВА-212, ВА-400). Бұлар – төртіншілік аммоний негіздерінің
тұздары болып табылады, өз бетінше əсер ететін органикалық коагулянттар
ретінде де жəне сонымен бірге коагулянттар ретінде де қолданылады.
Минералды коагулянттарға (алюминий мен темірдің тұздарына) қарағанда,
«ВА» сериясының коагулянттарының тіпті аз мөлшерінің өзінің ағарту
тиімділігі өте үлкен.
Негізгі əдебиет: 1[44-101, 155-177], 2[42-69, 81-100], 4 [7-25], 5[49-95,118-
140].
Қосымша əдебиет: 9[50-56, 105-129], 16[5-20].
Бақылау сұрақтары:
28
1. Дисперсті система деген не?
2. Кульский бойынша су қоспаларының жіктелуі неге негізделген?
3. Суды əр түрлі қоспалардан тазарту технологиясы қалай таңдап
алынады?
4. Су тазарту станцияларында қолданылатын негізгі аппараттар мен
қондырғыларды атаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |