Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Температура
 – су  сапасының  физикалық  көрсеткіші. Жер  үсті  су
қоймаларының температурасы жыл мезгілдеріне байланысты 0 – 30
0
С арасында
өзгеріп отырады, жер асты су көздерінің температурасы салыстырмалы тұрақты
болып  табылады. Ауыз  судың  температурасы 7 – 15
0
С  арасында  болғаны
дұрыс.
Ортаның  реакциясы.
  Шаруашылық-ауыз  су  мақсатына  қолданылатын  су
үшін  рН = 6,5 – 8,5 болуы  қажет. Бұл  талап  адамның  физиологиялық
мұқтаждарын  қанағаттандыру  үшін  жəне  құбырлар  мен  қондырғылардың
материалдарының  коррозиясын  болдырмау  үшін  керек. Көптеген  табиғи  су
көздерінің  рН  шамасы  бұл  шектен  аспайды. рН  шамасы  ортаның  активті
реакциясының, немесе судағы бос сутек иондарының əсерінен болатын активті
қышқылдығының өлшемі.
Судың  түсі.
  Судағы  гумин  жəне  фульвоқышқылдары, олардың  еріген
тұздары, сондай-ақ  темір  қосылыстары  суға  түс  береді. Суға  түс  беретін
қосылыстар  дисперстік  дəрежесі  бойынша  екінші  жəне  үшінші  топқа  жатады.
Суға  түс  беретін  қосылыстардың  мөлшері  көптеген  факторларға, негізінен  су
көзі бассейнінде торфяниктердің болуына байланысты.
Түстің  дəрежесін  белгілі  бір  заттың  мг/л  мөлшерімен  емес, ерекше
бірлікпен – градус арқылы өлшейді. Өзен суы түсінің шамасы үлкен аралықта
өзгереді – 35 – 55 градус  аралығында, жекелеген  жағдайларда 200 градустан
жəне одан да жоғары асып кетуі мүмкін.
Судың  исі  мен  дəмі
 – су  сапасының  органолептикалық  көрсеткіштері.
Ұшқыш  иісті  заттар  суға  иіс  береді. Табиғи  судың  исі  мен  дəмі  оның
құрамында  табиғи  заттардың  болуынан, немесе  ағынмен  бірге  ластаушы
заттардың  түсуінен. Табиғи  иіске  жер, шірік, батпақ, күкірттісутек  жəне
т.б.иістері жатады. Олар судағы балдырларға, актиномицеттерге жəне басқа да


21
судағы  тірі  организмдерге  байланысты. Жасанды  иістер  хлор, фенол, аптека
иістері  болып  жіктеледі. Судың  дəмі  тұзды, тəтті, ащы  жəне  қышқыл  болып
жіктедеді. Ерекше  дəмдер  де  бар – сілтілік, метал  жəне  басқа  дəмдер.
Шаруашылық  ауыз  сумен  жабдықтау  көздерінің  дəмі  мен  иісі  əдетте 3 – 4
балдан аспайды.
Ауыз  судың  дəмі  жоқ. Жер  асты  су  көздерінің  суларының  дəмі,
құрамындағы тұздардың концентрациясы үлкен болғандықтан, тұзды жəне ащы
тұзды болуы мүмкін.
Судағы ерімеген жəне коллоидты заттар суға лайлылық береді.
Судық лайлығын зерттелетін пробаны стандартты ерітіндімен салыстырып
бағалауға  негізделген  əр  түрлі  əдістермен  өлшейді. Стандартты  ерітіндіні
дистелденген суға кремний диоксидінің стандартты суспензиясын қосу арқылы
дайындайды. Судың лайлығы мг/л арқылы өлшенеді. Өзен суларының лайлығы
жер  асты  суларына  қарағанда  жоғары. Су  тасқыны  кезінде  өзен  суының
лайлығы  бір  литрде  ондаған  мың  миллиграмға  жетуі  мүмкін. Санитарлық
нормаларға сəйкес ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л аспауы керек.
Құрғақ  қалдық.
  Іс  жүзінде  құрғақ  қалдық  деп  судағы  еріген  жəне
коллоидты  түрдегі  бейорганикалық  жəне  органикалық  заттардың  қосындысын
түсінеді. Құрғақ қалдықты суды буландыру, пробаны фильтрлеп, 105
0
С кептіру
арқылы анықтайды. Шаруашылық ауыз су мақсатындағы су көздерінің суының
құрғақ  қалдығы 1000 мг/л  аспауы  керек, себебі  суда  тұздардың  құрамы  көп
болса, адам əртүрлі ауруларға шалдығады.
Иондық  құрам.
Табиғи  сулардағы  тұздардың  жалпы  құрамы  көптеген
жағдайларда Nа
+
,  К
+
, Са
2+
, Мg
2+
  катиондарының  жəне  НСО
3-
, SО
4
2-
, Сl
-
  –
аниондары  арқылы  жоғары  дəлдікпен  анықталады. Қалған  иондар  суда  өте  аз
мөлшерде болады, бірақ кейде олар судың қасиеттері мен сапасына əсер етеді.
Су  электронейтральды  болғандықтан, оң  иондардың  қосындысы  теріс
иондардың қосындысына тең болуы тиіс:
[Nа
+
 ] + [К
+
] +  [Са
2+
] +  [Мg
2+
 ] = [НСО
3-
] +  [SО
4
2-
] + [Сl
-
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет