11
барлық негізгі экосистемалар, адам экосистемасы да, құрамында 0,01%
-тен аз
тұзы бар ауыз судың жеткіліктілігіне байланысты. Сусыз тіршілік болуы
мүмкін емес.
Тұқымында 10 пайыздан аз су бар өсімдіктердің тіршілігі баяуырақ
болады. Бұл құбылыс ортаның қолайсыз жағдайларында судың көп мөлшерін
жоғалтып алулары мүмкін, омыртқасыздардың кейбір түрлерінде де байқалады.
Құрғақтағы биомасса ылғал мөлшеріне өте сезімтал келеді, себебі су
биологиялық айналымға қатысады жəне тірі материя үшін сутек пен оттек көзі
болып табылады.
Су табиғатта үнемі айналымда болады – үнемі жұмсалады жəне оның
орны қайтадан толтырылады.
Қазақстан Республикасының су ресурстары.
ҚР Су кодексіне сəйкес,
Қазақстан Республикасының су қорларын өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты
сулары жəне су қоймалары құрайды. Өзендердің жалпы су ресурстары орташа
есеппен жылына 100,5 км
3
құрайды, оның 56,5 км
3
республика территорясында
түзіледі, ал қалған 44,0 км
3
көршілес мемлекеттерден түседі. Шаруашылыққа
қолданылатын су ресурстарының көлемі барлығы 46 км
3
, себебі, судың негізгі
бөлігі экологиялық, балық шаруашылығы, транспорт жəне энергетикалық
қажеттерге жұмсалады. Қазақстанның əр түрлі жылдардағы экономика
қажеттіліктеріне жұмсалған су ресурстарының көлемін салыстырғанда,
жекелеген аймақтар, сондай-ақ түгел республика бойынша су тапшылығы
барлығын көрсетеді. Су ресурстары тапшылығының себебі, жер үсті
суларының
республика территориясында біркелкі таралмағандығы, өзен ағыстарының
жылдар жəне маусым бойынша өзгеріп тұруы сияқты табиғи факторлардың
əсерінен, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің трансшекаралық өзендердің
суларының негізгі көлемін қолдануынан, жер суаруға қайтымсыз қолданудан
жəне судың жойылуынан болады. Сонымен қатар су сапасының төмендігі оны
шаруашылық мақсаттарына пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Су ресурстарын қорғаудың тиімділігі жəне оны тиімді қолдануды
қамтамасыз ету су қатынастарын құқықтық реттеуге байланысты. 2007 ж. жаңа
Су кодексі қабылданды. Бұл құжаттың негізіне су пайдаланудың шындыққа
жəне теңдікке негізделген халықаралық принциптері қаланған. Приоритет
ретінде ауыз сумен жабдықтау ерекшеленген. Жаңа Су кодексін жасағанда жер
асты жəне жер үсті суларын пайдалануға рұқсат беру жүйелері Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары
комитетіне біріктірілген.
Судың физикалық жəне химиялық қасиеттері.
Судың планетадағы
негізгі ролі оның физикалық қасиеттеріне байланысты. Мысалы, жылу
сиымдылығы үлкен, мұздың
суда батпайтын қасиеті, жəне т.б.
Барлық климаттық өзгерулер гидросферадағы процестерге байланысты,
сондықтан гидросфераны байқау, ғалымдарға планетадағы табиғи, сондай-ақ
антропогенді факторлардың əсерінен ғаламдық жəне аймақтық климатта
болатын өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін база болып табылады. Ауыз
судың негізгі бөлігі үнемі қар жамылып жатқан мұздықтарда (68,0% ), ең көп
бөлігі Антарктидада (61,7 %). Ауыз судың біраз бөлігі (30,1%) жер қыртысында
13
Табиғат өмірінде судың аномальды жоғары жылу сиымдылығы да – 4,18
Дж/моль, маңызды роль арқарады. Судың жоғары жылу
сиымдылығы жылудың
бір бөлігі сутек байланысын үзуге жұмсалатындығына негізделген. Табиғи
жағдайда су баяу жылынады жəне баяу салқындайды, Жер температурасын
реттеуші болып табылады.
Судың жұққыштығы (қозғалыстың əр түрлеріне кедергі келтіру
мүмкіндігі) температураға байланысты заңды өзгереді: температура өскен
сайын азаяды. Судағы тұздардың концентрациясы артқан сайын, жұққыштық
азаяды. Сонымен қатар қысымның жұққыштыққа əсерінің өз ерекшеліктері бар:
температура төмендеген сайын жеткілікті қысымда судың жұққырлығы
көбеюдің орнына азаяды, ал қысымды аздап өсірсек, судың тəртібі жалпы
ережелерге бағынады.
Судың салыстырмалы диэлектрлік тұрақтылығы – 81, судың үлкен
иондағыш күші осыған негізделген.
Судың беттік керілуі ең үлкен (сынаптан кіші), бұл өсімдіктер
шырынының, адам мен жануарлар тамырларындағы қанның қозғалысына
мүмкіндік береді. Температура жоғарылаған сайын судың беттік керілуі азаяды.
Судың оптикалық қасиеттері оның мөлдірлігімен бағаланады, бұл су
арқылы өтетін сəуле толқындарының ұзындығына байланысты. Ультракүлгін
сəулелер су арқылы оңай өтеді, сондықтан су организмдерінің су
қоймаларының түбіне дейін тіршілік етуге қабілеттері бар, инфрақызыл
сəулелер су арқылы аз дəрежеде өтеді. Көрінетін жарықтың сарғыш жəне қызыл
компоненттерін сіңіруінен, су көгілдір түске ие болады.
Химиялық таза су электр тогын өте нашар өткізеді, бірақ аздаған болса да
электр өткізгіштігі бар, себебі, өте аз дəрежеде сутек жəне гидроксил
иондарына диссоциацияға түзетін қабілеті бар:
Достарыңызбен бөлісу: