52
Электрохимиялық потенциалдарының айырмашылығы есебінен темір
анодтық поляризацияланады, сыртқы көзден ток берместен, ерітіндіге өтеді.
Кокс немесе мыс гальваникалық буда катодтық поляризацияланады.
Процесс барабан тəрізді, ағысты аппараттарда жүргізіледі. Гальваникалық
будың барабанның айналуынан болатын ерітіндімен жəне ауадағы оттегімен
ауыспалы контактасы нəтижесінде темірдің еру жылдамдығы өседі. Екі
валентті темір шапшаң үш валенттіге дейін тотығады, үш валентті темірдің
гидроксидті қосылыстарының, сондай-ақ оксидті қосылыстарының – магнетит
жəне гематиттің гальванокоагуляциялық барабан қондырғыларында түзілуіне
жағдай пайда болады.
Алынған нəтижелер гальванокоагуляция əдісінің ағынды суларды түсті
металдардың иондарынан тазартуда тиімділігі өте жоғарылығын көрсетті.
Гальванокоагуляция əдісінде тазартылатын суға жұмсалатын темірдің шығыны
0,1- 0,2 кг/м
3
шамасын құрайды. Гальванокоагуляция əдісімен тазартылған
қышқыл немесе сілті суларды, түсті металдарды жəне құймаларды өңдеу
процесінен соң, айналмалы жүйемен жууға қолдануға болады.
Гальванокоагуляциялық қондырғыларды қолдану, бұл əдістің негізгі
жетістігі қондырғыларының қарапайымдығы мен тазартудың жоғары
тиімділігінде екендігін көрсетті.
Негізгі əдебиет: 3[149-1556 175-196], 5[379-392].
Қосымша əдебиет: 7[7-26, 63-96], 13[154-166], 22[1-25], 29[48-65].
Бақылау сұрақтары:
1. Ағынды суларды тазартудың ион алмасу əдісінің принциптері мен
технологиялық схемалары.
2. Негізгі ион алмастырғыш материалдарға сипаттама беріңіздер.
3. Ағынды суларды тазартудың электрохимиялық əдістерінің негізгі
топтарын атаңыздар.
4. Суды электрохимиялық тазарту процесі негізделген, электродиализ
процесінің өтуі үшін қажетті системаның негізгі элементтерін атаңыздар.
5. Су электролизі кезінде ағынды сулардың құрамындағы ластаушы
заттардың фазалық-дисперстік жағдайына байланысты жүретін негізгі тотығу-
тотықсыздану процестері.
6. Ағынды сулардың қоспаларының анодтық тотығу процесіне анықтама
беріңізде, анодтық тотығу процесін ағынды суларды тазарту үшін қолдануға
мысал келтіріңіздер.
7. Электродиализ процесіне анықтама беріңіз, қолдану облыстарын
атаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: