Байланысты: Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс
Модельдеу және құрастыру Сызық түрлерi мен олардың белгiленуi (түзу, толқынды-ирек, сынық);
қағаздың түрлерi және оның қолданылу аясы; желiмдi пайдалану; қағазды
бүктеу (негiзгi тәсiл, қыр түсiру) және оны қию.
Модельдеу және құрастыру алгоритмi. Пластмасса, конструкторлар және
«Лего».
Оригами. Қатырма қағаздан үлгілеу. Қағаз жолақтарынан композиция
құрастыру.
Құрастыру және үлгiлеу технологиясы. Сызба-үлгiнi оқу. Модельдi сызба
бойынша құрастыру және бөлшектеу. Жылжымалы және жылжымайтын
бөлшектерді бiрiктіру. Қағаз және қатырма қағаздан шырша ойыншығын жасау.
Өз қиялы бойынша бұйымдардың үлгісін құрастыру. Ұлттық бұйымдар үшін
ою-өрнектер құрастыру.
Мозаика құрастыру. Ұсақ тастардан мозаика құрастыру.
Қозғалмалы бұйымдар құрастыру. Қозғалмайтын бөлшектердi бiрiктiру.
Әртүрлi материалдан үлгі құрастыру. Ғарышқа ұшу тарихынан мәлiмет.
Еңбек қауiпсiздiгi және оқушының жекебас гигиенасы ережелерiн сақтау.