20
Табиғи суларда белгілі химиялық элементтердің жартысынан астамы
табылған. Өздерінің табиғатына байланысты су қоспалары минералды жəне
органикалық, суда жүзгін күйінде, коллоидты жəне нағыз ерітінде түрінде
болатын болып бөлінді.
Жер асты сумен жабдықтау көздерінде органикалық заттар болмайды
немесе жоқтың қасында, минералдылығы жоғары, кейде құрамында газдар
(СО
2
, Н
2
S, СН
4
) болады. Сумен жабдықтау көздерінің жер үсті су қоймалары
төмендегіше жіктеледі: тұздардың құрамы 200 мг/л дейін – минералдығы аз;
200-500мг/л – орташа жəне 500-1000 г/литрден көп – минералдылығы жоғары
су қоймалары. Табиғи сулар аниондардың құрамына байланысты үш классқа
жіктеледі: гидрокарбонатты, сульфатты жəне хлоридті. Класстың ішінде басым
катиондардың мөлшеріне байланысты натрий, кальций жəне магний топтарына
жіктеледі.
Табиғи сулардың сапасы
əр түрлі көрсеткіштермен сипатталады, ең
негізгілері – температура, ортаның реакциясы, түсі, исі, дəмі, лайлығы.
Сонымен қатар, иондық құрамы, темір жəне марганец қосылыстарының болуы,
қаттылығы, тотығуы, еріген газдардың болуы, фтор, йод, улы заттардың болуы,
санитарлық-бактериялық жəне гидробиологиялық көрсеткіштері де маңызды.
Су сапасының көрсеткіштері ГОСТ арқылы белгіленеді (регламенттеледі).
Достарыңызбен бөлісу: