23
Көктем-жаз мезгілінде балдырлар шапшаң дамиды (су қоймасының
гүлденуі), жер үсті су қоймаларындағы фитопланктондар саны 1 мл суда 50
мың клеткаға дейін жетуі мүмкін. Жазда фитопланктондар түрлері өте көп
болады, шаян тəрізділер, моллюска дрейссендердің личинкалары жəне т.б. суда
бентостар да болуы мүмкін: құрттар, насекомдардың личинкалары. Қыс
мезгілінде суда негізінен шаян тəрізділер ғана кездеседі.
Ауыз суда планктондар, сондай-ақ қаруланбаған көзге көрінетін
микроорганизмдер болмауы тиіс.
Негізгі əдебиет: 1[14-38], 2[9-30], 3[18-48], 5[17-48].
Қосымша əдебиет: 10[9-14], 11[25-34], 25[1-10], 26 [1-8].
Бақылау сұрақтары:
1. Су пайдаланудың қандай түрлерін білесіз?
2. Əр түрлі су пайдалану категорияларына жататын су қоймаларының
суының сапасы қалай нормаланады?
3. Ауыз сумен жабдықтау көзіне қандай талаптар қойылады?
4. Табиғи су қоймалары үшін анықталатын су сапасының негізгі
көрсеткіштерін атаңыздар.
5. Негізгі су организмдерінің түрлері жəне су қоймаларының өзін өзі
тазарту процесіндегі олардың ролі.
Достарыңызбен бөлісу: