Көркем бұйым туралы
Материал түрлерi. Әртүрлi материалдардың ерекшеліктерін салыстыру
және өзiндiк қасиетiне қарай пайдалану. Материал таңдау. Олардың атауы
(қағаз, мата, ермексаз, т.б.) мен қолданылу аясы. Ермексаз, желiм, жiп пен
сымның құрамақ бөлшектерiн бiрiктiру қасиетi. Үлгi бойынша, графикалық
сызба белгi және өз ойынан бұйым жасау технологиясы. Жобалау әрекетіне
кіріспе.
Ермексазбен мүсіндеу технологиясы. Үлгi және сурет бойынша жануарлар
мен адам бейнесiн мүсiндеу техникасы. Жеке бөліктерді жапсырмалау.
Қазақ және Қазақстанда тұратын басқа ұлт қолөнерінің ерекшеліктері
мен айырмашылығы.
Қазақ және Қазақстанда тұратын халықтардың қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен таныстыру.
Тоқыма және басқа материалдар туралы мәлімет. Қиял-ғажайып әлемiнiң
және ертегі кейiпкерлерiнің киімдерін қиялдау. Көркем бейне жасау үшін
материалдарды үйлестіру.
Дөңгелек пішіндегі жұмсақ ойыншықтар дайындау. Жобаны ұжыммен
орындау.
Қазақ және Қазақстанда тұратын халықтардың ою-өрнектерiнің ерекшеліктері туралы мағлұмат.
Нобайды және схеманы оқу ережесі, оларды материалды
өңдеу
технологиясын жоспарлау кезінде пайдалану.
Мата, баутаспа, жiп, сым түрлерi және олардың қасиетi. Материалды үнемдi
пайдалану. Белгiлеу, пiшу, тiгу, кестелеу, моншақ-маржан бастыру арқылы
бұйымды әрлеу. Шалма тiгiс, қайып-тiгу. Шашақ (пайдаланылуы, жасау
технологиясы).
Сым, жалтырауық қағаздан әсемдiк бұйымдар жасау. Үлгi, қиық, өлшем
бойынша дайын бұйымдарды талдау. Қуыршақ театрымен танысу.
Матамен жұмыс. Маталардың өңi мен астарын, өлшемін анықтау. Әртүрлі
матаны пайдалана отырып, қиялы бойынша аппликация құрастыру. Әшекейлеу
үшін қарапайым ұлттық ою-өрнектерді пайдалану.
Сәндік өнер. Сәндiк өнер технологиясы туралы қысқаша мәлімет. Сызба
үлгi бойынша моншақ-маржан тігу. Әшекейлеу үшін әртүрлі моншақ-маржан
тастарын пайдалану. Дәстүрлі әшекейлеу. Қазақтың зергерлік бұйымдарындағы
түстердің үйлесімділігі. Аппликация-фантазия құрастыру.
Сымнан, таспадан бұйымдар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |