Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Бастауыш сыныпты бітірген оқушы меңгеруі қажет:
– түрлі көркем материалдарды қолдану арқылы көркем іс-әрекетті;
– келесі
өнер
түрлері:
кескіндеме,
графика,
мүсіндеме,
дизайн,
архитектура, сәндік-қолданбалы және халық өнері туралы алғашқы көркем
еңбек дағдысын;
– көркем материалдардың: гуашь, акварель, пастель, бор, қарындаш,
ермексаз, қағаз, қатырма қағаздың мәнерлілік мүмкіндіктерін;
– өздігінен
шығармашылық
іс-әрекет
тәжірибесін,
ұжымдық
шығармашылық дағдысын;
– бұйымдарды
құрастыруды, заттар,
өсімдіктер мен жануарларды
бейнелеуді, кеңістікте бейнелеу жұмысын, жазықтықта адамды бейнелеу
туралы алғашқы түсінік пен дағдыны білуі/меңгеруі қажет.
«Технология» білім саласы
«Технология» білім саласы «Технология» пәнінің мазмұнын қамтиды.
Технология
«Технология» пәнін оқытудың мақсаты – шығармашылық тұлғаны
қалыптастыру, оқушылардың
еңбек дағдысын дамыту, көркем еңбекке
қызығушылықтарын арттыру.
«Технология» пәнін оқытудың міндеттері:
– еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға
беру, түзету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру;
– оқушылардың қарапайым құралдармен және түрлі материалдармен жұмыс
істеу біліктіліктерін, пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |