17
коммуналды-тұрмыстық, жəне басқа да пайдаланылған ағынды суды төгу үшін,
жер асты жəне жер үсті суларын пайдалану жатады, аталған су пайдалану
төмендегідей қондырғылар мен техникалық құрылғыларды қолдану арқылы
жүргізіледі:
- жер асты суларын алу үшін насос қондырғыларымен жабдықталған, су
алу қондырғылары;
- жер үсті жəне теңіз суларын механикалық жəне өздігінен ағу арқылы алу
үшін стационарлық, жылжымалы жəне жүзетін қондырғылар;
- өндірістік, шаруашылық-тұрмыс, коллекторлық-дренаждық, нөсер суын
жəне басқа да ағынды суларды, сондай-ақ шахталардан, карьерлерден,
разрездерден айдап шығарылған суды жер бетіндегі жəне теңіз суларына
ағызуға арналған су бұрғыш ғимараттарды; су шығару қондырғылары;
- жер асты сулы горизонттарына ағынды суларды төгуге арналған сіңіргіш
скважиналар мен құдықтарды;
- ағынды суларды егіс алаңын суару жұмыстарына арналған шығару
қондырғылары;
- платиналар, басқа да су құбырлары мен суды реттейтін қондырғылар;
- сумен жабдықтауға жəне қолданылған суларды төгуге арналған, сондай-
ақ суды суытуға арналған жылу жəне атом электростанцияларының су
шаруашылық құрылыстарын жəне т.б.
жаңа Су кодексіне сəйкес арнайы су пайдалану арнайы алынған рұқсат пен
лицензияның негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда бірінші рет арнайы су
пайдаланудың келесі түрлеріне лицензия беруге талаптар енгізілген:
- жер үсті су тоғандарынан ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп, энергетика,
балық аулау жəне көлік мұқтаждары үшін тəулігіне 50м
3
көлемінен артық суды
алу жəне пайдалануға;
- жер үсті су объектілерінен қосалқы су пайдаланушыларға суды алуға
жəне беруге.
Достарыңызбен бөлісу: