Техникасы мен технологиясы


Дəріс  тақырыбы 8. Ағынды  суларды  тазартудың  биологиялық



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Дəріс  тақырыбы 8. Ағынды  суларды  тазартудың  биологиялық
əдістері. Ағынды  суларды  мембраналық  əдістермен  тазарту  жəне
деминерализациялау.
Ағынды суларды биологиялық тазарту əдістері.
 Бактериялардың өздерінің
тіршілігі үшін қорек ретінде ағынды судың құрамындағы əр түрлі органикалық
жəне минералды заттарды пайдалану қабілеттері, биологиялық тазарту əдісінің
негізі болып табылады.


53
Ағынды суларды биологиялық тазарту əдісінде жүретін негізгі процесс –
биологиялық тотығу
. Бұл процесс əр түрлі бактериялардан, қарапайымдардан,
балдырлардан, саңырауқұлақтардан  жəне  т.б. құралатын, өзара  күрделі  ара
қатынастар (метабиоз, симбиоз, антагонизм) арқылы 
біріккен
микроорганизмдер бірлестігі (биоценоз) арқылы жүзеге асады. Бұл бірлестікте
бактериялар басты роль атқарады.
Биологиялық  тазарту  əдістері  табиғи  жəне  жасанды  болып  бөлінеді.
Биологиялық  тазартудың  табиғи  əдістеріне  ағынды  суларды  топырақ  арқылы
тазарту əдістері жəне биологиялық тоғандарда тазарту жатады. Бұл əдістерде су
топырақ  микрофлорасының, күннің, ауаның  жəне  микроорганизмдердің
тіршілігінің  əсерлерінен  тазарады. Жасанды  су  қоймалары  болып  табылатын
биологиялық тоғандарда да табиғи процестер қолданылады. Тоғандарда табиғи
жəне  жасанды  аэрация  түрлері бар. Биологиялық тоғандарда  өңделген  ағынды
суларды арнайы тұндырғыштарда қосымша тазарту немесе құм фильтрлерінен
өткізу ұсынылады.
Аталған  ғимараттардың  кемшіліктері  тотығу  қабілеттері  төмен, сезон
бойынша  ғана  жұмыс  істейді, қыс  мезгілінде  тоқтап  тұрады, сондай-ақ  бұл
ғимараттарды орналастыру үшін үлкен территориялар қажет.
Биологиялық тазартудың жасанды əдістеріне, оларды арнайы ғимараттарда
– аэротенктерде, окситенктерде, жəне биофильтрларда тазарту жатады.
Биологиялық  тазарту  құрылыстары  активті  биомассаның  орналасуына
байланысты əдетте үш топқа бөлінеді:
1) активті  биомасса  қозғалмайтын  материалға  бекітілген, ал  ағынды  су
жұқа қабатпен толықтырғыштың (биофильтрдің) материалы арқылы қозғалады;
2) активті биомасса суда жүзгін түрінде болады (аэротенктер, окситенктер,
циркуляциялық тотығу каналдары);
3) биомассаның  орналасуының  бірінші  жəне  екінші  варианттарының
жиынтығы.
Ағынды  суларда  дамитын, тіршілігі  ағынды  сулармен  үнемі  қоректік
заттар  жəне  ауаның  оттегін  беріп  тұру  арқылы  жүзеге  асатын  активті
биомассалар, активті ил немесе биопленка түзеді.
Активті  ил  мен  биопленка  микроорганизмдердің  бірлестігінен  тұрады,
негізгі бөлігін бактериялар құрайды, аздаған мөлшерде əр түрлі қарапайымдар,
құрттардың  бірнеше  түрлері  бар. Биопленка  биофильтрдің  толтырғышында
өседі, ол  қалыңдығы 1,3 мм  шамасындағы  шырышты  қабат. Биопленкада
активті  илге  қарағанда, микроорганизмдер  саны  аз. Биофильтрлерде  ағынды
судың  биопленкамен  контактасы  бірнеше  минут  ішінде  жүзеге  асады. Бұл
уақыт  арасында  негізінен  органикалық  заттардың  сорбциясы  жүреді, еріген
органикалық  қосылыстарды  судан  терең  бөліп  шығаруға  мүмкіндік  жоқ.
Биофильтрлерде тазартылған сулардың сапасы қазіргі талаптарға сай келмейді.
Ең  кең  таралған  жəне  тиімді  əдіске  активті  илді  аэротенктерде  аэрация  жасау
əдісі жатады.
Фазалық-диспестілік жағдайы бойынша активті ил – амфотерлі коллоидты
система. Аэротенктерде бактериялардың жеткілікті жоғары биомассасын ұстап
тұруға  мүмкіндік  беретін, активті  илдің  ең  маңызды  қасиеті – олардың


54
екіншілік  тұндырғыштарда  тұндырған  кезде  жақсы  тұнатын  ұлпақ  түзу
қабылеті  болып  табылады. Биологиялық  тазарту  тазартылатын  судың
температурасы 20-25
0
С, рН = 6,5 -7,5 болғанда ең тиімді жүреді.
 Аэротенкке  түсетін  еріген  оттегінің  мөлшері  органикалық  заттарды
тотықтыруға  жəне  бактериялардың  тыныс  алуына  жететіндей  болуы  қажет.
Қолайлы  жағдайда  тазарту  үшін  ил  қоспасындағы  отттектің  мөлшері 2
мг/литрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, тазартылатын суда органикалық
көміртектің  концентрациясы (ОБҚ  бойынша), азот  жəне  фосфор  да  қажетті
мөлшерде болуы керек. Қалалық ағынды суларды тазарту үшін ОБҚ
толық
: N : Р
қатынасы 100 : 5 : 1 кем болмауы тиіс.
Соңғы кезде ағынды суларды бекітілген микрофлорасы бар аэротенктерде
тазартудың  жетілдендірілген  технологиясы  кеңінен  қолданылуда. Мұнда
микроорганизмдердің 
толықтырғыш 
материалдарға (əр 
түрлі 
қатты
сорбенттерге) бекітілу  қабілеті  қолданылады. Сонымен, биофильтр  мен
аэротенктің жақсы жақтарын біріктіре отырып, тазартылған судың өте жоғары
сапасын  қамтамасыз ететіндей  микроорганизмдердің биомасса  қоры үнемі  бар
болатын  ғимараттар  алуға  болады. Осындай  құрылыстарға  бекітілген
микрофлорасы  бар  немесе  саңылаулы  беттерден, талшықты  синтетикалық
материалдардан жасалған, суға батып тұратын толықтырғышы бар аэротенктер
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет