«Технология» пәнінің базалық білім мазмұны
Табиғи материалдан құрастыру
Табиғи материалдар туралы мәлімет. Қолданылатын материалдардың
қасиеті. Табиғи материалды жинау және сақтау (ағаштың жапырағы, бүрi,
жаңғағы, бұтағы, майда тас). Тастан, ұлу қабыршағынан, тұқымнан мозаика
құрастыру.
Композиция негіздері: өлшем үйлесiмi, симметрия, асимметрия, қимыл-
қозғалысты бере бiлу (бейнелеу өнері курсынан). Ермексаз, жіп және сым
көмегі арқылы бұйым бөлшектерін біріктіру.
Сабаннан, кендiр жiптен, кепкен өсiмдiктен ойыншық, заттар жасау
технологиясы.
Аппликация.
Сюжетті
аппликация.
Симметриялы,
асимметриялы бұйымдар орындау және оларды әсемдеу. Біріктіру тәсілдері.
Бұйымдар бөлшектерін біріктіру түрлерін талдау және негіздеу.
Табиғи материалдан құрастыру кезiнде еңбек қауiпсiздiгiн және жеке бас
гигиенасын сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |